Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі


Slide 1

«Ата-аналарға рухани- адамгершілік білім берудегі өзін-өзі тану мұғалімінің ролі »

Дайындаған:

Ақжайық ауданы Бітік ОЖББМБ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Мирманова Толганай Сериккалиевна

Slide 2

Ата-аналар жиналысының үлгісі

Тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар -отбасы тәрбиесінің негізі»

Жоспары:

1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының тарихи негіздері.

2. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар.

3. Ата-аналардың рөлі (қыз балалардың тәрбиесі, ұл балалардың тәрбиесі)

Slide 3

1. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» 2. Тренинг. Молекула

Slide 4

Классиктер рухани-адамгершілік білім беру туралы

“Барлық адамға өзін - өзі танып, ақылды болу қабілеті берілген”

Гераклит Эфесский

(483-544 б. д. д)

Ежелгі философ

“Өзіңе жақын адамның махаббаты - бұл үйлесімділік, кеңдік, бостандық. Жан - жағыңа күлімсіре”

Януш Корчак

(1878 1942)

“Білімнің ең биік мұраты- теория емес, тәжірибе яғни өмір сүру өнеріне үйрету”

Сокра́т

(399 - 469 ж. б. д. д)

Ежелгі философ

Slide 5

Алтынсарин Ыбырай /1841-1889/

«Мен қазақ жастары-ның классикалық гимназия-ларда, ауыл шаруашы-лық академияларында оқып білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін»

Абай Құнанбаев

( 1845-1904)

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен озбақ. Одан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі- ақымақтық»

Шәкәрім Құдайбердіұлы

(1858-1931)

Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады, олар барлығынан басым болатын-адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек”

Slide 6

“Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қайырымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс”

Сара Алпысқызы

Slide 7

“Өзін - өзі тану” пәнін оқытудың шарттары

Мектепте сүйіспеншілік, сенім, шабытты, шығармашылықты, өзіңді - өзің зерттеу, өзіңді түйсікпен ұғынуды дамыту атмосферасын құру үшін жағдай жасау.

Рухани - адамгершілік білім беруді мектептің тұтастай педагогикалық үдерісімен ықпалдастыру.

Рухани - адамгершілік білім беру үдерісінде тек қана оң және ізгі әдістерді қолдану қажеттілігі.

Slide 8

Т. И. Петракова (пед. ғыл. д. профессор МПедМУ) ұсынған құндылықтар жүйесінің жүктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.

Табиғи құндылықтар - бұл адамның күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл - ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы)

Жүре пайда болған құндылықтар - бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т. б)

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Slide 9

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар

Бұл ұлтына, нәсіліне, қоршаған ортаға және уақыт өзгерісіне тәуелді емес. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бірін-бірі біріктіре отырып, адамның рухани бірлігінің негізі мен оның мәдениетін құрайды.

Жалпыадамзаттық құндылықтар:

АҚИҚАТ, ДҰРЫС ӘРЕКЕТ, ТЫНЫШТЫҚ, СҮЙІСПЕНШІЛІК, ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ.

Slide 10 Slide 11

Жалпыадамзаттық құндылықтар Қиянат жасамау Тыныштық Дұрыс әрекет Сүйіспеншілік Ақиқат

Slide 12

Ақиқат сөз - ащы дәрі, сескентсе де ем. Ақиқат аяушылық тілемейді. Ақиқат сөзде алалық жоқ. Төле би Ақиқат - өмірдің рухани негізі, ол мәңгілік. Ақиқат адамға көрінбейді, оны адам өзі іздейді, жүрегі және ақылын тыңдап оған көзін жеткізеді.

Slide 13

- Әр адамның бойында бар Ар-Ұждан даусын ажырату және ести білу қабілетін ояту. - Күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету санасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және амалдарын бекіту.

Дұрыс әрекеттің мақсаты:

Slide 14

Дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылық ретінде «Мен осы жерде немесе тап қазір» күйіне түсу мүмкіндігіне бақыт көремін, осы күйге түскенде біз өзімізді түсінеміз, біз Бармыз, Мен -Бармын. . . Мен болу - әрқашан бақыт. . . бақытты өмір сүрудің Ұлы ғылымы тек қана тап қазір өмір сүру болып табылады. Пифогор (б. э. д. 570-490ж. ж. )

Slide 15

Ішкі тыныштық пен үйлесімділікке жету - әр адамның, әр отбасының, әр мемлекеттің және күллі адамзаттың негізгі тілегі. Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Тек сана ғана уайымсыз тыныштықты қамтамасыз етеді. Сенека Луций Анней

Slide 16

Сүйіспеншілік құндылығы- бұл барлық жүректерді, барлық тіршілікті, барлық кезеңдерді, барлық ұлттарды, барлық діндерді, күллі табиғат пен бүкіл ғаламды біріктіруші құндылық. Я. А. Коменский “. . . алдымен сүю керек, сонан соң оқыту қажет. . . ” Ілияс Есенберлин «Қандай адам болмасын, оның өмірі бөтендердің өмірімен байланысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Жер, Су-бәрі бірімен бірі үзілместей болып шиеленіскен. Күндіз Жер жоқ, Жерсіз Су жоқ. Бұл-табиғаттың гармониясы. Адамды адам етіп жаратқан да сол- махаббат гармониясы. Кісі бірін-бірі жек көруден емес, жақсы көруден көркейеді, өрісі кеңиді. Бұл -адамзаттың бақытының негізі». Абай Құнанбаев -Адамда негізгі екі қасиет болуы тиіс - Адалдық және Махаббат. . . - Адамның жақсысы - Адамға сүйіспеншілікпен қарағандар.

Slide 17

Өзін-өзі танудағы сүйіспеншілік ұстанымы: Өзін-өзі тану сабағында талап етуден гөрі көмектесу, үйретуден бұрын сүю маңызды. -Сабақты сүйіспеншілікпен жүргізу үдерісі нәтижеден де маңызды. -Рухани-адамгершілік білім-бұл ішкі жан дүниедегі оқиға. Адамның жан дүниесі сүйіспеншілікке ғана ашылады.

Slide 18

Қиянат жасамау - кең ұғым, басқаға зиян келтірмей өмір сүру. Тіпті ойша да адамға жамандық тілеуге болмайды. Жамандық ойласақ, қиянат жасау деген осы екен. Яғни, ол бәрібір «жаңғырық заңы» бойынша өзіңе келеді. Сондықтан оймен де, сөзбен де, іспен де қиянат жасамай, ешкімнің ала жібін аттамай өмір сүру керек. Қиянат жасамау дегеніміз - дұрыс әрекет ету. Дұрыс әрекет ету - бұл ойы, сөзі, ісі бір жерден шығу деген сөз, яғни, парасаттылық көрсету. Ал парасаттылық - ақыл мен жүректің қосылуынан шығады. «Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды». «Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам». Шәкәрім Құдайбердіұлы

Slide 19

Отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі: Отбасында - әке басты рөл атқарады. Ер адам - білім, даналық пен тәртіптің үлгісі. Ер адам жары мен балаларын қорғап, денсаулығы мен білім алуындағы отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруды қажет.

Slide 20

Даналық ер азаматтың қуаты, ал адалдық- бұл әйел табиғатының мәні. Басқаша айтқанда, әйел сүйіспеншілік пен адалдыққа үйретеді. Ал ер азаматтың мінез- құлығы тәртіптілік пен даналыққа үйретеді. Әйел - отбасының ішкі қуаты, сондықтан да ол балаға оның ішкі қуаты, сондықтан да ол балаға оның ішкі әлемінің сұлулығын сүйіспеншілік, тыныштық және сенім арқылы ашып көрсетеді. Ер азамат- отбасының сыртқы қуаты, сондықтан да ол баласын сыртқы әлеммен таныстырып, оны ақиқатқа және дұрыс әрекетке үйретеді.

Slide 21

Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі Бала өмірінің алғашқы бес жылында міндетті түрде анасымен болуы керек. Ана өзінің міндетін өзгелерге аудара салмауы тиіс (ата- әжесіне, күтушіге, балабақшаға) Өте ерте жастан тәрбиеге әлеуметтік мекемелерге берілген балалар анасы ғана бере алатын мейірімнен, жылылықтан, ізгіліктен, сүйіспеншіліктен кенде қалады. Егер әйел өз үйін жұмыс үшін тастаса, ондай үй шаруашылығын жүргізеді. ? Тіпті олардың қаржылық жағдайы жақсарса да, үйде басқа қиыншылықтар пайда болады. Үйде анасыз иесіз қалғандай көрінеді.

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Ана тәрбиесі
Қария сөзі - тәрбие көзі
Бала тәрбиесінің педагогикалық алғышарттарын анықтау
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА - АНАНЫҢ РӨЛІ
Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастардың рөлі мен маңызы
Адамның бір қызығы бала деген
Мектеппен қарым - қатынастың тиімді модельдерін іздестіру
Отбасындағы гендерлік рөлдер
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі және мектеппен байланысы
Отбасының суреті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz