Жорғалаушылар класының отрядтары


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класы

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды жорғалаушылардың құрылысының, тіршілік әрекетінің ерекшеліктерімен, сан алуан түрлерімен таныстыру

Тәрбиелік: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, адамгершілік қасиеттерін арттыру

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін және есте сақтау қабілеттерін дамыту

Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік

Сабақтың типі: ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: презентация, кесте, сызба-нұсқалар, сөзжұмбақ

Slide 3

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин)

Үй тапсырмасын сұрау: (10 мин)

Жаңа сабақты түсіндіру: (25 мин)

Жаңа сабақты бекіту: (5 мин)

Үй тапсырмасы: (1 мин)

Оқушыларды бағалау: (2 мин)

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме?

Сыныпта кім кезекші?

Сабақта кім жоқ?

Slide 4

Үй тапсырмасын тексеру:

Slide 5

II. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

Алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарларды не деп атаймыз?

Қазіргі кезде қосмекенділердің неше мыңнан астам түрі кездеседі?

Қосмекенділердің терісі қандай болады?

Тоқ ішектің соңғы бөлігі не деп аталады?

Аяқсыз қосмекенділердің 200-дей түрі қай жерлерде тіршілік етеді?

Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі

Құрбақалардың түсі қандай болады?

Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында қандай бақа таралған?

Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны не деп атайды?

Қосмекенділер немен қоректенеді?

Slide 6

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жорғалаушылар - нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8000-ға жуық түрлері бар.

Жорғалаушылар: кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, крокодилдер, т. б. жатады.

Герпетология - жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.

Slide 7

Жорғалаушылардың дене құрылысы

Slide 8

Жорғалаушылардың қаңқасы

Slide 9

Жорғалаушылардың омыртқа жотасы

Slide 10

Жорғалаушылар

Тыныс алу мүшесі- өкпе

Қан айналу жүйесі - жүрегі үш қуысты (екі жүрекше, бір қарынша, қарыншасының арасын жартылай перде екіге бөлген)

Зәр шығару жүйесі - бүйрек, екі несепағар түтігі, қуық, клоака Жүйке жүйесіндегі ми құрылысы күрделілеу

Алдыңғы ми сыңарларының сыртында жүйке жасушаларының шоғыры пайда болған. Аралық мида төбе көзі орналасқан.

Slide 11

Жорғалаушылардың сезім мүшелері

Slide 12

Жорғалаушылардың есту мүшесі

Slide 13

Жорғалаушылар класының отрядтары

Slide 14

Тұмсықбастылар отряды. Өкілі -Гаттерия Гаттерия-дене тұрқы 75 см, салмағы - 0, 5-1 кг. Жонында және құйрығының үстіңгі жағында үшбұрышты қабыршақтардан тұратын жалы бар. Төбе тұсында (екі көзінің ортасында) ерекше төбе көзі бар. Сондықтан оны кейде үшкөзді гаттерия деп те атайды. Жыныстық жетілуі 20 жыл, 8-15 жұмыртқа салады, ұрықтың жетілуі 12-15 ай. 50 жылдан астам өмір сүреді.

Slide 15

Қабыршақтылар отряды:

Денесі екі бүйірінен қысыңқы, мойны қысқа, құйрығы ұзын.

Денесінің түсі тез өзгеретіндіктен, бұлар құбылғылар деп аталған.

Африка мен Мадагаскар аралында кеңінен таралған.

Ағаш басында тіршілік етеді.

Slide 16

Тасбақалар отряды :

Денесі мүйізді сауытпен қапталған.

Қазақстанда дала және батпақ тасбақалары кездеседі.

Дала тасбақасы Қазақстанның оңтүстік құрғақ далалы, шөлейтті аймағында кеңінен таралған. Сауыты қоңырқай сарғыш түсті. Аяқтары 4 саусақтан тұрады.

Аталығы 11-12 жылда, аналығы 12-13 жылда.

Slide 17

Тасбақалар отряды : Батпақ тасбақасы

Slide 18

Крокодилдер отряды :

Халқымыз крокодилді - «тәмсақ», аллигаторды «қолтырауын» деп атаған.

Тістерінің саны көп. Жүрегі 4 қуысты.

Терісі қымбат бағаланады, сондықтан арнайы фермаларда қолдан өсіреді.

Slide 19

Жаңа сабақты бекіту:

I. Сөзжұмбақты шешіңдер.

1. Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі

2. Гаттерия өте ертеден бері тіршілік етіп келе жатқандықтан, ол қалай аталады?

3. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым

4. Жорғалаушылардың терісі қандай?

5. Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі неге ұқсас

Slide 20

1. Ж

2. Ы

3. Л

4. А

5. Н

Slide 21

II. 1. Тұмсықбастылар отрядының өкілі

2. Қабыршақтылар отрядының өкілі

3. Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі

4. Қай отрядта жануарлардың денесі мүйізді сауытпен қапталған?

5. Құбылғылар қай аралда кеңінен таралған

6. Қай тасбақа Қазақстанның оңтүстік құрғақ далалы, шөлейтті аймағында кеңінен таралған

7. Халқымыз крокодилді не деп атаған?

Slide 22

Т

А

С

Б

А

Қ

А

Slide 23

Үй тапсырмасы:

Жорғалаушылар класын оқып келу

Оқушыларды бағалау:

Оқушыларды еңбектеріне сай бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Органикалық әлемнің қалыптасуы мен дамуы
Қолтырауындардың тұрқы
Кене ( Acarіna )
Жорғалаушылар - құрлықта тіршілік ететін алғашқы омыртқалы жануарлар
Шеміршекті балықтар Сүйекті балықтар
Аңдар ресурстары
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы ілім тарауы бойынша қорытындылау
Медициналық қалдық кластары
Сүйекті балықтардың жіктелуі
Медициналық қалдықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz