Бензолдың химиялық қасиеттері


Slide 1 Slide 2

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Көмірсутектер дегеніміз не, олар қалай жіктеледі?

2. Олардың бір- бірінен айырмашылығы неде? 3. Көмірсутек молекулаларының модельдерін дайындау (метан, этилен, ацетилен)

4. Мына айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар

CaC2 C2H2 CO2 CaCO3

5. Көмірсутектегі көміртек пен сутектің массалық үлестері сәйкесінше 75% және 25%. Көмірсутектің оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 0, 5. Заттың молекулалық формуласын анықтаңдар. 6. СaСО3 СaО СaС2 НС ≡ СН Н2CO3

7. Алкиндер (ацетилен) туралы әңгіме құрастырыңдар:

құрылым формуласы, жалпы формуласы, жұрнағы, физикалық қасиеттері, алынуы, химиялық қасиеттері, қолданылуы

Slide 3

Сызықтық диктант “иә”+”жоқ”-

І бөлім «Ой қозғау кезеңі»

1. С2H2-ацетилен

2. Этан-ацетиленді көмірсутектер

3. Екі изомері бар

4. Түссіз, иіссіз газ

5. Көп күйе бөлмейді

6. Металды кесуге пайдаланады

7. Кальций карбидінен алады

8. Қос байланысы бар

9. Сумен әрекеттеседі

10. Ацетилен алкиндер тобына жатады.

Slide 4

Оқыту ұстанымы: «Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім»деген Л. Толстой

ІІ. Мағынаны тану

Молекула құрамында бензол сақинасы бар жалпы формуласы Cn H2n-6 болатын карбоциклді көмірсутектер. Оларды арендер деп атайды. Ароматты сөзінен ар-, молекуласындағы қос байланыста болғандықтан-ен жұрнағы жалғанады. Бұл қатардың алғаш табылған өкілдері хош иісті болғандықтан, гомологтық қатар осылай аталған. Ароматтылықтың белгісі - молекула құрамында бензол ядросының немесе бензол сақинасының болуы.

Slide 5

Сатылай кешенді талдау

Арендер туралы әңгіме құрастыр (оқулықпен жұмыс)

Құрылым формуласы

Жалпы формуласы

Жұрнағы

Бензолдың

физикалық қасиеті

Бензолдың алынуы

Бензолдың химиялық

қасиеттері

Қолданылуы

Slide 6

a ) жану :2C6H6+15O2 12CO2+ 6H2O

H2C

H2C CH2

ә) қосылу реакциясы: C6H6+3H2 Pt

H2C CH2

H2C

циклогексан

б) орын басу реакциясы C6H6+CI2 C6H5CI+ HCI

хлорбензол

Химиялық қасиеттері

Slide 7

Бекіту сұрақтары: (Интерактивті тақтамен жұмыс) 1. Нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзілетінін ескеріп, бензолдың жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.

2. Көмірсутектердің қандай түрлерін білдік, әрқайсысына мысал келтіріңдер.

3. Бензол (С6Н6) мен циклогексанның (С6Н12) толық жану реакцияларының теңдеулерін жазып, бөлінетін көмірқышқыл газының көлемдерін салыстырыңдар.

Slide 8

СИНКВЕЙН 1 жол - зат есім (синквейн тақырыбы) 2 жол - екі сын есім (синквейн тақырыбын ашатын) 3 жол - үш үстеу (қозғалысты сипаттайды) 4 жол - сөйлем н\е фраза (тақырыпқа байланысты айтылған) 5 жол - синоним (резюме-сөз)

1 жол - бензол

2 жол - хош иісті, түссіз сұйықтық

3 жол - жанады, ерімейді, қосылады

4 жол - Ароматты көмірсутектердің ең қарапайым өкілі

5 жол - арен

Slide 9

Есеп шығару

1. Төмендегі берілген заттардың қайсылары ароматты көмірсутекке жатады: а) С6Н14 ә) С6Н6 б) С6Н12 в) С6Н10

2. Мына айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулдерін жазыңдар және алынған заттарды атаңдар. С2Н6 →С2Н4→С2Н2→С6Н6→СО2

Slide 10

Сенесің бе, сенбейсің бе ? «Иә» ˆ, «жоқ -» деп жауап береді.

1. Бензол-ароматты көмірсутек

2. Ароматты сөзі-жағымсыз.

3. Оттегімен әрекеттеспейді .

4. Хлормен әрекеттеседі.

5. Халықаралық атауы-арендер

6. Молекула құрамында бензол ядросының болуы

7. Ацетиленнен алынады

8. Толуол гомологы

9. Бензол улы сұйықтық

10. Бензолдан әртүрлі бояулар, пластмассалар алынады

Slide 11

Жұмбақ әңгіме

Мен туралы аңыз әңгіме көп. Өзіме тән иісім бар. Тез оталамын. Улы сұйықтықпын. Ольга деген орыс қызына үйленіп, әрекеттесемін. Мен Халықпен өте тығыз араласамын. Менен әр түрлі бояулар, дәрі-дәрмектер . пластмассалар, қопарғыш заттар алады. Өзіме жақын досым бар-Толыбай. Құрамым бірдей. Мен және менің туыстарым кімдер?

Жауаптары : Ольга -оттек, Халық-хлор, Толыбай-толуол, бензол және оның гомологтары туралы айтылған.

Slide 12

Сөзжұмбақ шешу.

1. Қаныққан көмірсутектің 4-ші өкілі

2. Қанықпаған көмірсутектердің жұрнағы

3. Ароматты көмірсутек қалай аталады?

4. Мұнайдан алынатын өнім

5. Бензолдың туысы

6. Бензол қандай сұйықтық

Сөзжұмбақты шешкенде ароматты көмірсутектің өкілі аты шығады

Жауаптары:

1-бутан, 2-ен, 3-арен, 4-бензин, 5-толуол, 6-улы

Сөзжұмбақ» «Бензол»

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ АЛЫНУЫ
Бензол молекуласының құрылысы
Бензол молекуласы жазық пішінді
Ароматты көмірсутек туындылары
ҚАНЫҚПАҒАН КӨМІРСУТЕКТЕРДІҢ ГАЛОГЕНТУЫНДЫЛАРЫ
Фолий қышқылы
Органикалық химияның күрделі қосылыстары
Гетероциклді қосылыстардың химиялық қасиеттер
Бір атомды фенолдар
Ароматты қосылыстар және олардың туындылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz