Айырымын табыңдар



Арифметикалық
прогрессия

Ежелгі замандардан бастап адамзат арифметикалық прогрессияның заңдылықта-рын қолдана білген. Мәселен, Біздің заманымыз-ға дейінгі ежелгі вавилондықтардың сына жазу (клинопись) кестелерінде, ежелгі мысырлық және гректердің папирустарында арифметика-лық прогрессияға көптеген мысалдар кездеседі.
VIғ. б. з. д. Ежелгі Вовилонда топырақтан жасалған кесте

Мақсаты:
а) Арифметикалық прогрессияның анықтамасын
меңгеріп, n-ші мүшесінің формуласын меңгеріп,
есептер шығаруға қолдана білуге үйрету. АКТ-ны
пайдаланып жаңа сабақ түсіндіру.
ә) Теориялық білімін практикада ұштастыра отырып,
ойлау қабілеттерін, танымын, пәнге қызығушылы-
ғын арттыру, АКТ-ны пайдалануға баулу.
б) Оқушының белсенділігін арттыру, өз бетінше
оқуға, ізденуге тәрбиелеу.

а1=0, ал келесі мүшелері алдыңғы мүшесіне 2-ні қосқанда шығатын тізбекті жазайық: а1=0, а2=0+2=2, a3=2+2=4, a4=2+4=6, ……
а1=0, an+1=an+2

Екінші мүшесінен бастап кез келген мүшесі өзінің алдыңғы мүшесіне тұрақты d санын қосқанда шығатын сандық тізбек арифметикалық прогрессия, ал d саны - арифметикалық прогрессияның айырымы деп аталады.

Арифметикалық прогрессияның көршілес екі мүшесінің айырымы
тұрақты d санына тең:
а2-а1=a3-a2=a4-a3=…=an+1-an=…=d

Арифметикалық прогрессия айырымы оң сан болғанда - өспелі, ал теріс сан болғанда - кемімелі деп аталады.

Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесі мен d айырымы берілсе:
а2=a1+d;
a3= а2+d=(a1+d) +d=a1+2d;
а4= а3+d=(a1+2d) +d= a1+3d;
a5= а4+d=(a1+3d) +d= a1+4d;
.
an=an-1+d=a1+(n-2) d+d= a1+(n-1) d.
Сонымен,
an=a1+(n-1) d - n-ші мүшесінің формуласы

Арифметикалық прогрессияның қатарлас үш мүшесінің ортаңғысы екі шеткі үш мүшелерінің арифметикалық орташасына тең.

1-мысал. а1=3, 5 және d =1, 5 болатын арифметикалық прогрессияның 100-мүшесін табайық:
а100=3, 5+1, 5(100-1) =3, 5+148, 5=152.
Жауабы: 152
2-мысал. 6, 10, 14, . . . арифметикалық прогрессиясының кез келген мүшесін анықтайтын формуланы табайық.
Арифметикалық прогрессияның айырымы d=10-6=4, а1=6 болатындықтан, (1) формуласы бойынша
an= а1+(n-1) . d=6+(n-1) . 4=4n+2
Жауабы: an=4n+2

Ауызша жаттығу
а1=5 d =2 а2=?
а1=31 d = -5 а2=?
а1=1, 5 d =3 а2=?
а1=4 d =1, 5 а2=?
7
26
4, 5
5, 5

Тест
1. Тізбек an=55-4n формасымен берілген. Тізбектің 15-ке тең мүшесінің нөмірін табыңдар.
A) 10 B) 6 C) 5 D) 20
2. Арифметикалық прогрессияның a1-і мүшесін табыңдар: d=1, 5, a2=3, 5.
A) 0 B) 1 C) 2 D) 3
3. an арифметикалық прогрессиясында a1=7, a2=11. Айырымын табыңдар.
A) 1 B) 2 C) 3 D) 4
4. an арифметикалық прогрессиясының a1=16, a8=37. Арифметикалық прогрессияның айырымын табыңдар.
A) 8 B) 7 C) 3 D) 11
5. Арифметикалық прогрессияның а9-ы мүшесін табыңдар: a1=4, d=1
A) 12 B) 11 C) 10 D) 9
Дұрыс
Дұрыс
Дұрыс
Дұрыс
Дұрыс

XXI ғасыр бұл
Адамзат қайда барады?
Үйретіліп техника, космос
Игерілді жұлдыз, ай, ғарыш
Математиктерді шақырады
Әйгілі біздің бұл ұран
Прогрессия-өрлеу, ілгері қозғалыс.

Үй тапсырмасы:
§11, ереже, формула жаттау, №192(4),
№199(3, 4), №200
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz