Біріккен сөз тақырыбы бойынша бастауыш сынып сабақ жоспары


Slide 1

Біріккен сөз

Тақырыбы

Slide 2

Тұрарова Сымбат Жұматайқызы

ШҚО

Тарбағатай ауданы

Тана мырза орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Slide 3

Мақсаты

Біріккен сөз туралы ұғыммен таныстыра отырып, білім, біліктерін қалыптастыру.

Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлау қабілеттерін және сөздік қорларын дамыту.

Топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіру.

Slide 4

Сабақтың өтілу моделі

Slide 5

Арнау сөз:

Мұралардың ең қымбаттысы -сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суы көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.

Ғ. Мұстафин

Тілек айту.

Жүректен жүрекке.

Аспанымыз ашық болсын! -Көк туымыз биік болсын! -Еліміз тыныш болсын!

Slide 6

І топ. «Алғырлар» ІІ топ. «Білімділер»

Slide 7

Блиц - турнир.

Әр топқа 5 сұрақтан

І топ.

1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

2. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

3. Мағынасы жуық сөздер дегеніміз не?

4. Бір тұрақты сөз тіркесін айт?

5. Күрделі сөз дегеніміз не?

Slide 8

Блиц - турнир.

Әр топқа 5 сұрақтан

ІІ топ.

1. Қыстырма сөз дегеніміз не?

2. Қандай тарауды өтіп жатырмыз?

3. Мағынасы қарама- қарсы сөздер дегеніміз не?

4. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

5. Күрделі сөз түрлерін айт?

Slide 9

Traffic Lights «Бағдаршам»

Түсінгенін білу үшін қолданыңыз.

Мысалы:

Қызыл түс - түсінген жоқпын;

Сары түс - әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

Жасыл түс - барлығы түсінікті.

Back to AFL Tools

Slide 10

Жаңа сабақ

Slide 11

Өткен сабақта Сөзстан деген елде бір ақсақал өмір сүргенін айттық. Оның аты күрделі сөз екеніміен таныстық. Осы ақсақалдың үш ұлы бар екен. Оның аттары: Біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз. Біріккен сөз ынтымақта татулықта өмір сүріпті. Балалары да тату болып, бірі- бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен, біз бүгін Күрделі сөз ақсақалдың біррікен сөз деген ұлының өмір тарихымен танысамыз. Ол үшін шағын көрініс тамашалайық.

Slide 12

Көрініс: Айна мен Гүл

Тапсырма: Гүл шоғын жасау.

Slide 13

Оқулықпен жұмыс 9- жаттығу. Көшіріп жаз.

Slide 14

Аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тасбақа, жолбарыс, саңырауқұлақ, көкқұтан, бәйшешек, бәйтерек, аққу т. б.

- Географиялық атаулар: Жетіқарақшы, Темірқазық, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, Талдықорған

- Кісі аттары: Айгүл, Гүлсезім, Айжан, Біржан, Ержант. б.

- Дене мүшелері: асқазан, ұлтабар, сегізкөз, тоқішек, мойыномыртқа т. б.

- Ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел т. б.

- Ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, доптаяқ, орынсатпақ т. б.

- Мезгілге байланысты атаулар:былтыр, қыстыгүні, жазғытұрым т. б.

- Қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар: баспасөз, қолбасшы, кәсіпорын, шекара, отағасы, ақсақал т. б.

Біріккен сөзге жататын атаулар

Slide 15

І топ. 10-жатттығу.

Кемпірқосақ өлеңін оқып жатқа жаз.

ІІ топ. 11- жаттығу.

Біріккен сөзді қатыстырып, сөйлем құра.

Топпен жұмыс

Slide 16

Топтық жұмыс

І топ.

Төрт сөйлем тәсілі.

Біріккен сөз туралы оқығанын дәлелдеу.

ІІ топ. Тұжырым кестесі.

Табамыз

(Біріккен сөз)

Ойлаймыз

(сол туралы айту)

Қолданамыз

(сөйлем құрау)

Slide 17

13-жаттығу.

Хайуанаттар бағына саяхат

тақырыбына әңгіме құрау.

Әңгімеге біріккен сөзді қатыстыру.

Суретпен жұмыс

Slide 18

І топ. Сәйкестендіру тесті.

«Менің бағытым»

ІІ топ. «Жоғалған сөздерді тап!»

мүйіз

бақан

суық

қазан

көл

барыс

жол

қу

алты

торғай

ақ

қарақшы

жеті

тұмсық

бір

сүйек

ақ

бақа

Slide 19

Табылған сөздер:

Мүйізтұмсық, суықторғай, көлбақа, жолбарыс, алтыбақан, жетіқарақшы, бірқазан, аққу, ақсүйек.

Slide 20 Slide 21

Анаграмма.

І топ.

Бірінші түбір сөз- сан.

Екінші түбір сөз- сұйық зат.

Екеуін қосып оқысаң,

Жерге қойылған ат.

ІІ топ.

Бірінші түбір сөз- түс.

Екінші түбір сөз- құс.

Екі түбір сөзді қоссаң,

Шығады тағы құс.

Slide 22

Балапан бағдарламасы

Бүгін көгілдір экранда қандай бағдарлама болатынын көрейік. Егер осы бағдарламада біріккен сөз болса қол соғайық.

0630- Әнұран.

0700- Таңшолпан.

0800-Тілашар.

1000- Көзайым.

1100- Балбұлақ.

1200 - Алдаркөсе.

Slide 23

Сабақты қорыту

«Венн» салыстыру

Біріккен сөз

Күрделі сөз

Slide 24 Slide 25 Slide 26

Үйге тапсырма

Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Біріккен сөзден алған білімді, Ұмытпай есте сақтап алайық.

І топ. 12- жаттығу.

ІІ топ. 14- жаттығу.

Slide 27

Назарыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
3-сынып қазақ тілі: Бастауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары мен жаттығулары
Біріккен сөздер тақырыбы бойынша сабақ жоспары (Қ.Топаев атындағы орта мектеп, Ақшығанақ ауылы)
2-сынып қазақ тілі: Жұрнақ тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Көктем тақырыбы бойынша бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Біріккен сөздер және емле ережелері
Бастауыш сыныпқа арналған сан есім тақырыбы бойынша аралас сабақ жоспары
10-сынып физика: Идеал газ тақырыбы бойынша сабақ жоспары мен есеп-тапсырмалары
№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сыныптарына арналған Құстар тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Болымды және болымсыз етістік тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Зат есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары мен жаттығулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz