Қазақ тілі әлемі сайысы




Презентация қосу
Қазақ тілі әлемі»
сайысы

Қостанай облысы, Қамысты ауданы, «Қамысты ауданы
әкімдігі білім беру бөлімінің №2 Қамысты орта мектебі» ММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Садақбаева Арай Қуанышқызы.
Мақсаты:
- оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған
білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.
- түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын,
ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін
жетілдіру.
- оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын
арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық
дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Сайыстың
кезеңдері:
1. «Таныстыру»
2. «Бәйге»
3. «Ойлы болсаң,озып көр»
4. «Жаңғырған салт-дәстүр»
5. «Бейнесұрақ»
І кезең
Таныстыру
Топтың өздерін таныстыруы
(сәлемдесу, ұран, төсбелгі)
ІІ кезең
Бәйге
(Сұрақтарға жауап беру)
І топтың сұрақтары:
1.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Оларды ата?
2.Қазақ тілінде екпіннің неше түрі бар? Оларды ата?
3. Қазақ тілінде неше септік бар? Қай септік буын үндестігіне бағынбайды? 4.
Аңдамай сөйлеген.....................
5. Әдеби тілдің нормаларын ата?
6. Темірқазық, қаптесер қандай сөздерге жатады?
7. 1802 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында туған ақын?
8. «Тыңдаушы жақ» жіктеу есімдігінің нешінші жағы?
9. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінің авторы?
10. Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар? Абайдың нешінші
қарасөзі?
11. 1893-1920 жылдары өмір сүрген ақын?
12. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді?
13 Адамгершілік,ақыл,қуаныш, сезім сөздері қандай зат есімдерге жатады?
14. –ншы,-інші жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім?
15. Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген желтоқсан көтерілісіне
қатысқан қазақ жастарының бірі?
ІІ топтың сұрақтары:
1.Сын есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Оларды ата?
2. Жалғаудың неше түрі бар?
3. Сөз сүйектен өтеді...................
4. Қолма-қол,көзбе-көз тарс-тарс қандай сөздерге жатады?
5. Есімдіктің неше түрі бар? оларды ата?
6. Шығыс септіктің жалғауы арқылы жалғанатын сан есімдер?
7. Көнерген сөздер нешеге бөлінеді оларды ата?
8. «Бөгде жақ» жіктеу есімдігінің нешінші жағы?
9. Мен-қазақ,қазақпын деп мақтанамын
Ұранға «Алаш»деген атты аламын Кімнің өлеңі?
10. «Жолама қулар маңайға» өлеңінің авторы?
11. 1894-1938 жылдары дүниеге келген эпик ақынды ата?
12. «Қырық мысал», «Маса» жинағының авторы?
13. Екі рет қажыға барып,орыс әдебиетінің ұлы классигі Л.Н. Толстоймен
пікірлесіп,хат жазысқан ғұлама?
14. 1894 жылы Қостанай облысы Таран ауданында дүниеге келген кім?
15. 16 желтоқсанға қатысқан қазақ жастарын ата?
ІІІ кезең
«Ойлы болсаң,озып көр»
(жұмбақтардың жауабын тауып,
үш тілде айту)
І топ
1.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп.
2.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.
3.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
ІІ топ
1. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
2. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.
3.Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен.
4.Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.
ІV кезең

«Жаңғырған салт-дәстүр»
(сұрақтарға жауап беру)
І топтың сұрақтары:

Жеті
жұтты
ата?
ІІ топтың сұрақтары:

Жеті
қат көкті
ата?
V кезең

«Бейнесұрақ»
(капитандар сайысы)
Жеміпаздарды
марапаттау

Ұқсас жұмыстар
“Қобыланды батыр” жырындағы кейіпкерлер әлемі
АТАМЕКЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қобыланды батыр жырындағы кейіпкерлер әлемі туралы ақпарат
Химия әлемі
Командаларды таныстыру
Білімпаздар тобы
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Қазақ тілі Математика Ағылшын тілі
Күндер тобы
Бар ізгілік тек білімнен алынар, білімменен аспанға жол салынар
Пәндер