Мәдениет саласында жетістіктерімізді саралау




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 2011
жылдың желтоқсаныда өткізілетін «20 жыл толды тәуелсіздік
таңына» атты дөңгелек стол
Ережесі.
Дөңгелек столдың мақсаты: Тәуелсіздік тарихына жалпы шолу,
тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, дербес мемлекет құрғаннан кейін
тынысымызды танытатын басты жетістіктерімізді насихаттау арқылы
білімдерін тереңдету.
Білімділігі:
Тәрбиелілігі: Отанын сүюге, адамгершілікке, инабатылыққа, ұлт
жандылыққа халқын қастерлеуге, тарихын сүюге, парасаттылыққа, ғылыми
дүние танымын, көзқарастары мен сенімін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқытушылардың жан-жақты ойлау қабілетін
дамыту, қисынды және қысқа сөйлеу дағдыларына үйрету, ынтасын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта.
Пән аралық байланыс: тарих, әлеумет, саясаттану, мәдениеттану,
философия, экономика, құқықтану.
Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
а) тақырыпқа бейімдеу.
ә) мақсатын айту.
Кіріспе сөз. (Самбетов С).
І бөлім. Дөңгелек стол барысында қозғалатын мәселелер:
1. Тәуелсіздік тарихы.
2. 1991-2011 ж.ж. Қ.Р-ның әлеуметтік жағдайы.
3. Қазақстан халқының әл-ауқаты туралы.
4. Қазақстан халқының демографиялық және денсаулық жағдайы.
5. Мәдениет саласында жетістіктерімізді саралау.
6. Жастар еліміздің болашағы.
ІІ бөлім. (Әдеби сазды бөлім).
Тәуелсіздік текке бізге келмеген
Талай бабам қанын төгіп терлеген,
Сонда дағы қасиетті Қазағым.
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр басты арманы,
Өткені мен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр көк байрағы Қазақтың
Егеменді тәуелсіздік алғалы!
Қорытынды:
Қ.Р-ның тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай елдің тарихы әлеуметтік жағдайы,
қайта оралған мәденеті біз ашық дөңгелек столымызда дәріптеп, ертеңгі
болашағымызды түгендеп оқушылардың санасына жеткіздік. Бүгінгі таңда
Евразия жерінде үлкен ел, жеке мемлекет болып отырған қазақ халқы. Осы кең
байтақ аймақта тамыры терең де жатқан іргелі ел. Қазақ халқы өзінің кең
даласы сияқты мәрттігімен, жүздеген ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп
отыр. Қорыта айтқанда осы аталған іс-шарамыз, халқымыздыңғ
президентіміздің көрегендігінің жетістіктері. Осы бүгінгі болған дөңгелек
столымызға жиналған қатысушыларымызға рахмет.
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру

Сәлеметсіздер құрметті ұстаздар және жиналған қауым бүгінгі
дөңгелек үстелдегі қарайтын негізгі мәселем: Қазақстан
Республикасының Әл-ауқаты жайлы болып отыр.
Тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың істеп жатқан шаруамыздың
барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-
ауқатының артуы үшін жасалуда.
Қазақстандықтардың, Қазақстан қоғамының барлық жіктерімен
әлеуметтік топтарының әлеуметтік көңіл-күйін ұдайы жақсарта түсу мемлекет
саясатының алдыңғы сапында болып келді және осылай болып қала береді.
Өмір сапасының стандарттары адам капиталын дамытудың және
Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық құралына айналуға тиіс,
бұл ретте масылдық пиғылды орнықтыруға жол беруге болмайды.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және
еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған
жағдайда ғана тиімді бола алады. Бұл қағиданы біз бұрын да ұстанып келдік,
болашақта да одан ауытқымаймыз.
Мақтарал ауданының әлеуметтік
дамуы
Халық саны, адам (2011 жылдың 1 қазанына) 294 087
Туылғандар, адам (2011 жылғы қаңтар –қыркүйек) 7 037
Өлгендер адам (2011 жылғы қаңтар –қыркүйек) 1 324
Некелесу, оқиға (2011 жылғы қаңтар-қыркүйек) 1 997
Ажырасу, оқиға (2011 жылғы қаңтар-қыркүйек) 142
Жалақы, теңге (2011 жылғы қыркүйек) 54 969
Атаулы жалақы индексі (2011 жылғы қыркүйек) 122,2
Нақты жалақы индексі (2011 жылғы қыркүйек) 113,1
Бір айға есептелінген ең төменгі күнкөріс деңгейдің шамасы,
теңге (2011 жылғы қазан) 15 257
"Нұр Отан" партиясының 5 жылға арналған сайлауалды тұғырнамасына
сәйкес халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерінің тұрмыс деңгейін алдағы
уақытта да арттыра беру үшін бізде барлық негіз бар.
Жаңа үшжылдық бюджет:
- тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнет-ақылардың орташа мөлшерін
2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы - 25%, 2010 жылы - 25%
және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы
арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне
қарай 50% -ға дейін өсірілді;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік
жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9% арттыруды;
- сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы
жәрдемақыны 2010-2011 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2007
жылғы жәрдемақының мөлшерінен 2,5 есеге арттыруды;
- 2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы
жәрдемақылардың мөлшерін 2007 жылға қарағанда 4 еседен асыра өсіруді;
- бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы
2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы - 25%, 2010 жылы - 25%, 2011 жылы
30% арттыру қамтамасыз етілді;
- тарихи атажұртына көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл сайынғы
квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына
жеткізілді;
Білім беру саласының басты міндеті 2010 жылға дейінгі білім беруді
дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың
сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.
Бірінші. Білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай
білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің
тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтады.
Үстіміздегі жылы біз 68 мың оқушы орынға арналған 88 мектептің
құрылысын, ал 2009-2010 жылдары 69 мың оқушы орынға арналған тағы да 102
мектептер құрылды;
Екінші. Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана және
Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім
беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірленді. Бұл бағдарлама ел экономикасы
үшін барынша қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына
шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартылды.
Бұған, ең алдымен, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары,
яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді
түрде тартылуы қажет.
Үшінші. Үкімет "Тілдердің үш тұғырлылығы" мәдени жобасын іске
асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл
ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі
заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізілді. Мемлекеттік тілді
тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын,
аудио-бейне материалдарды әзірленді.
Қазақ тіліндегі оқулықтар шығаруға арналған тендерді үнемі жеңіп алатын
бір-екі баспа ғана бар. Сонда оқулықтардың сапасын жақсарту үшін қандай
бәсекелестік болмақ. Қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Олар
адамдарды қазақ тілін үйренуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға
жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылданды.
Төртінші. Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен
қамтамасыз етуде "бетбұрыс" жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде
бұл проблеманы терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірленді.
Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің
алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге басты назар аударылды. Және
бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға
арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз етілуде.
Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-
қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында Қазахстан
тәуелсіздігін алған 20 жыл ішінде барлық бағыттағы құқықтық таза әлеуметтік
экономикалық социомды құруда қиын жолдан өтті осы жылдары жүргізілген
реформалар өтпелі кезеңнің жағымсыз сандары жеңуге мүмкіндік берді және негізі
мақсаты халықты әл ауқатты арттыру болып табылаты кең ауқымды әлеуметтік
реформаға ауысыу базасын құрды. Әлеуметтік қорғауды Қазахстандық моделінің
ерекшесін базалық мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыруды міндетті әлеуметтік
сақтандыруды және әлеуметтік көмекті бір-бірімен қиюластыру болып табылады.
Жоспарлы түрде жүргізілгін әлеуметтік реформалар нәтижесінде халықтың әл-ауқаты
жақсаруда.
Қазақстан қоғамының өмір сүру сапасының жақсаруына еліміздің бүгінгі
күнге жеткен жетістіктері дәлел бола алады Қ.Р. статистика агенттігінің
ақпаратына сәйкес 2005-2010 ж табысты ең төменгі күн көріс деңейінен төмен
халықтың үлес 31,6 %-дан, 6,5% ке төленген.
Қ.Р зейнетақамен қамтамасыздандыру туралы
Қ.Р 1997ж 20 маусымдағы заңының 9 бабы 1. тармағында белгіленген
зейнеткерлік жасқа жеткен өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық
жағдайына байланысты стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге
мұқтаж «неке және отбасы туралы» Қ. Р 1998 ж 17 желтоқсандағы заңы бойынша
өздерінің ата аналарын (жарын) күтуге және қамқорлық көрісетуге міндетті кәмілетке
толған еңбекке қабілетті жастағы балалары (жары) жоқ және шынайы себептер бойынша
оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, 1,2
топтағы мүгедектегі онкологиялық, социологиялық сырқаты бар) туыстары бар
мүгедектердің және қарт адамдардың тәулік бойы уақытша немесе тұрақты тұруына
арналған.
Биылғы жолдауда әлеуметтік жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылып тұр
мұндағы басты мақсат халықтың әл әуқатын нығайту. Үкімет әлемдермен бірлесе
отырып биылғы 1 мамырға дейін мынадай, қағидалы түрде жаңа бағдармаларды яғни:
жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын тұрғын үй-комуналдық шаруашылықты
жаңғырту.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын жасап,
қабылдауды тапсырды. Бұл бағдарламалар елдің миллиондаған қарапайым адамдардың
күнбе-күнгі мәселелерін шешуге бағытталған. Үстіміздегі жылы зейнетақылар мен
степендиялар көлемін, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын 30 пайызға
өсірді.
Екі жыл қатарынан біз оларды 25% -ге ұлғайтылды. «Нұр Отан»
партиясының халықтық тұғырнамасында жоспарланғандай 2012 жылға қарай
зейнетақылардың және степендиялардың орташа көлемі 2008 ж салыстырғанда 2 есе
өседі. Бұл жылғы тапсырма бойынша үш жылдық бюджетті халыққа айқын
индустриялық иновациялық сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды, қаржылай
қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл таяудағы он жылдықта жасалуы тиіс
жұмыстардың ең аз деген мөлшері. Біз бұл жоспарды артығымен орындалуымыз тиіс.
Онжылдықтың басты әлеуметтік мақсаты міне осы. Үкімет осы істерді жүзеге
асыруда инвесторлардың күшін біріктіруді тапсырды.

103 “Акушер ісі” Досмамбетова Ф
Жетекшісі: Тайтенова Л.А.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халқының демографиялық және денсаулық жағдайы
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Ассамблеяның ХХІ сессиясында
Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті
БИБЛИОГРАФИЯНЫҢ ТАРИХИ ДАМУ
Мәдениет семиотикасы
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары
ҚАЗАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК ҒҰМЫРЫ ҰРПАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Грамматикалық жағынан қарасақ, жолдау сөзінің түбірі жол
Пәндер