Аяқ киім: түрлері, таңдау және гигиеналық күтім


Slide 1 Slide 2

Мақсаты:

а) Білімділік: Аяқ киім жайлы, олардың гигиеналық талаптарын түсіндіру;

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - танымдық, есте сақтау, іскерлік қабілеттерін арттыру;

б) Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, эстетикалық талғамдарын арттыру.

Slide 3

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: аяқ киім күтімі жөнінде әдемі суреттер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: биология, әдеп

Slide 4

Аяқ киім - адамның аяғына киюге арналған бұйым. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды.

Мәселен, аяқ киім ыңғайлы, берік, сәнді, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет. Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл - қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет. Жаңа аяқ киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек.

Аяқ киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы керек. Башпайдың аяқ киім тұмсығына сәл жетпей тұрғаны жөн. Мектеп оқушылары мен төменгі сынып оқушыларының аяқ киім өкшесінің биіктігі - 2-3 см. болуы шарт.

Өзіне үнемі қарап, сырт келбетін күту - әр адамның өзіне де, қоршаған ортаға да жағымды міндеті. Маусымдық қолданысқа қарай: жазғы, қысқы, көктемгі, күздік болып төрт топқа бөлінеді.

Slide 5

Етік - ертеде илеген теріден, бертінде былғарыдан киген. Былғарыдан тігілген етіктің қонышы ұзын болып келеді. Былғары етік қара, сары, қызыл түсті бояулармен боялады. Қыз-келіншектер қызыл түсті былғарыдан ою-өрнектеп тіктірген етік киген. Оны «сапиян етік» деп атайды. Ал мырза сал-сері жігіттер қара түсті былғарыдан, оюлатып етік киюді әдет еткен, оны «саптама етік» деп атаған.

Мәсі - аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы - өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Мәсіні ерлер де, әйелдер де киеді. Мәсіні жұмсақ былғарыдан немесе құрымнан тігеді.

Slide 6

Байпақ - жылы аяқ киім. Киізден жасалады, саптама етіктің ішінен киіледі. Байпақтың қонышы етіктің қонышынан ұзын болады, тізені жауып тұруы керек. Тізе басары былғарыдан, барқытпен, басқа да матамен көмкеріледі.

Slide 7

Аяқ киімді сатып алар кезіндегі ескерілетін талаптар:

Ыңғайлылығы;

Әдемілігі;

Мықтылығы;

Гигиеналығы.

Аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар:

Аяқ киім қан айналуға кедергі келтірмейтіндей болуы қажет;

Аяқ киім жеңіл, жұмсақ, иілгіш болуы керек;

Аяқ киім күтімі:

Аяқ киімді шешкен кезде үнемі тазалап отыру керек.

Slide 8 Slide 9

Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Себебі, адамның жолы болмайды, ырымға жатпайды.

Қазақ аяқ кимінің табанына қарамайды. Аяқтың баспайтын жері жоқ, аяқ киім таза емес, сондықтан көз ұшынады деп есептейді. Егер табанына көзі түсетін болса, үш мәрте түкіреді. Онысы көзім ұшынбасын дегені.

Жорықта, алыс сапарда жүргенде түнде ұйықтайтын жағдай туса, басқа жастанатын ештеңе болмағанда, қазақта етігін жастанған. «Етік жолға бастайды», етек немесе шалбар салмайды. Яғни етіктің басқа киімдерге қарағанда мәртебесі жоғары болған.

Slide 10

Сарамандық жұмыс:

Тәпішке қалта тігу

Slide 11

Қорытынды:

Топтастыру әдісі

Үйге тапсырма: Қалта тігіп келу

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Аяқ киім гигиенасы: түрлері, материалдары және гигиеналық талаптары
Спорттық аяқ киімнің гигиеналық талаптары мен күтім әдістері
Аяқ киім гигиенасы және балалар аяқ киіміне қойылатын талаптар
Қысқы аяқ киімді таңдау: материалдар, мех және былғары сапасын тексеру әдістері
Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі: техникалық регламент және аяқ киім материалдары мен өндіріс технологиялары
Түйе шаруашылығы: биологиялық ерекшеліктері, өнімдері және гигиеналық күтім
Ересек адамдардың киім түрлері: классификациясы және қасиеттері
Аяқ киімге арналған былғары: түрлері, қасиеттері және Шымкенттегі өндіріс тәжірибесі
Киім галантереясы: былғары мен теріні өңдеу әдістері мен түрлері
Қазақ ұлттық бас киімдері мен аяқ киімдері: түрлері, дәстүрі және ырым-тыйымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz