Оқушыларға Махамбет шығармаларын кеңінен талдап, әлеуметтік мәнін ашу



«Намыс отына өртенген өр ақын”
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Жамбыл ЖОББМ-балабақшасы
Олжатаева К. Х

Мақсаты:
Оқушыларға Махамбет шығармаларын кеңінен талдап, әлеуметтік мәнін ашу;
Ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сұрақтар арқылы белсенділігін арттырып, өздігінен білім алуға баулу.
Ақын шығармалары арқылы патриоттыққа, Отансүйгіштікке, ерлікке, елдікке тәрбиелеу;

Қас жауыңды
Ел алдында жазықты
Жерге қағып жібересің қазық қып.
Қайсар бопсың, бірақ сенің жырыңның
Ар жағында жатады бір нәзіктік.
О. Сүлейменов

Жоспары:
1. «Мен Өтемістің баласы, Махамбет атты батырмын» (өмірінен мағлұмат беру)
2. «Қорлықта жүрген халқыма,
Бостандық алып берем деп» (Исатай Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі жөнінде түсінік) .
3. «Атадан туған аруақты ер» (Өлеңдерін талдау)
4. «Тартынбай сөйлер асылмын» (шығармашылық тапсырмалар орындау, өз туындыларын оқу) .
5. «Ей, Махамбет, жігерсің!
Ұлт үшін туған ұлы ерсің!» (Қорытындылау)

Кіріспе:
Қазақ халқы талай қиын кезеңді басынан кешірді. Елін, жерін көзінің қарашығындай қорғаған, оның мүддесі үшін қабырғасы қайысып, қасық қаны қалғанша қорған болуды мақсат еткен дара тұлға батырлары болған. Міне, осындай көрнекті өкілдердің бірі- Махамбет Өтемісұлы. Ол -тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен кең толғап, кем пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Махамбет Нарын өлкесінде өмір сүріп “қара қазан, сары бала қамы үшін” ашық қимылға шыққан, халықты соңынан ерте білген. Ол ерлікті, өрлікті өзі ғана жасамай, бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырды. Исатай-Махамбет тердің ереуіл атқа ер салуы, егеулі найзаға еркіндік берсем деген арманы. Жырларын оқыған әркімнің бойында Отанға деген сүйіспеншілік, елге деген махаббат, ерлікке, елдікке деген құлшыныс сезімін тудырары- ақиқат.
1

Ақынның туған жылы
Шығармалары
Ақынның отбасы
Ерекше қасиеттері
Қайтқан жылы
Зерттелуі
1803 жылы Батыс Қазақстан облысы Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген.
«Соғыс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Күн қайда?», «Қайран Нарын», «Исатай деген ағам бар», «Тайманның ұлы Исатай», т. б.
Ұлтуған, Типан атты әйелдері,
Махмуд, Нұрсұлтан атты балалары болған.
Төкпе ақын, найзагер, жауынгер ақын, күйші
1846 жылы
1. 1925 жылы Махамбеттің алғаш өлеңдер жинағы шықты.
2. 1927 жылы «Жаңа мектеп» журналында «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі басылған. 2002-2003 жылдары ақын өлеңдері толықтырылып шықты.
1. «Мен Өтемістің баласы, Махамбет атты батырмын»

Өтемістен туған он едік
Б
Е
К
М
А
Ғ
Н
Б
Е
Т
ТОҚТАМЫС
МА Х А М Б Е Т
ҚОЖАХМЕТ
ЫБЫРАЙЫМ
Ә Й І П
Х А С ЕН
ЫСМАЙЫЛ
СҮЛЕЙМЕН
ДОСМАЙЫЛ
Замана Адам Ерлік
Ел Халық

Жылдар
Негізгі оқиғалар
Оқиға ізімен туған өлеңдер
1828 жылдары
Махамбет Жәңгір хан ордасы
«Жалған дүние», «Аспандағы боз торғай», «Арғымақтан туған қазанат», «Хан емессің қасқырсың»
1829 жылы
Махамбет «Калмыков» Қамалында тұтқынды отырады.
«Зынданда»,
«Әй, Исеке, Исеке»
1830 жылы
Махамбет түрмеден қашып шығады.
1833-1836
Көтеріліске дайындық
«Орай да борай қарай жауса»
1836жылы 14 сәуір
«Қиялы мола» көтерілісі»,
«Тастөбедегі шайқас»
«Ереуіл атқа ер салмай», «Бағаналы терек», «Соғыс»
1838 жылы
12 шілде
Көтерілістің жеңіліс табуы, Исатайдың қазасы
«Мұнар күн», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым»,
«Ұлы арман», «Қызғыш құс»
1846 жылы
Дүниеден өтті.

Хронологиялық кесте
1. 1829-1830 жылы Махамбет Жәңгір ханның үстемдігімен қала бекінісінің түрмесінде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Тайманұлына қосылды.
2. 1836 жылы ақпанда орыс отаршылдарына қарсы Исатай мен Махамбет бастаған ұлт -азаттық күрес басталды.
3. 1836 жылы сәуірде Қиялымола деген жерде үлкен айқас болады. Жәігір мен Исатай қолы осы жерде кездеседі.
4. 1837 жылы қарашада Исатай мен Махамбет бастаған 3000 адам хан ордасына екінші рет аттанады. Орданы қоршап алды.
5. 1838 жылы көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. Гекке басқарған орыс әскерінен Исатай Тайманұлы қаза табады. Махамбет бірнеше жолдастарымен әскердің шебін бұзып шығып құтылады.
6. 1838-1841 жж Махамбет қайта қол жинайды. Хиуаға барған сапары сәтсіз аяқталады.
7. 1841-1846 жж Ақынның жалғыз қалуы.
8. 1846 жылы Күрескер ақын 42 жасында дүние салады. Ақынның зираты Атырау облысының Махамбет атындағы «Махамбет ойы» деген жерде.

2. «Қорлықта жүрген халқыма,
Бостандық алып берем деп»
(Исатай -Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі ) .

«Ереуіл атқа ер салмай»
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай.
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толғай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
3. «Атадан туған аруақты ер» (Өлеңдерін талдау)

2. Сөздікпен жұмыс:
Тебінгі - ер тұрман құрамына қатысты әбзелдердің бірі.
Терлік - тоқымның астына салатын, қойдың жабағы жүнінен тер сіңіру үшін жасалатын киіздің бір түрі.
Қу толағай - түгі жоқ, жап - жалаңаш.

Өлеңді сатылай кешенді технологиясымен талдау
Авторы:
Жанры:
Тақырыбы:
Идеясы:
Шумақ:
Тармақ:
Буын:
Бунақ:
Ұйқас:

Махамбеттің өлеңдері
Ақынды қай қырынан таныдың?
Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорғаны мен едім,
Мен де айырылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сенде айырылдың көліңнен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz