Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту


Slide 1

Баяндама:

Тақырыбы: Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту»

Аудандық семинар

Дайындаған :

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Н. М. Маулетова

Slide 2

1) Ақпараттық және СТО бағдарламасының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.

2) Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау. . .

3) Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

Мақсаты:

Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Міндеттері:

Қазіргі заман мектепке де, мұғалімге де, оқушыға да жаңа талап деңгейінен көрінуді міндет етіп жүктейді. Елімізде болып жатқан оң өзгерістер мектеп өміріне де жаңалықтар лебін әкелуде, осы орайда бүгінгі күн ізденімпаз, таным белсенділігі жоғары, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеуді қажет етеді

Бүгінгі жаңа қоғам мұғалімінің ішкі жан - дүниесі де жаңаша, өйткені өскелең ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі сабақ беру жүйесін әлемдік деңгейдегі талаптарды қанағаттандыратындай етіп құруда жаңаша ізденіс пен шығармашылықтың берері мол. Соған сәйкес білім беру жүйесінде жаңа технологиялар пайда бола бастады.

Slide 3

Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады, оның технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркідігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн. Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі - стратегиялар. Оларды атап өтетін болсақ:

Slide 4

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

ДЖИК СО

İNSERT

КУББИЗМ

RAFT

ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

КЛАСТЕР

ТІРЕК СӨЗДЕР

ЭССЕ

Slide 5

Сын тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.

СТО жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден - бір әдіс деп айтар едім.

Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады

Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады.

Нәтижесінде :

Оқушылармен жұмыс жасағанда:

- Еркін ойлауға мүмкіндік беру;

- Ақыл-ойын дамыту;

- Шығармашылық белсенділігін арттыру;

- Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу;

- Тіл байлығын жетілдіру;

- Жан-жақты ізденушілік арттыру керек.

Өз сабақтарымда төмендегідей шығармашылық жұмыстарын жүргіземін: ой толғау, эссе, бес жолды өлең, әңгіме, өз пікірлерін жазу, тақырыпқа сай сурет салу, кеспе даярлау, тест тапсырмаларымен жұмыс істеу немесе тест тапсырмаларын құрастыру, мақалдың жалғасын табу, сөзжұмбақ құрастыру және т. б.

Мысалы, 7 сыныпта Әдебиет сабағында Шерхан Мұртазаның “Жүз жылдық жара” әңгімесін таныстыру

Slide 6

Миға шабуыл

Slide 7

Топтастыру

Табиғат


Ұқсас жұмыстар
Сыни тұрғысынан ойлау
Проблемалық оқыту және сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы және оның стратегиялары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын бастауышта пайдаланудың қазіргі жағдайы
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Сыни ойлау технологиясы
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
ТИІМДІ СҰРАҚТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz