Топырақтың сілтілігін анықтау


Slide 1

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Жоба тақырыбы:

Топырақ жамылғысының құрамы және экологиясы

Авторы: Хамитов Мадияр

11-сынып оқушысы

Жетекшісі: Амангалиева Фарида Марксовна

жоғары санатты химия пәні мұғалімі

Slide 2

Зерттеудің мақсаты:

Топырақтың ластану мөлшерін, физикалық-химиялық, органоминералдық құрамын зерттеу және экологиялық проблемаларын айқындау

Зерттеудің міндеттері:

Әр топырақ үлгісінің қышқылдығын және сілтілігін анықтау, салыстыру. Топырақтың физикалық және химиялық құрамына талдау жасау.

Зерттеудің өзектілігі :

Топырақтың сапалық дәрежесі мен экологиялық жағдайы

Slide 3

Мазмұны:

І. Кіріспе

1. 1. Қаратөбе ауданының топырақ жамылғысы

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Топырақтың экологиялық функциялары.

2. 2. Антропогенді бұзылған топырақтардың классификациясы

ІІІ. Зерттеу бөлімі

3. 1. Топырақтың физикалық және химиялық құрамын білу

3. 2. pH датчигі арқылы топырақтың үш түрлі үлгілерінен қышқылдығы мен сілтілігін анықтау

3. 3. Топырақ құрамындағы хлорид және сульфат-иондарды анықтау

3. 4. Зерттеу нәтижелері.

IV. Қорытынды.

4. 1. Топырақтың құнарлылығын арттыру

Slide 4

Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі. Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты.

Топырақ ешнәрсеге айырбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылыми әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды . Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңыздаы проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу сақтап қалуға барынша жағдай жасау. Ауданның топырақ жамылғысы топырақ түзілу жағдайларының жиі ауысуымен байланысты әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бірақ Қаратөбе ауданының кейбір бөліктерінен суайырық кеңістіктерінде топырақтың аймақтық типі айрықша байқалады.

Ауданның солтүстігі мен солтүстік-шығысында Орал маңы үстіртінде саздақ және құмайт топырақ пен қара-каштан топырағы кең тараған. Саздақ топырақта көбінесе тұзды, сортаңды болып келеді. Қоңыр-каштан топырақ Ақтайсай ауылынан шығысқа қарай үстіртте, одан әрі ауданның солтүстік шекарасына дейін тарала отырып, Жарлы өзені бассейнінде және Қалдығайты өзені бастауында басым болып келеді де, одан әрі ауданның қиыр солтүстік-батысында Шиелі және Бұлдырты өзендерінің бассейндеріне дейін созылып жатады. Ауданда тіпті қоңыр-каштан топырақ жамылғысы, ашық-каштан топырақпен және сор мен бекімеген құмдардың бөлек телімдерімен алмасып отырады.

Slide 5

Топырақтың бұзылу формасы мен дәрежесі

Топырақтың бұзылу көрсеткіші

Бағалау критерийлері

Бұзылған топырақтың белгілері

Техногенді бұзылу: Әлсіз

Орташа

Күшті

Өте күшті

Морфологиялық кескіннің тозу тереңдігі, см

5 аз

5-10

10-15

15 жоғары

Үгілу, кескіннің шаңдануы, ұсақ топырақтардың желмен ұшырылуы, шірінді қабат қалыңдығының азаюы, нығыздалу және тақырлардың түзілуі

Топырақтың тұздануы:

Әлсіз

Орташа

Күшті

Өте күшті

Кескіндегі жеңіл еритін тұздардың мөлшері, %

0, 5 аз

0, 5-0, 7

0, 7-1, 0

1, 0 жоғары

Топырақ кескінінде ерігіш тұздардың қабыршақ, қоймалжың ұнтақ, кристалл түріндегі мөлшері, табиғи өсімдіктерді ығыстыру

Жайылымның тозуы:

Әлсіз

Орташа

Күшті

Өте күшті

Морфологиялық кескіннің тозу тереңдігі, см

5 аз

5-10

10-15

15 жоғары

Бұзылу, құмайттану және кескіннің нығыздалуы, жайылым соқпақтарының түзілуі, дефляциялық микро және мезорельфтер өнімділігінің төмендеуі

Топырақтың антропогенді бұзылуын бағалау критерийлері:

Slide 6

Пайдаланылған әдістер

Тазарту, құрғату фильтрациялық әдіс,

РН көрсеткішті анықтау

Карбонат, хлорид иондарды анықтау

титрлеу

Салыстыру;

Фотоға түсіру

Сынамалар алу

Кестеге салу

Диаграммалау

Бақылау әдістемесі

Эксперимент әдістемесі

Slide 7

Бақылау орны: Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі химия зертханасы

Зерттелетін объекті:

мектеп, бақша және далалық жердегі топырақ үлгілері

Slide 8

Жұмыстың орындалу реті

Құралдар мен материалдар

1. Топырақ үлгілерін клеенкаға салып, мұқият араластырылады, біркелкі қабатпен орналастырып, айқыш тәрізді 4 бөлікке бөлінеді, массасы 500 г орташа сынауын алады.

Күрекшелер, клеенка, техникалық таразы, топырақ үлгілері

2. Топырақ кесектерін ұсақтап, тамырлар мен тастарды алып тастайды

3. Алынған орташа сынауын құрғатқыш шкафта құрғатады

Құрғатқыш шкаф

4. Құрғатылған топырақты фарфор үгіткіште үгітеді

Фарфорлы үгіткіш

5. Диаметрі 1-2 мм көздері бар елеуіштен өткізеді

елеуіш

6. Этикеткасымен пластик немесе қағаз қапшықтарға салынады

пластик қапшықтары

№1 тәжірибелік жұмыс.

«Топырақ сынауларын алу. Топырақты анализге дайындау»

Slide 9

Топырақтың түсін анықтау

Топырақтың түсі: мектеп топырағы сарғыш, бақша топырағы қара, далалық жердегі топырақ сұрғылт түсті

Slide 10

SPARK сандық өлшеуіш құрылғысының көмегімен pH датчигі арқылы топырақтың үш түрлі үлгілерінен қышқылдығы мен сілтілігін анықтау

Материалдар мен жабдықтар:

Мәліметтер жинау жүйесі күрекше

pH датчигі жабатын пластик пакеті (3)

кабель-ұзартқыш топырақ үлгісі, 60 мл (3)

шыны түтік, 250мл ( 3 ) дистилляцияланған су, 400 мл

өлшеу цилиндр, 100 мл қағаз орамал

өлшеу қасық ( 1 жинақ ) маркер

араластырғыш

Топырақтың pH деңгейі -жердің қышқылдығы мен сілтілігінің маңызды химиялық индикаторы.

Slide 11

Топырақтың рН көрсеткіштерін анықтау

Slide 12

Топырақтың рН көрсеткіштері

Slide 13

Топырақтың рН көрсеткішінің

SPARK құрылғысындағы графигі

Slide 14

Топырақтың сілтілігін анықтау.

Карбонатты сілтілікті анықтау.

Ол үшін үш қолба алып, әрқайсысына 20мл-ден топырақ сығындысын құйып, 1-2 тамшы фенолфталейн ерітіндісін тамызамыз. Егер сығындыда карбонат болса, онда ол қызғыш түске боялады. Осы ерітіндіні 0, 01н күкірт қышқылы ерітіндісімен түссізденгенге дейін титірлейміз. Егер ерітінді фенолфталейн тамызғанда қызғыш түске боялмаса, карбонат-ионның болмағаны. Осыдан кейін ерітіндінің жалпы сілтілігін анықтаймыз. Жаңағы үш қолбаға енді 1-2 тамшы метилоранж ерітіндісін тамызып, 0, 01н. Күкірт қышқылы ерітіндісімен сары түстен әлсіз қызғыш түске дейін титірлейміз.

Хлорид-иондарды анықтау үшін көлемі 20мл топырақ сығындысн алып, 0, 01н. Н2SO4 ерітіндісімен нейтралдаймыз. Қолбаға нейтралданған сығындыны құйып үстіне 1мл 10%- тік калий хроматы ерітіндісін тамызып, 0, 01н күміс нитраты ерітіндісімен ашық қызыл түске дейін титірлейміз. Мынадай реакциялар жүреді:

Na Cl+Ag NO3= NaNO3+ AgCl

K2CrO4+Ag NO3= KNO3+AgCrO4

Күміс хлориді алдымен ақ тұнба ретінде түсіп, барлық хлорид-иондар әрекеттесіп болғаннан кейін күміс нитраты калий хроматымен әрекеттесе бастайды. Түзілген хроматы ерітіндіні ашық-қызыл түске бояйды.

Slide 15

Үлгінің нөмірі

Анықталатын компоненттер

Өлшем бірліктері

Номер 1

Номер 2

Номер 3

1

2

3

рН

мг/кг

8, 95

8, 82

7, 7

Карбонаттар

мг/кг

0, 0

0, 0

0, 0

%

0, 0

0, 0

0, 0

Гидрокарбонаттар

мг/кг

0, 49

0, 27

0, 24

%

0, 030

0, 016

0, 014

Хлоридтер

мг/кг

0, 25

0, 26

0, 32

%

0, 008

0, 009

0, 011


Ұқсас жұмыстар
Топырақ ағзаларының көптүрлілігі жəне топырақтағы топтар құрамы
Қалдығайты өзен суының химиялық құрамы мен экологиясы
Топырақтың физикалық қасиеттері
ТОПЫРАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Таза топырақ
Топырақты химиялық зерттеу әдістері
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері
ТОПЫРАҚТЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫН ДАЛАЛЫҚ ТӘСІЛМЕН АНЫҚТАУ
Оқушылар жан - жақты сызбаға топырақтың қасиеті
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ЖӘНЕ АГРОЦЕНОЗЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz