Қалдығайты өзен суының химиялық құрамы мен экологиясы


Slide 1

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Қалдығайты өзен суының химиялық құрамы

мен экологиясы

Авторы:

Қалдыбаев Дамир Нұрлыбекұлы

9 сынып оқушысы

Жетекшісі:

Амангалиева Фарида Марксовна

жоғары санатты химия пәні мұғалімі

Slide 2

Мазмұны:

І. Кіріспе

1. 1. Су - әлемнің ең үлкен байлығы

1. 2. Жер үсті сулары

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Ауданның мақтанышы мен байлығы - Қалдығайты өзені

2. 2. Қалдығайты атауының шығу тарихы

ІІІ. Зерттеу бөлімі

3. 1. Өзен суының физикалық және химиялық құрамын білу

3. 2. pH датчигі арқылы өзен суының қышқылдығы мен сілтілігін анықтау

3. 3. Зерттеу нәтижелері.

ІV. Қорытынды

4. 1. Су көздерін ластанудан қорғау

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Зерттеудің өзектілігі: Қалдығайты өзен суының сапалық дәрежесі мен экологиялық жағдайы

Зерттеудің мақсаты: Жергілікті жердегі өзен суының ластану мөлшерін, физикалық-химиялық құрамын зерттеу және экологиялық проблемаларын айқындау

Зерттеудің міндеттері: Әр түрлі тәжірибе жасау арқылы өзен суының сапалық, сандық құрамын зерттеу. Су сапасының химиялық-аналитикалық құрамына талдау жасау. Өзен суын тиімді пайдалану арқылы ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру.

Зерттеудің ғылымилығы: Өзен суы құрамының мемлекеттік стандарттық нормативтік көрсеткішіне сай келуін тексеру және қадағалау. Өзеннің экологиялық проблемасын шешудің жолдарын ұсыну.

Slide 4

Қалдығайты өзенінің шығу тарихы

Атау - көненің көзі. Оның аталу шамасы Х- ХІ ғасырлар шамасы болу керек. Біздің жерімізді 922 ж. көкек айында Бағдад имамы Халифа Муктадилар бастаған үлкен керуен басып өткен. Сол керуенде жиһанкез Ибн - Фадлян болады. Жиһанкез Ибн - Фадлян кейін өзінің кітабында Қалдығайты өзенің «Эрден» деп атаған. «Эрден» сөзі - түсінігінше: «жалаң, ормансыз жағалау» дегенді білдіреді. Кейінірек өзенді Қандағапта түрінде кездестіреміз. Бұл қазіргі атауға анағұрлым жақын келеді. Жер - су аттарын зерттеуші ғалымдардың бірі, филология ғылымдарының докторы Айтым Әбдірахманов былай дейді: Қазақстан топонимдері тек 15 - 16 ғасырларда ғана қазақ халқының шығуымен бірге пайда болған жоқ, оның негізі бұрынғы ғасырларда да Қазақстан жерінде түркі семьялы тіліндегі, кей қазақтың этникалық құрамына енген тайпалармен бірге жасалды. Осы дәйектемені география ғылымдарының кандидаты Г. Қошқарбаевта қолдап, кейбір сөздердің монғол тілдері әсерінен жасалғанын дәлелдеп жазды. Сондай сөздің бірі - Қалдығайты. Оның алғашқы атауы - Қандағатай, дұрысы - Хандағатай, хандағай сөзінен шыққан. « Хандағай» сөзі бізше «Бұлан» дегенді білдіреді. Аталып отырған сөз «монғолша - қазақша сөздікте» де хандағай - бұлан деп аударылады. сонда Қалдығайты «Бұланды», «Бұланы» көп жер дегенді білдіреді екен. Қазақ тілі заңдылығына сәйкес дыбыстарының «ы» қысаң дауысты дыбыс әсерінен ауысқан (қалдығайты) . «Ты» қосымшасы көне түркі тілдерінде қазіргі көптік жалғаулар ( лар, лер, дар, дер, тар, тер ) мағынасын білдірген.

Slide 5

Ауданымыздың мақтанышы мен байлығы - Қалдығайты өзені.

Оның ұзындығы 242 шақырым, ал су жиналатын алқабы - 5800 шақырым. Өзен Алмастаудан оңтүстік батысқа қарай ағып, аудан жерін кесе өтіп, Төлен, Жолаққамыс сияқты үзік- үзік көлдерге құяды. Аңғары кең тік жарлы болып келе кей жері жайдақ, кей жылдары су арнасынын асып, шаруашылыққа, ел тұрғындарына қауіп төндіреді. Ол үнемі жауын - шашын, қар суымен әрі жер асты суларымен қоректенеді. Қалдығайты өзенінің ұзындығы 10 - 15 шақырымға жететін әр түрлі 40 саласы бар. Сол салаларының ең үлкені - Жарлы.

Slide 6

Зерттелу обьектілері: өзен суы, құдық суы, құбыр суы

Бақылау орны: санитарлық-эпидемологиялық сараптама орталығы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі химия зертханасы

Slide 7

Су үлгісінің түрі

Органолептикалық көрсеткіштері

рН

Өзен суы

Сарғыш түсті, жер иісті

8, 8

Құбыр суы

Түссіз, иіссіз

9, 4

Құдық суы

Түссіз, иіссіз

9, 2

Slide 8

Көрсеткіштердің атауы

Анықталған концентрациясы

Нормативтік көрсеткіштері

рН

7, 81

6-9

Ерітілген оттегі мг О2/дм3

13, 9

4, 0 кем емес

Жалпы темір мг/дм3

0, 06

0, 3 кем емес

Хлоридтер мг/дм3

531, 7

350, 0 кем емес

Сульфаттар мг/дм3

341, 0

500, 0 кем емес

Аммиак мг/дм3

0, 4

2, 0 кем емес

Нитриттер мг/дм3

табылған жоқ

3, 0 кем емес

Нитраттар мг/дм3

1, 9

45, 0 кем емес

Мыс мг/дм3

0, 01

1, 0 кем емес

Қорғасын мг/дм3

табылған жоқ

0, 03 кем емес

Мырыш мг/дм3

0, 124

5, 0 кем емес

Кадмий мг/дм3

табылған жоқ

0, 001 кем емес

Slide 9

Судың рН көрсеткіштерін анықтау

рН көрсеткіші өзен суында 8. 8 ге, құбыр суында -9. 4, құдық суында-9. 2-ға тең

Slide 10 Slide 11

Өзеннің ластануы

Slide 12

Зерттеу жұмысына пікір Қаратөбе өзен суларын сипаттай отырып, оның құрамына талдау жасалған. SPARK сандық өлшеуіш құрылғының көмегімен өзен суының қышқылдығы мен сілтілігін анықтаған. Қалдығайты өзенінің әлеуметтік-экологиялық проблемасының шешу жолдарына ізденіс жұмысын жүргізген. Өзен суын тиімді пайдалану арқылы ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруге өз үлесін қоса білді.

Slide 13

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Алғазы аралы
Жайық өзенінің бөлігі
Ертіс өзені
Балқаш көлінің көріністері
Жер асты суының кең орны
Топырақтың сілтілігін анықтау
Каспий теңізіндегі мұнайды бұрғылау
Жайық өзені туралы ақпарат
Мал шаруашылығының ерекшелігі оған күнделікті судың қажеттігі
Минералды сулар - түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz