Ананың көңілі балада



Серікбаева Гүлнар Қартабайқызы,
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,
Жезқазған гуманитарлық колледжі,
Жезқазған қаласы

Отбасы жарастығы-жарқын күннің болашағы Өткізген: Г. Қ. Серікбаева

Отбасы жарастығы -жарқын күннің болашағы
Тақырыбы:

Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім - жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н. Ә. Назарбаев

Өткізу әдісі:семинар-тренинг
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баланың дамуына және тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып қарым - қатынас орнату.
Міндеті: Ата - аналардың колледжбен тығыз байланысын арттыру. Балаларын мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.

Тренинг бағдарламасы:
I Таныстыру
II Топқа бөлу(сурет арқылы)
III Ой шақыру (баяндама, бейнематериалдар)
IY Ой жинақтау
Y «Сынақ» іскерлік ойыны
YI Тест
«Сіздің көңіл күйіңіз»
YII Қорытынды
«Тілек шамы»

Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Таныстыру

Топқа бөлу(сурет арқылы)

Ой шақыру (баяндама, бейнематериалдар)

АТА-АНАҒА КЕҢЕС: -Балаңызды жиі мақтаңыз, өзін өзі сүйе білуге баулыңыз -Сіз балаңызға ашуланбай сабыр сақтап, асықпай жаймен сөйлесіңіз -Балаңызға әділ болыңыз, оған толық сенетініңізді сезінсін -Осы ережені сақтай отырып, балаңыздың санасына өзіне сенімділігін және өзін- өзі құрметтеу сезімін біртіндеп сіңіре бересіз

Ата - аналарға өсиет Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының кепілі. Сондықтан да баланың тәрбиесін мектепке тапсырып қоймай, ата-ана, бүкіл қоғам, ақпарат құралдары болып атсалысу қажет.

Ой жинақтау
А тобы: Әрбір бала дара тұлға бала тәрбиесінде ата - ана балаға қысым көрсетуден аулақ болуы керек. Ендеше «Бақытты жанұяның жобасын не моделін жасап көрелік.
Б тобы: Бала әр ата - ананың болашағы, бақыты ол -оның өмірінің жалғасы. Бала біздің гүліміз. Ендеше «Бала деген кім?» өз ұрпағыңыздан не күтер едіңіз? гүлдің бейнесін келтіріп соған өз ойларыңызды бейнелеп сызба ретінде көрсетесіздер.
В тобы: «Менің отбасым қазір және болашақта» немесе «Біздің отбасы» тақырыбында коллаж жасайсыз

«Сынақ» іскерлік ойыны

І кезең
Жағдаяттар

І - топ. Сізге колледждегі мұғалімдерден сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата - аналардан да «біздің баланы ұрады» деген сөз естуге тура келді делік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? ІІ - топ. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс - әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? ІІІ - топ. Балаңыз колледжде бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

ІІ кезең
«Аялы алақан»
ойыны

Мақалдың
жалғасын тап-ойыны
ІІІ кезең (А)
1. Әкеге қарап-. . .
Анаға қарап-. . .
2. Ананың көңілі балада, . . .
3. Әке көрген . . .
Шеше көрген. . .
4. Ұлдың ұяты-әкеге
Қыздың ұяты. . .
5. Ұядан не көрсе, . . .
6. Қыз өссе елдің көркі, гүл
жарайсың

Жауаптары
1. Әкеге қарап- ұл өсер, анаға қарап- қыз өсер.
2. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада
3. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
4. Ұлдың ұяты-әкеге, қыздың ұяты-шешеге.
5. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі
6. Ұядан не көрсе, ұшқанда соны ілерсің

Балаларыңыздың есіміне қысқаша анықтама беріп, шағын тарихын айтып шығу
ІІІ кезең (Ә)

А - ең басты бейне, әр нәрсеге ықыластану, рухани байлығы мол;
Б - арманшыл, берікті, тиянақты;
В - коммуникабельді, шығармашыл тұлға;
Г - білімге ынталану, әр нәрсені ұқыпты істеу;
Д - бір жұмысты бастар алдында ойланады, жанұяға көңіл бөледі;
Е - өзін-өзі көрсете біледі;
Ж - ішкі дүниесі бай;
З - қиялы бай, сезгіштігі өте жоғары;
И - мейірімді, нәзік, сезімтал, рухани бай;
К- төзімді, рухани күші мол, құпияларды сақтай алады;
Л- әсемдікті нәзік сезінеді, әртістік және көркем дарындылығы бар;
М- әр адамға көмек көрсетуге ынталанады;
Н- үшкір сын ойлы, іскерлі, өз денсаулығына көп көңіл бөледі;
О- сезімі мол, ақшаны үнемді ұстайды;
П- идеясы (ойы) көп, сыртқы кейпіне көп көңіл бөледі;
Р- қайратты, қайсарлы, әр нәрсені зейінмен орындайды;
С- мықты дәрежеге ұмтылады;
Т- сезімтал, шығармашыл тұлға, шындықты іздеуші;
У- кең пейілді, қиялды жан;
Ф- өзін ортада жақсы сезінеді;
Х- басқа адамдар өзі туралы айтқанды жақсы көреді;
Ц- топ басшы, жалғыз тіршілік жасай алмайды;
Ш- әр нәрсені ақырын, баяу орындайды;
Э- әуесқой, тіл байлығы мол.

«Жалғасын тап» ойыны АНАҒА, БАЛАҒА, АСЫҒЫП, ДАНАҒА сөздерін қолданып, өлең шумағын құрастыру.

Сабақтан алған әсеріңіз
Бүгінгі көңіл-күйлеріңіз

Бүгінгі тренингімізді көңіл күйіңізді білдірейін тестпен аяқтау.
Ағаш бұтағы салынған сурет толық аяқталмаған өз көзқарасыңызбен бөліктерін толтырыңыз

Тест:
«көңіл күй»

«Көңіл күй» ағашы

Тестілеудің қорытындысы:
Ағаштың бұтағын Ашық түспен жүріп өтіп, суретке басқа ешнәрсе қоспасаңыз, онда осы мезеттегі өмірлік сәтіңізде сіз бір жағдаймен өте қиын күйзеліс үстіндесіз. Бәрінен бұрын сіздің мәселеңіз тек жеке басыңыздың өмірімен емес, өзіңіздің мамандығыңызбен немесе оқумен байланысты.
Ағаштың барлық бұтағын түгелімен бояп шықсаңыз, онда сіз бірдеңеге қатты ренжідіңіз .
Егер ағашқа қосымша бұталар қоссаңыз, онда сіздің ішкі жан дүниеңіз қажетсіздерден қайнап тұр.
Ағаштың бұталарына жапырақ салсаңыз, онда сіздің ішкі жан дүниеңіз өз қалпында.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz