Информатика сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану



Информатика сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану

Бүгінде білім қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі. Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқтушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып, оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Сондықтан мен информатика сабақтарын оқытуда жаңа технология әдістерінің бірі сыни тұрғыдан ойлау педагогикалық технологиясын таңдап алдым. Біздің қоғамда сыни ойлауды (critical thinking) дамыту адамзат баласына баға жетпес мүмкіндіктер алып келеді. Әсіресе өздеріне жауапкершілік және қоршаған ортаға түбегейлі өзгерістер алып келуден қорықпайтын адамдар үшін, өте бағалы құндылық. Мысалы, кәсіпкерге сыни ойлау тапталмаған жолмен жүруге мүмкіндік береді, бұл өте тиімді, әрі болашағы бар нәрсе. Тіпті, уақыт өте келе олардың текшесі бәсекелестерге толы болса да, олар жаңа бір нәрсе ойлап табады. Бизнесте кім бірінші болса, сол жеңімпаз емес пе?! . .
Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2014 жылғы халыққа жолдауында “Жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті бойында қалыптастырған; шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру” туралы атап өткен болатын.

Сыни ойлау деген не?
5. Сыни ойлау - әлеуметтік ойлау
4. Сыни ойлау сенімді дәлелдерге ұмтылады
3. Сыни ойлау сұрақ қою, мәселе анықтаудан басталады
2. Ақпарат - сыни ойлаудың бастапқы нүктесі
1. Сыни ойлау - дербес жеке ойлау
Сыни ойлау сипаты

Сыни ойлауға не жатпайды?
1. Есте сақтау.
Есте сақтау оқу үдерісіне қажетті маңызды ойлау әрекеті болғанымен, сыни ойлауға жатпайды.
2. Күрделі идеяларды түсіну.
Берілген тапсырманы қарастыра отырып, оның құпиясы мен қисынын, заңдылығын түсіну сыни емес, логикалық ойлауға жатады. Сыни ойлау алынған идеяларды тексеру, пайымдау, бағалау мен қолдану кезінде пайда болады.
3. Шығармашылық немесе интуитивті ойлау.
Инсайт (кенет шешімін табу), тапқырлық таныту, көптеген нұсқаларын іздеп табу шығармашылық ойлауға жатады.

Сыни ойлау алгоритмі
Танымдық қызмет мақсаты не? Мақсат бір нұсқаны таңдау, нұсқа болмағанда шешім табу, ақпаратты өңдеу, дәлелдердің сенімділігін бағалау, т. б болуы мүмкін.
Не белгілі? Бұл - сыни ойлаудың бастапқы нүктесі. Бұл кезеңде жетіспейтін ақпараттық табу жүзеге асырылады.
Не жасау керек? Бұл кезеңде бұрынғы қалыптасқан ойлау икемділіктерін пайдалана отырып, мақсатқа жету жолы айқындалады. Бұл кезең - сыни ойлаудың қозғаушы күші.
Қойылған мақсатқа қол жетті ме? Берілген тапсырмаларды орындау нақтылығы табысқа жетудің шешуші факторы болып табылады.
Қысқаша: 1. Мақсат не? 2. Не белгілі? 3. Не жасау керек? 4. Мақсатқа қол жетті ме?
ІҮ
ІІІ
ІІ
І

Сыни ойлау икемділіктеріне жатады.
Р. Эннис пен Р. Пол бойынша негізгі сыни ойлау икемділіктері:
ақпарат көздерінің сенімділігін бағалау;
қажетті ақпаратты бөліп алып, ары қарай өңдеу;
пікірлер мен жорамалдарды, айғақтар мен сенімдерді талдау мен бағалау;
нақты ақпарат алу мен оны тексеру мақсатында сұрақ қоя білу;
мәселені әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарай және оларды салыстыра білу;
тілдік құралдарды дәл тауып, өз көзқарастарын баяндау айқындығы,
шешім қабылдау мен өз таңдауын негіздеу икемі.


Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Қандай болмасын сыныптың кез келген қоғамға тән сан қилы қызығушылықтар, қабілеттер, тәжірибе мен мүмкіндіктер сипаттайды. Сондықтан мен оқу материалын дайындағанда және оқыту әдістерін таңдағанда осылардың бәрін ескеруге тырыстым. Сабақ беретін сыныптарымды саралай келе, тізбектелген сабақтарымды 7 қазақ сыныбында өткізуді ұйғардым: 1. бұл сыныпқа информатика пәнінен 5-сыныптан сабақ беріп келемін, әрі сынып жетекшілік етемін; 2. балалардың өзге сыныптарға қарағанда белсенділіктері жоғары; 3. білім сапасы да сабақ беретін сыныптарымның ішінде ең жоғары; 4. мектеп психологы осы сынып оқушыларының қабілеттері мен мүмкіндіктері сыни тұрғыдан ойлау технологиясын жеңіл игеретіндігін атап өтті;

Сыни тұрғыдан ойлау жобасында топпен жұмыс жасау қарастырылатын болғандықтан, онда коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шешімін де табуға болады. Топта жұмыс істеу барысында балалар бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға үйренеді. Оқушылар өткен сабақтарда топта жұмыс істегендіктен топта жұмыс істеу ережелерін біледі.
Топтарға алдын ала әзірленген бағалау парақтарын таратып беріледі. Бағалау парағында әрбір тапсырма бағаланатындығы көрсетілген. Оқушылар өз топ басшыларын сайлады, сол топ басшысы бүкіл топ мүшелерін осы бағалау парақтарында бағалауға тиіс болды. Сабақтың мазмұнын ашу мақсатында оқулықтан тыс екі топқа сыни ойлауға дағдылантыратын арнайы сұрақтар берілді. Оқушылардың іс-әрекеті тақырып бойынша ой қозғайды, ұжыммен жұмыс жасайды, өздерінің жұмыстарын тиімді жолмен екінші топқа таныстырады. Оқушылар мәтіннің мазмұнымен өздері танысты. Және топ ішінде сұрақтарға сын тұрғысынан ойлау арқылы әр түрлі нұсқада жауаптар ұсынып талқылау жүргізеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz