Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез




Презентация қосу
Ұлы Отан соғысына 70 жыл
Хиуаз Доспанова
Хиуаз Қайырқызы Доспанова
(15 мамыр 1922 Ганюшкин Атырау
облысы— 21 мамыр 2008, Алматы
қаласы) — Екінші дүниежүзілік
соғысының жауынгері, батыр,
ұшқыш, Қазақстан Республикасының
Халық Қаһарманы.
Өмірбаяны
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15
Ганюшкин селосында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген.
Әкесi — Қайыр балықшы, анасы — Меруерт мұғалiм болып
еңбек еткен.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін
әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық
полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына
қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі
үшін «қанатты қыз» атанған еді. Соғыстан кейін лауазымды
қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының
Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.
2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында
дүниеден озды
• Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан
жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде
Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші
болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес.
Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр
қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық,
қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет. Мектеп
қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас
қыз ұшқыш болуды армандайды. Алға қойған
мақсатын қайтсе де орындауға дағдыланған ол, соғыс
басталған жылдары Мәскеудегі Жуковский атындағы
әскери-әуе Академиясына қабылданбай қалса да,
медицина институтынан алған білімімен тылда еңбек
етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі.
Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған
атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған
зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш
әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген
Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды.
• «Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы
әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана
болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай. ...Даланы түн
қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба
тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде
орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәт төңірек
жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е.Пескова мен
Х.Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай
бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері естерін жинап
та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі
шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден
ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті
орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған
майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай
маңызды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанғанды.
• Жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан
Хиуаз ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр
жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта
оралып отырған. Жаумен шайқаста асқан ерлік
көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы
жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық
түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман
қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол
«Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы»
ордендерімен және көптеген медальдармен
марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені
соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі
Соғыстан кейінгі жылдар


Хиуаз Доспанова «Абай» операсы мен «Шоқан
Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу»
спорт кешенін салуға және көптеген тарихи
маңызы бар еңселі ғимараттардың
құрылысына ер азаматтармен иық тірестіре
жүріп араласып, көптеген игі жұмыстардың
ортасынан табылды. Соғыстан кейін
лауазымды қызметтер атқарған Х.
Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық
қаһарманы атағы берілген болатын
Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш
(Гурьев)
Жас Хиуаз
Осыдан 70 жыл бұрын таңғы сағат 4 шамасында бейқам өмір кешіп жатқан ауыл тұрғындарына тосқауылдан суық жүзді,қара ниетті неміс жауынгерлері шабуыл жасаған. Ештеңеден бейхабар халық қайтерін білмей зәресі ұшқан күйде бала-шағасын жинап , кейбіреулері әлі келгенше неміс әскерлерін бөгеуге тырысып сол мезетте жан тапсырған. Соғыс деген сөздің өзі-ақ құлаққа
жағымсыз естіліп,жүрекке ауыр тиеді. Зұлымдықтың шекарасы жоқ екен. Соғыс кенеттен басталғанымен,халқымыз жұдырықтай біргеи жұмылды. Тіпті мектептегі бозбалалар мен бұрымды бойжеткендер де елін қорғаймын деп әскер шебіне қабылдануға ағылған.Соғыс тек майдан даласында емес , тылдада жүрген.Немістер шабуылынан кейін экономика жағдайыда күрт
төмендеді.Сондықтан көптеген кәсіпорындарды тылға көшіруге тура келді. Бұған себеп кәсіпорындардың гитлерліктердің қолына өтпеу үшін еді.Ауыл шаруашылықтары да майданға астық жіберіп тұрды.Ерлердің бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер де «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. Бірақ ешкім
қынжылып,еңбек етуден бастартпады.Ауылға күнде бір үйге қара қағаз келген сайын халық күңіреніп тағы бір батырымыздан айырылдық деп күрсінетін. Ал сол кездегі жас балалардың өмірі ең қиыны еді.Күні бойы жұмыс істеп бір үзім нан мен қара суға сәл дегенде жетіп, соғыстан әкесін не бауырын көруді армандап, аман-сау қайтуын күні – түні тілейтін сәби жүректері іштен қынжылып
, жылайтын.Сол балалардың көрген қиыншылықтары ешқашан ендігі сәбилердің басынан өтпесін.Майдан даласында 600 мыңнан астам қайсар жүректі қазақ жауынгерлері Отаны үшін өмірін қиған.Қазақ елінің қос шынары Әлия мен Мәншүк,қанатты қыз Хиуаз, Жеңіс туын тіккен Рақымжан , даңқты қолбасшы Бауыржан және партизан Қасымды білмейтін қазақ жоқ шығар.Осындай жау
жүрек бабаларымыздың арқасында мемлекет болып жеңіс күнін қуана тойлап жүрміз.Жауынгерлердің алдында қанша иіліп , алғыс айтсақта бізге өмір сыйлағаны үшін қарыздар болып өтеміз.Жеңіс күні ардагерлер қолынан қызыл қалампырды көріп,қарт кісілердің жас ұрпақтың көрсеткен ілтипатыны шын жүректен қуанғанын байқаймыз, осы жандарға қуаныш пен күлкіні бір ғана күн
сыйламай әрдайым жүздері жарқын болу үшін ерінбей ардагерлерге үнемі уақыт бөлуге тиістіміз деп ойлаймын.Өйткені келесі мерекеге дейін ардагерлер азайып бара жатқандай.Батыр ардагерлеріміз көк аспанда ақ көгершін қалықтаған бейбіт өмір сыйлады.Біз үшін өмірлерін бәйгеге тіккен кісілерді көргеніме қуанамын.Азғантай уақыттан кейін батырларымызды балалар көре
алмайтыны жүрегімді қан жылатады.Бірақ қазіргі ұрпақ жауынгерлердің даңкты тұлғасын келесі ұрпаққа баяндап өтеді.Бұл адамзаттың басынан өткізген ауыр 4 жылы .Германия да , Кеңес одағы да көп адам шығынына ұшырады.Ресей жерінде қайтыс болған көптеген қазақ жауынгерлерінін мүрдесі табылмады.Өкініштісі жеңісті туған даласының топырағынын бұйырмауы.Осы мәселені
тереңірек қарап,іздестіріру жұмыстары жүргізілсе жоғалған батырлар мүрдесін табуға болатындай.Сонда ғана жеңіс үшін айтылған құрмет пен ізет рас екенін дәлелдейміз.Мен Ұлы Отан Соғысының болмағанын қалар едім.Зияны қаншама,пайдасы аз.Қазақ деген дархан халықтың айбынды,ержүрек қыздары мен батыл ұлдары барын мақтаныш етемін және менің осындай батыр
бабалардың ұрпағы болғаныма шексіз қуанамын.Ерлер ерлігі туралы жыр таусылмасын!

Ұқсас жұмыстар
Заратуштра туралы мәлімет
Қазақ философиясы - жалпы шолу
Ұлы даланың жеті қыры
Наурыз мейрамы
Қыпшақтар мекендеген ұлан байтақ территория
1 – қыркүйек білім күні құтты болсын
КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
Абай аудармалары
Бала тәрбиесі бесіктен
Жер шары полюстері және пішіні
Пәндер