Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен қазақ музыкасына қосқан үлесі


Slide 1

Шәмші

Қалдаяқов

(1930-1992)

Slide 2 Slide 3

Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны

Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В. В. Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.

Slide 4 Slide 5

ӘН ӘЛЕМІНІҢ ПАДИШАСЫ

Slide 6

Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі

Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік - Шәмші шығармаларының басты тақырыбы.

Slide 7

«Ақ ерке - Ақ Жайық»,

«Арыс жағасында»,

«Сыр сұлуы»,

«Жарқырайды Жезқазған»,

«Қарқаралы»,

«Фосфорлы Жамбыл»,

«Байқоңыр»,

«Талдықорған - әнім менің»,

«Ырысты өлке - Шардара»,

«Отан»,

«Теріскей»,

«Мойынқұмда»,

«Отырардағы той»,

«Көгілдір Көкше»,

«Өмір өзен», т. б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады.

Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын:

Slide 8

Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын:

«Менің Қазақстаным»,

«Теңізде - толқында»,

«Бақыт құшағында»,

«Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.

«Ақмаңдайлым»,

«Ақсұңқарым»,

«Қайдасың»,

«Еркежан»,

«Ана туралы жыр»,

«Құшақ жайған қандай адам»,

«Қайықта»,

«Қыз сағынышы»,

«Ақ бантик»,

«Кешікпей келем деп ең»,

«Қуаныш вальсі»,

«Әнім сен едің»,

«Сағынышым менің»

Slide 9

Шығармалары

Әндер, А., 1967;

Бақыт құшағында. Әндер жинағы, А., 1971;

Сағынышым менің. Әндер, А., 1978;

Менің Қазақстаным. Әндер, А., 1981;

Шәмші әлемі. Әндер, А., 2000.

Slide 10

Шымкент қаласындағы Шәмші саябағында орнатылған Шәмші ескерткіші

Slide 11

Шәмші әндерін алғаш орындап бағын ашқан - Жамал Омарова, Ришад Абдуллин, Р. Бағланова, Б. Төлегенова, Н. Нүсіпжанов, Бақыт Әшімова, М. Нұркенова тәрізді әнді таныту шеберлігі әр алуан әншілердің еңбектері ерекше. Әрбір әнге, оның ішінде дариядай шалқып, теңіздей толқып жататын Шәмші туындыларына аса бір сезімталдықпен қарау керек. Шәмші әндерінің қай ұрпаққа да берері мол. Тек оны білу керек.


Ұқсас жұмыстар
Құдайберген Жұбановтың өмірі және қазақ фонетикасына қосқан үлесі
Шәмші Қалдаяқовтың Менің Қазақстаным әнінің шығу тарихы, Желтоқсандағы рөлі және мемлекеттік әнұранға айналуы
Никола Тесла: өмірі, өнертабыстары мен электротехникаға қосқан үлесі
Ғабдолла Қалиевтің өмірбаяны және қазақ диалектологиясы мен тіл біліміне қосқан үлесі
Қазақстандағы хор өнері мен вокалдық мәдениет: тест, музыканы тыңдау ережелері және Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы
Фалестің астрономия мен философияға қосқан үлесі
Джон фон Нейман: өмірі және есептеу техникасы мен математиканың дамуына қосқан үлесі
Яков Исидорович Перельманның өмірі, шығармашылығы және қызықты математика жанрына қосқан үлесі
Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі мен қаһармандары
Ақтөбеліктердің медицина ғылымының дамуына қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz