Балалардың қылмысқа баруы: әлеуметтік-отбасылық факторлар мен құқықтық қорғау шаралары


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Қылмыс және заң

Ж9 Оқырманды қызықтыру және сендіру

мақсатында жазу

Өзіндік стильмен ғаламдық тақырыптардағы

көтерілген мәселелерге өз көзқарасын дәлелдей отырып, (ресми, бейресми) жолдау хат, үндеу хат жазады

Жетістік критерийлері:

ғаламдық тақырыптардағы көтерілген мәселелерге өз көзқарасын дәлелдей отырып

жазады

Slide 2

Қызығушылықты ояту

Бала неге қылмыс жасайды? ЖЖ "Талқыла, пікір білдір, түйінде“

Тапсырма

Төмендегі мәтінді оқып, ойыңызды жинақтап, бала тәрбиесіне сіздің білдірер пікіріңіз бар ма? Көтерілген мәселені 3 сөйлеммен түйіндеңіз.

Slide 3

Баланың ақ адал көңілі қылмыс атаулыдан жырақ болуы тиіс еді ғой, әлде қоғам, ата-ана, мектеп баланың тәрбиесіне жіті мән бермей отыр ма? Бір қарағанда, әр баланың өмірі әртүрлі жағдайда өтеді. Әлеуметтік қиындығы бар отбасының баласы мен төрт түлігі сай отбасындағы баланың мінезін, өмірге деген көзқарасын салыстыруға мүлде келмейді.

Отбасылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне де әсер етеді. Бала айналаға қарап өседі. Өзінің құрбы- құрдастарына қарап еліктейді. Біреу бай болып, өзі кедей болса жан дүниесі қалай құлазымасын?

Slide 4

Сынып 2 топқа бөлінеді.

Баланың не себепті тура жолдан тайып, қылмыс әлеміне еніп кететінін кім біледі?

С Талқылап ортаға ой тастайды.

Тапсырма. Баланың қылмыс әлеміне енуіне кімдер себепкер?

1. 2 нақты, дәлелді ой айтыңыз. 1 күмән келтіретін пікір тастаңыз.

«Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген сөзге өз көзқарастарың кандай? Ойларыңды дәлелдер келтіре отырып айтыңыз.

С Пікірлерін ортаға салады.

Тапсырма. Осы айтылған ой бүгінгі заманға сай келе ме?

1. Күмән келтіретін 1 пікір білдіріңіз, 2 сөйлеммен түйіндеңіз.

Slide 5

Ғаламдық тақырыптардағы көтерілген мәселелерге өз көзқарасын айта біледі.

Ойын дәлелді пікірлер жеткізе алады

Өзіндік стильмен баяндауда сөздік қорды мол пайдалана алады.

Жетістік критерийлері:

Slide 6

Абайсызда жасалатын қылмыстар да болады. Құлағымыз үйреніп қалған қылмыстық жаңалықтардың ішінде жасы кәмелетке толмағандардың бар болуын қалай түсінуге болады? Жалпы, мұндай балалар бесіктен белі шықпай жатып қылмысқа қалай барады? Әлдебіреулердің ықпалына, азғыруына түсіп қала ма, ол жағын біржақты ұғыну да оңай емес.

Тапсырма Асты сызылған сөздерге мән беріп, оның қолданылу себептерін түсіндіріп өтіңіз.

Slide 7

Бала құқығы

Конвенция - Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала

деп кімді санайды? Балалар - бұл бесік арбадағы нәресте, бала бақшаға асыққан сәбилер,

бастауыш, 5 - 7 сынып оқушылары сонда да болса, 8 сынып оқушылары кейде өздерін бала

деп атағаны үшін ренжиді. Олар - жеткіншектер, яғни өздерін ересек сезінеді. 16 - 17

жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз. Конвенцияның бірінші

бабын оқып көрейік: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат.

Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала

құқығын пайдалана алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата - анасының келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата - аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді.

Дегенмен, ондай таңдаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата - аналар өз

құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама - қайшы келетін, айналасына күлкі,

не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланың әкесінің аты ұлттық

дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата - аналарының қалауына

қарай әкесінің атына “ұлы”, “қызы” сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың

әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділмұрат) ата - аналарының қалауына қарай екі

аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса,

шешесінің нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады,

ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі.

Slide 8

Жазылым

Тапсырма:

Сыныбыңның оқушыларымен ақылдаса келіп, «Балаларды қылмыс жасаудан қорғайық!» атты қоғамдық форум өткізуді жөн көрдіңіз делік. Ендеше жоғарыдағы ақпараттарды негізге ала отырып, форумның жоспарлы әрекетін өз пікіріңізге қосып, ойыңызды ашық білдіріңіз

Форумға қатысушылар атынан көпшілікке Үндеу хат жолдаңыз.


Ұқсас жұмыстар
Мүгедектерге қатысты көзқарас модельдерінің жіктелуі және әлеуметтік қорғау шаралары
Интеллектуалды бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және әлеуметтік-құқықтық негіздері
Мектеп оқушылары арасында суицидтің алдын алу: отбасылық және мектептік факторлар, өзін-өзі бағалау мен қолдау шаралары
Әлеуметтік топтардың түрлері мен жіктелуі: отбасылық топтың рөлі
Отбасы мен некенің құқықтық мағынасы, түрлері, функциялары және қорғау жүйесі
Балалардағы девиантты мінез-құлықпен отбасылық әлеуметтік жұмыстың мазмұны, формалары және бағыттары
Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық пен сабақтас құқықтар: құқықтық негіздер мен қорғау шаралары
Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы: теориялық негіздер мен қорғау шаралары
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы: құқықтық негіздері, мазмұны және қорғау шаралары
Қылмысқа қатысу: мәні, түрлері мен нысандары және қатысушылардың жауапкершілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz