Саятшы Ораз әңгімесі


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

Сәбит Мұқанов

“Саятшы Ораз” әңгімесі

Атырау облысы

Жылыой ауданы

Құлсары қаласы

№19 жалпы орта білім беретін мектеп

7 “а” сынып

Өткізген:А. Дүйсенова

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Slide 2

Білімділік : шығарманың мазмұнын меңгеру, идеясын тану,

әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың

саятшылық өнері туралы мағлұмат беру

Дамытушылық : оқушылардың өзіндік ой қорыту, таным

қабілеттерін, шығармашылығын дамыту

ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын оқушы

бойына сіңіру, өзіндік ой-қиялын дамытуға,

өзіндік ой түюге, өз пікірін дәлелдей алуға

қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік : адамгершілік қасиеттерге, оның ішінде

кішіпейілділікке, кеңдікке баулу, халқымыз

қадір тұтқан аң - құстарды аялауға, табиғатты

сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты:

Slide 3

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, кубизм

әдісі, тест, салыстыру, сатылай кешенді

талдау, өзін-өзі бағалау.

Пәнаралық байланыс: география, музыка

Көрнекілігі: интерактивті тақта,

жазушының портреті,

карта, саятшының, аңға түсетін қыран

құстардың суреттері, алты қырлы кубик,

видеоролик.

Slide 4

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасы.

1) Қызығушылықты ояту.

Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы не білеміз?

“Есіл бойында” әңгімесінің тақырыбы не?

Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

2) “Кубизм” әдісі:

Суреттеңіз. Салыстырыңыз. Қолданыңыз. Дәлелдеңіз. Қарсы шығыңыз

Зерттеңіз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1) “Зерделі сұрақ, ұтымды жауап” (“Саятшы Ораз” әңгімесі бойынша)

2) “Біліміңді толықтыр” (Құсбегілік, саятшылық туралы)

3) “Білгенге маржан” (сөздік жұмысы)

4) Шығарманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау

5) “Ой толғаныс”(бес жолды өлең)

6) Мәтінмен жұмыс

ІV. Сабақты бекіту

Тест

V. Үйге тапсырма.

VІ. Бағалау.

Slide 5

СУРЕТТЕҢІЗ.

Есіл өзенінің көрінісін жазушы тілімен берілген

пейзаж арқылы суретте.

САЛЫСТЫРЫҢЫЗ

“Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші мен Ж. Аймауытовтың

“Әнші” әңгімесіндегі әншіні салыстыр

ҚОЛДАНЫҢЫЗ

“Есіл тасып барады” әнінің тарихынан әңгіме құрастырып айт

ДӘЛЕЛДЕҢІЗ

Мырзатай орындаған әндердің әсерін әңгімеге сүйене

отырып әңгімеле

ҚАРСЫ ШЫҒЫҢЫЗ

Әңгіме кейіпкерінің “Қазақ әндерінің сөздері әр пікірден құралған қойыртпақ” деген пікіріне мен. . .

ЗЕРТТЕҢІЗ

“Есіл” өзенінің географиялық орнын зерттеңіз

Slide 6

Мына суреттердің байланысын анықта

Slide 7

Құсбегілік - қазақ ұлтының қанына сіңген көне дәстүр.

Бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер.

Slide 8

Бүркіт

Сұңқар

Қаршыға

Ителгі

Тұйғын

Жағалтай

Slide 9

Қазіргі Қазақстандағы құсбегілік

Құсбегілік өнер соңғы 10 - 15 жылдың ішінде Қазақстанда қайта жандана бастады.

1998 жылдан бастап құсбегілердің басын қосып, баптаған қырандарын сынға салатын "СОНАР” мерекесі дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.

Қарағанды мемлекеттік университетінің жанынан арнайы құсбегілер мектебі ашылды.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұра ауылындағы

Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебі жанынан Республикалық құсбегілер мұражайы ашылған.

Slide 10

“Зерделі сұрақ, ұтымды жауап”

1) Сәбиттің есінде кім көбірек сақталған, неге?

2) Қазақтың құсбегілері қандай құстарды қолға үйреткен?

3) Ораздың мергендігі қалай суреттеледі?

4) Ораз құс салумен жылдың қай мезгілінде айналысады?

5) Мұқан қысқы үйін неге күйеу баласы Сүлейменнің үйінің

қасынан салмады?

6) Ораздың достары кімдер?

7) «Ең ауыр ақы-көрші ақысы»дегенді қалай түсінесің?

8) «Қанжығасын қанды етіп қайтады»дегенді қалай түсінесіңдер?

9) Ораздың жасы 60-тың тең ортасынан асса да денсаулығының

мықты болуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?

(“Саятшы Ораз” әңгімесі бойынша)

Slide 11

Білгенге маржан (Сөздік жұмысы)

1. Саятшы- құсбегі, құс баптаушы

2. Сауға беру- ақысыз беру, садақа беру

3. Поселке- шағын ауыл

4. Шілік- төрт түлік мал сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі

5. Ителгі- Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар

мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі

6. Қаршыға- өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда

Алтай, Алатау тауларының бөктерлерінде мекен етеді

7. Тұйғын- қанаты қысқа, құйрығы ұзынырақ

қаршығаның бір түрі. Ұсақ аңдар мен құс

ұстауға өте ыңғайлы

8. Гәп- әңгіме

9. Кездік-пышақ

Slide 12

Шығарманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау

1. Әңгіменің тақырыбы-

2. Әңгіменің авторы-

3. Жанр түрі-

4. Әңгімедегі кейіпкерлер-

6. Әңгіменің басталуы-

7. Әңгіменің байланысуы-

8. Әңгіменің дамуы-

9. Әңгіменің шарықтау шегі-

10. Әңгіменің шешімі-

«Саятшы Ораз»

С. Мұқанов

әңгіме

Ораз, Мұқан, Сүлеймен

жазушының есінде қалған жалғыз

адам - саятшы Ораз.

Ораздың балаларды жақсы көруі

Ораздың аңшылығы, адамгершілік қасиеттері

Ораздың Мұқанның үй - ішіне көмек

көрсетуі.

5. Жазушы идеясы-

“Ең ауыр ақы-көрші ақысы”

саятшылық, аңшылық өнерді дәріптеу

Slide 13

Ой толғаныс

Бес жолды өлең

1. Зат есім (кім?)

2. Сын есім (қандай?)

3Етістік (Не істеді? Қайтті?)

4. Синоним

5. Сөйлем құра

Slide 14

Портрет- шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.

Пейзаж-жазушының шығармада табиғатты көркем суреттеуі.

Мәтінмен жұмыс

(көркемдегіш құралдарды табу)

Slide 15

1) Ораз портреті

Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағынішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам…

2) Пейзаж

Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп-түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады, да, төңіректей қалың ағаш өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.

Slide 16

Ораз қандай?

Ораз

аңғал

ақкөңіл

көпшіл

жанашыр

балажан

адал

кішіпейіл


Ұқсас жұмыстар
Сәбит Мұқанов Саятшы Ораз әңгімесі
Сәбит Мұқанов кім
С. Мұқанов Саятшы ораз
Түсініктеме сөзден Түсініктеме сөзінде
Ауыз әдебиеті - халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асыл қазынасы
Кішкентай шығармасының авторы
Миллион кімге бұйырады
Ана әмірі - Қысқа әңгіме
Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі
Мұхтар Әуезов (1897-1961)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz