АТМОСФЕРА ҚҰРАМЫ



Сабақтың тақырыбы:
Атмосфераның құрамы,
құрылысы.
Атмосфералық қысым

Сабақтың мақсаты:
Атмосфера туралы төменгі сыныптарда
алған білімдерін тереңдету.
2. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды
әрі қарай дамыту, дүниетанымдық
қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін
арттыру, танымдық қызығушылықтарын
жетілдіру.
Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға,
қастерлеуге тәрбиелеу.

“Көпір”аялдамасы
Үшінші ғаламшар қалай аталады?
Жердің сыртын қандай қабықтар құрайды?
Атмосфера дегеніміз не?
Атмосфераның құрамын ата.
Ауа қандай газдардан тұрады?
Тіршілік үшін маңызы бар газ.
Атмосфераның құрылысы қандай?
Атмосфераның ең төменгі қабаты?
Атмосфераның ең жоғары қабаты?
Атмосфералық қысым дегеніміз не?
Қалыпты атмосфералық қысым нешеге тең?
Ауа қысымын өлшейтін құрал?

ІІІ топ “Атмосфералыққысым”
Физиктер
І топ “Атмосфераның құрамы”
Химиктер
ІҮ топ
“Атмосфераның
ластануы”
Экологтар
ІІ топ
“Атмосфераныңмаңызы”
Географтар

Ауа көптеген газдардың қоспасынан тұрады. Жалпы 1 м2 атмосферадағы
ауаның салмағы 10 т тартады. Жер жүзіндегі әрбір адамға орта есеппен
2 млн т ауа келеді. Ауадағы оттегінің мөлшері 11 * 1014 т. Осыншама
мөлшердегі ауа тірі ағзалардың тыныс алуына жұмсалады. -1400 С
температурада, 4 МПа қысымда ауа түссіз, мөлдір сұйықтыққа айналады.
Ауаның құрамында азот, оттек, инертті газдар, көмірқышқыл газы,
су буы, шаң - тозаң және т. б. газдар болады. Ауаның құрамы үнемі
бірқалыпты болу керек. Ол үшін шығындалған оттегінің мөлшерін
әрқашан қалпына келтіріп тұру керек. Өсімдіктер жылына 300 млрд т
көмірқышқыл газын сіңіріп, 400 млрд т оттегін шығарады.
1774 жылы француз ғалымы А. Лавуазье ауа азот пен оттегінің қоспасы
екенін дәлелдеді.
ОТТЕГІ - түссіз, иіссіз, дәмсіз газ. Суда аз ериді, ауадан ауыр. Судың 89%,
адам ағзасының 65% оттегі құрайды.
АЗОТ - ауаның негізгі құрам бөлігі. Таза азот түссіз, иіссіз, дәмсіз, суда аз
еритін, ауадан жеңіл газ.
КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ - ауаға жану, шіру, демалу үрдістерінің нәтижесінде
және жанартаулардан тарайды. Өсімдіктер сіңіреді және сумен жанасқанда
ериді.
ИНЕРТТІ ГАЗДАР - мөлшері өте аз. Аргон - 9, 3 мл, неон - 18 мл, гелий - 5 мл,
криптон - 1мл, ксенон - 0, 08 мл. Олар түссіз, молекуласы бір атомды.

Жер бетінде өтіп жатқан түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршілік
атаулы ауамен байланысты. Қайда барсақ та - теңізде, құрлықта,
тауда, жер асты үңгірлерінде, барлық жерлерде ауа болады. Адам
тамақ ішпей 5 апта, сусыз 5 тәулік өмір сүре алады, ал ауасыз
1 - 2 минут қана шыдайды. Сол себепті халықта “ауадай қажет”
деген нақыл сөз бар. Ауа қабығы болмаса, жер бетінің температурасы
Айдағы сияқты күн мен түннің арасында өте үлкен мөлшерде
ауытқып тұрар еді, метеориттер үздіксіз жерді соққылап жатар еді.
Атмосфера күн сәулесін шашыратып түсіреді, сондықтан Жер беті күндіз
Күн сәулесінен қатты қызбайды, түнде өте суымайды, метеориттер
Жерге жетпей -ақ атмосферада жанып кетеді.
Ауа - тіршілік көзі. “ауа - өмір тынысы” деп халық бекер айтпаған.
тыныс алу тоқтаса, өмірде тоқтайды. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу
халық салты, өмір заңы.
Жер шары - “дәу” әлем,
Қоршаулы ауамен.
Ауасыз кім шыдар?
Ауасыз тұншығар,
Күн, Жер, Су, Ауамен
Күнде ду мына әлем.

Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады. Ауырлық күшінің әрекетінен оның
жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіреді. Атмосфера - газ, сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық
бағытта таратады. Соның салдарынан Жер бетіне және ондағы барлық
денелерге атмосфералық қысым түседі. Бақылауларға қарағанда теңіз
деңгейінде жатқан жерлерде атмосфералық қысым орта есеппен
760 мм сын. бағанына тең. Атмосфера арқылы байланыс құралдары жұмыс істейді. Ауа райы құбылыстары да атмосферада бақыланады.
Жер бетінде 5 - 6 км биіктікте ауаның жартысы, ал 10 - 11 км биіктікте
¼ бөлігі ғана бар. Адам 4-5 километрге дейінгі биіктікте өмір сүре алады.
Одан әрі көтерілгенде оттегімен тыныс алуға мүмкіндік беретін арнайы
құрал қолданылады. Әсіресе, ұшақтарда мұның маңызы зор. Ал
атмосфера мүлдем жоқ биіктікте зымырандардың жабық кабиналарын
сығылған ауа немесе оттегі қорын ала жүріп, сол арқылы ауамен
қамтамасыз етеді. Атмосфералық қысымның тек биіктікке ғана емес,
сонымен бірге ауа райына да байланысты өзгеріп отыратынын
Торричелли де, Паскаль да дәлелдеп берді. Атмосфералық қысым
адамдардың көңіл - күйіне, денсаулығына елеулі әсерін тигізеді.
Атмосфераның күйіне (температурасына, ылғалдылығына) байланысты
атмосфералық қысым да өзгеріп отырады.

Атмосферадағы ауа құрамының өзгеруіне 2 түрлі жағдай әсер етеді:
Табиғи жағдайлар. Оған жанартаулардың атқылауы, өрт, апатты
құбылыстар т. б.
Өнеркәсіптік, радиоактивті ластану. Әсіресе көмір, мұнай, газдарды
жағу кезінде ауаның құрамында түрлі улы газдар көп мөлшерде бөлінеді.
Жалпы атмосферадағы ауаның ластануы қазіргі кезде ғаламдық деңгейге
жеткендігін ғалымдар мойындап отыр, оларды алаңдатып отырған ең бір
өзекті мәселе - Жер бетінің ғаламдық деңгейде жылынуы. Ғаламдық
жылыну климаттың өзгеруіне басты себеп. Озон қабатының жұқаруы,
кейбір аймақтарда озон қабатында ойықтардың пайда болуы,
жылыжайлық эффект мәселесі. Жылыжайлық эффект кезінде Жер бетінен
кері шағылысатын инфрақызыл сәулелер ауада шоғырланып, трапосфера
қызады, яғни температура көтеріледі. Атмосфераның ластануынан Жер
бетінде қышқыл жаңбыр жауады. Жаңбыр суының құрамында күкірттің
қос тотығы, азот тотығы қосылады. Қышқылды жаңбыр өсімдіктер және
жануарлар және адам үшін өте зиянды. Ғалымдардың деректері бойынша
соңғы 100 жыл ішінде қышқылды жаңбыр жауу 30 есе көбейген.
Атмосфераның ғаламдық жылуы дәл қазіргі деңгейде жалғаса беретін
болса, алдағы 50 жыл ішінде Жердің орташа температурасы 2-4 градусқа
көтерілуі мүмкін.

Көркем бейнелеу




«Есептер» аялдамасы.
1 - есеп. Тәулігіне 1 ағаш 1 адамға жететін оттегі бөледі. Қалада қажетсіз газдардың
бөлінуіне байланысты бұл оттегі 10 есе кемісе, бір жарым миллион халқы бар Алматы
қаласының тұрғындары үшін қанша ағаш қажет?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz