Кітап беттерін жыртпа



Кітап -
қашан да қастерлі !
“Алғабас” орта мектебі
( ертеңгілік )

Кітап - қашан да қастерлі !
( 23 - сәуір -кітап күніне арналған ертеңгілік )
Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой өрісінің дамуын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру.
Кітапханашы:
Кел балалар оқылық,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей -ақ табылар! - деп Ыбырай атамыз айтқандай
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар !
Сіздер 23- сәуір Дүниежүзілік кітап күні мерекесіне арналған «Кітап қашан да қастерлі ! » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған арманымыздың орындалуын тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Білім алудың басты құралы - кітап.
Оқушы:Кітап адам баласы ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отыоатын, білім және тәрбие беретін құрал . Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді
Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Ертегі, әңгіме сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

Оқушы: Кітап - араптың «жазу» деген сөзі. Кітап- рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу- тәрбие құралы . Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен манахтар ғана білген. Сондықтан дүниежүзіндегі тұңғыш кітаптар - еврей еліндегі «Таурат», қытай тіліндегі «Конфуция», араб тіліндегі «Құран», парсы тіліндегі «Авеста», грек тіліндегі «Інжу» болып танылған.
Оқушы : Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.
Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке төзімділікке баулиды.
Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді.
Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл- кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі өнеге алады.
Кітап - біздің рухани жан азығымыз. Кітап дегеніміз- қоғам.
Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді. Сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді.
Кітап -ғажап дос. Өмірдің қиын сәттерінде сырласың болады. Ешқашан өкіндірмейді. Кітаппен достассаң білім нәріне кенелесің. «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ » деген осы.
Кітапханашы: Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, алдында бас иіп, көптеген ақын- жазушы ағаларымыздың өлеңдерін жатқа білетін оқушыларымызды тыңдап көр

Оқушы: Кітап бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жатып ап,
Көтеріп күшін көңілдің.
Оқушы : Айдыны шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бұл,
Татпасаң нәрін шөлдерсің
Оқушы: Кітап та алма ағашы,
Жемісін бізге беретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін.
Оқушы: Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Оқушы: Адамның досы кітап- өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлік.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Оқушы: Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит.
Оқысаң кітап сырын ашып терең
. Оқушы: Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан,
Кітап маған ұнады.
Кітап - білім бұлағы.

Оқушы: Кітап оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып, қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой- өрісін,
Сол кітап тек ақылшы күнде маған.
Оқушы: Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көктеп.
Кітапханашы:- Өте жақсы. Ал, балалар,
А. Байтұрсыновтың мына
өлеңіне назар аударалық !
Балалар, бұл жол басы жаңалыққа,
Келіңдер, оқып байқап қаралық та.
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық, -
Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та, - дей
отырып, кітаптар әлемін қызықтайық.

Ендігі кезекті көрініске берейік. «Кітап календарь емес»
Ағасы 1- сыныпта оқитын інісінің Ана тілі кітабын көріп таңданады.
-Берік бері келші.
-Не аға?
-Ана тіліңнің басқа беттері қайда кеткен. Алдыңғы 60 бетін кім жыртып алған .
-Мен .
- Неге.
-Керегі жоқ қой. Өтіп кеткен сабақтар ғой.
- Е, сонда оқулық календарь болғаны ма?
-Иә, - деді Берік.
-Күнде өткен сабақты күнде жыртып тастаймын. Әйтпесе, кейін қай тақырыпты өттік, қай тақырыпты өтпедік білмей шатасып кетемін.
Ағасы қабағын түйіп:
-Бұлай етуге болмайды, - деді.
Ал Берік нық түрде
-Болады, - деді.
-Біздің сыныпта балалардың барлығы сөйтеді.
Ағасының көзі атыздай болып кетті.
-Кітапты жыртуға болмайды. Бұл- қылмыс, -деп айқайлап жібереді.
-Ағатай енді кітапты жыртпаймын - деп қорқып кетеді.
Берік сөзінде тұрып осыдан кейін і кітаптарын жыртпайтын болды.
Кітапханашы:Кітап адам баласының ақыл -ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан -ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал.
Кітап - сенің ақылшың, досың, сырласың. Ең алғаш дүниеге келгенде анадан тәрбие аласың, ал, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш қолыңа кітап ұстағанда кітаптан білім аласын. Алғаш жазу жаза аласың, алғаш әріп тани білесің. Ал оның бәрін кім үйретеді? Біз шын сенімімізбен ұстаз үйрететінін, ал үстаз оңы кітаптан алатынын білеміз
Оқушы: Білімді кітаптан үйренесің Білімнің қаншалықты қажет екенін, білімсіз еңбек ете алмайтынын бүгінгі күнге шейін адам баласы білуі керек, яғни міндетті болып саналады . Білімді кітаптан үйренген адам жан- жақты ақылды, талантты, дарынды, ғалым болуға және келешекте күрделі жұмыстар атқаруға көмектеседі. Кітапты оқи білу түсіну, қабілеттерін атқарады. Білім өмірдің қызықтарын, қаншалықты өмір сүрудің қажет екенін дәлелдейді.

Көрініс «Ескі кітап »
Жалпы демалыс аяқталып, оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады.
Талшын 6- сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйге келді. Анасы оның қабағындағы кірбіңді байқады.
Анасы: - Қызым саған не болды? Біреу ренжітті ме ?
Талшын: - Жоқ.
Анасы : Енді не болды ?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz