Ашық тұқымды өсімдіктер


Slide 1

Ашық тұқымды өсімдіктер

Slide 2

Ашық тұқымдылардың пайда болу

Ең алғаш ашық тұқымдылар 350 млн. жыл бұрын девон кезеңінің соңында пайда болды.

Тас көтір кезеңінің басында жойылып кеткен ертедегі пайда болған.

Мезозой эрасында - тау түзілу дәуірінде, материктердің көтерілуі және климаттың құрғауы кезінде - ашық тұқымдылар көбейе бастады.

Slide 3

Ашық тұқымдылардың жалпы сипаттамасы.

600 шамасында түрлері болса, оның 100-ге жуығы қарағай түрлерінің үлесіне тиеді.

Ағаштектестерге жатады, алайда бұта тектестерде кездесді.

Жапырақтары ине тәрізді.

Мәңгі жасыл өсімдіктер.

Гүлі және жеміс болмайды.

Негізгі тамыры болмайды.

Әр түрлі жынысты өсімдіктер.

Ұрықтану судың қатысуынсыз жүреді.

Аталық гаметалары - қозғалыссыз спермалар.

Көбеюі тұқым арқылы жүзеге асады.

Slide 4

Тұқыммен даму ерекшеліктері.

1. Неліктен бұл өсімдіктер тобы «ашық тұқымдылар» деп аталған?

Ашықтұқымдыларда тұқым жеміс қабырғасымен жабылмаған. Олар бүрде, қабыршақта орналасады, яғни ашық.

Тұқымның пайда болуы - споралы өсімдіктерден артықшылығын көрсететін, үлкен эволюциялық алға басу

2. Қалай ойлайсыздар, бұл артықшылық неде?

Тұымда артық қор заты болады және ұрық қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен жақсы қорғалған.

3. Қылқан жапырақты өсімдіктер жөнінде айтылғанда, сіздердің ойларыңызға қандай өсімдіктер келеді?

Шырша және қарағай - қылқан жапырақты ашық тұқымдылардың ең белгілі өкілдері.

4. Бұл өсімдіктерде тұқым қайда түзіледі?

Тұқым түрі өзгерген, қысқарған, генеративті өркен - бүрінде түзіледі.

Slide 5

Қарағай

Шырша

Қарағайдың аталық бүрлері 8-12 мм, сары немесе қызғылт болады. Аналық бүрлер 3-5 см ұзындықта, конус тәрізді, симметриялы, дара немесе 2-3 түйірден болады; тозаңданудан 20 ай өткеннен кейін, қараша - желтоқсан айларында пісіп жетіледі; ақпан, сәір айларында ашылады және жақын арада түсіп қалады.

Шыршаның аталық бүрлері - өткен жылдың сабағының ұщында түзіледі. Тозаңдану мамыр айында жүреді. Аналық бүрлер екі жылдық бұтағының ұшында түзіледі. Бастапқы кезде олар тік өседі, содан соң ағаштың ұшар басымен біртіндеп төмен қарай бұрылады және салбырап өседі; күз айларында пісіп жетіледі (Ресейдің Еуропа бөлігінде - қазан айында) . Пісіп жетілген бүрлер - ұзындығы 15 см және ені 4 см-ге дейін ұзарған болып келеді.

Slide 6

Жапырақтары - ине тәрізді, көп жылдық .

Қарағай - қылқандары 2 жұп болып бірге орналасады, төменгі жағы қанық жасыл, жоғарғысы көкшіл-жасыл болып келеді, 3-4 см ұзындықта және ені 1, 5-2 мм. Қылқандары 2-6 жыл (кейде 9 жыл) өмір сүреді және қылқандары қысқарған сабақтарымен бірге түсіп қалады.

Шырша - қылқан жапырақтары ине тәрізді, жасыл, қысқа, төрт қырлы, қатты және өткір болып келеді. Жапырақ тақтасында дара, спиральданып орналасады. Қылқандарының ұзындығы - 1-2, 5 см. қылқандарының өмір сүру ұзақтығы 6 және одан да көп.

Slide 7

ҚАРАҒАЙ 350-400 жылға дейін ӨМІР СҮРЕДІ

30 - 40 м биіктікке дейін жетеді

Slide 8

Шырша

250 жылға дейін өмір сүреді

Ол 40 м биіктікке дейін өседі

Slide 9

Бал қарағай жыл сайын қылқандарын түсіріп отырады.

400-500 жылға дейін өмір сүреді, ұзындығы 30 м және диаметрі 2м-ге жетеді.

Slide 10

Шырша

Қарағай

Slide 11

Негізгі белгілері

Кәдімгі қарағай

Кәдімгі шырша

Қылқанының ерекшелігі

Бұтақтарының орналасуы

Бүршіктері

Тамыр жүйесіндегі ерекшеліктер

Жарыққа тәуелділігі

Топыраққа қатысты талабы

Ылғалдылықты қажет етуі

Тұқымның тозаңдануы және таралуы

Ашық тұқымды өсімдіктердің салыстырмалы ерекшеліктері

Уйге тапсырма:

Slide 12

Уйге тапсырма:

- §22, сұрақтарға жауап беру;

Терминдерді қайталау, «Ашық тұқымды өсімдіктердің салыстырмалы ерекшеліктері» кестені толтыру;

Өз қалауларың және мүмкіндіктеріңе қарай:

- тақырыпқа сай кроссворд құру.

Slide 13

Ашық тұқымдылар жапырақтарының көптүрлілігі

Вельвичия

Гнетум

Сосна

Кипарис

Туя

Slide 14

Қарағай - қылқанжапырақты өсімдіктер өкілі

Slide 15

Ұсақ қызғылт түсті аналық бүршіктері жас өркендердің ұшар басында тұрады. Аналық бүршіктерінің қабыршақтары екі-екіден жетіледі, және олардың арасында тұқым өскіндері (семязачаток) дамиды. Онда мегаспора (аналық спора) түзіледі. Қайта - қайта бөлінуі нәтижесінде аналық гаметофит - жұмыртқа жасушасы және эндосперм түзіледі.

Аналық бүршік

Slide 16

Желмен ұшып келген тозаң аналық бүршік қабыршағына түседі. Тозаң дәні өсіп, спермия тозаң түтігі бойымен жұмыртқа клеткасына жетеді және онымен қосылып - ұрықтану жүреді. Спермия мен жұмыртқа жасушасы қосылып, екі еселі (диплоидты) хромосом жинақты жасуша - зигота түзеді. Бұл спорофиттің бірінші жасушасы.

Тұқым өскіндерінде сырты қорғаныш қабатымен қапталған, артық қор заты бар тұқым дамиды. Аналық бүршік пайда болғаннан кейін және оған микроспоралар жіберілгеннен кейін, екінші жылы, тұқымдар себіліп, жел арқылы таралады.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Жалаңаш тұқымдылар бөлімі
Жабық тұқымды өсімдіктер
Даражарнақты класы
Тұқымды өсімдіктер сипаттамасы
Жалаңаш тұқымдылар
Қосжарнақтылардың тамыры
Өсімдіктер эволюциясының кезеңдері
«Бір жасушалы балдырлар»
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
Папоротник тәрізділер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz