Жапсырмалау өнері




Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Жапсырмалау өнері
Технология мұғалімі:Ильясова.Г.Ж.
Сабақтың тақырыбы:Жапсырмалау өнері
Сабақтың мақсаты:Ою-өрнек туралы түсінік
беру.Ою-өрнекті жапсырмалаудың технологиясы
Білімділік:Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне
сипаттама беру және жапсырмалау технологиясын
үйрету.
Дамытушылық:Ою-өрнектің тілін түсіндіру,сырына мән
беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік:Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-
өрісін,білімін жан-жақты дамыту,халқымыздың асыл
мұраларын, салт дәстүрін,өнерін құрметтеуге
тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу түгелдеу

Сынып тазалығын тексеру

Оқушы назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау Жаңа сабақ
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген
көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы
қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті
мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан
геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи
және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-
ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы)
ретінде кездеседі.
Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй
іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын,
батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған.
Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне
мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген
теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі
заттар т.б.)
Өсімдік сипатты ою-өрнектер
ОҚУШЫЛАРМЕН АМАНДАСУ
Сабақты түсіндіру
• Жапсырмалау өнері
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен
киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19
ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-
өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық
түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне,
тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына
(зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал
сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже
бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан
ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты
өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
• Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған.
Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге
болады. Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған
мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы
басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін
танытады. Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз,арқармүйіз болып түрленіп отырады.
Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Төртқұлақ өрнегі
кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Ол ағаш бұйымдар бетінің кейде дәл
ортасына, кейде бұрышына бедерленген. Ағашбұйымдарда түлкібас, иттабақ, итемшек, қарақұс,
құстұмсық, көбелек, ботамойын, түйетабан, шыбынның қанаты деп аталатын зооморфтық
өрнектер ұшырасады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады.
ҮЙ ТАПСРЫМАСЫН ТЕКСЕРУ
Өрнектердің түстері мен бояулары
•Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды шеберлер өздері қолдан жасап алатьін оларға
әр түрлі қоспаларды қосып.
Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ,
сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл)
ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара
бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл,
долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі
жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие
жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу
жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар,
жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар
қайнатңан. Қына (жер қынасы, тас бетінің қынасы) «томарбояу» дейтін қурай мен
тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған.
Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады.
Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған
сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген.
Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын.
Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның
күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы әр түсті бояулар
жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан сияқты ащы
шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған
ТІГІН МАШИНАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
Көрнекілігі:Суреттер,бұйымдар
Технолгия сабағын өнермен байланыстыру
Негізгі бөлім

Жапсырмалау өнері арқылы балалардың ой-өрісін
дамыта отырып бүгінгі сабақты түсіндіру.Сұрақ қою
арқылы тақырыпты түсіндіру. Деңгейлік тапсырмалар
беру.Үйге тапсырма беру.Оқушылардың жұмыстарын
тексеру.Бағалау.Қорытындылау.
Оқушылардың жұмыстарымен танысу
Әдістері:Жаңа сабақ Жапсырмалау өнері
тақырыбы талқыланды,салыстырмалы
талданды.Суреттермен жұмыс
жүргізілді,ережелердің өзіндік қауіпсіздігі
бар екендігі анықталды.Сұрақ-жауап
арқылы тақырыпты қорытындылаймыз
Спорт ойындары
Қорытындылау
Баскетбол. Допты жоғарыдан екі қолмен (бастан
жоғары), жоғарыдан, төменнен бір қолмен беру.
Допты бір қолмен, екі қолмен ұстау. Допты бір
Тақырыпты қорытындылау.Үлгеріміне
орында (оң жене сол қолмен) және қозғалыста
қарайжәне
(төмен жалпы немесе
жоғары, қозғалужекелей тапсырма
бағытын өзгерте) алып
беру.Үй
жүру, алдаптапсырмасын беру. Сергіту
өту. Баскетбол себетіне сәтін
допты орнынан,
жасату.Оқушылармен
қозғалыс кезінде лақтыру.қоштасу.
Жаттығу ойыны.
Шабуылдағы, қорғаныстағы ойын тактикасының
элементтері. Қорғаныстағы ойыншының жеке іс-
әрекеті: қағып жіберу, жұлып алу, себетке лақтыру,
ойыншыны бақылау.
САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ. БАҒАЛАУ
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Сәулет өнері туралы түсінік
Жұқа матаны
Шығармашылық қабілеттін дамыту
Қос қанатты - құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек
Сабақтың дамытушылығы
Білезік
Балықты еріту
Кузовты сырлау және жапсырмалау жұмыстарына арналған жабдықтар
Мүсін және сәулет өнері
Париждегі бейнелеу өнері мұражайы
Пәндер