Достық: анықтамасы, қасиеттері және тәрбиелік аспектілері


Slide 1

Мен

және

Менің досым

Slide 2

Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқы-сыз сеніп, тілектес, ажырамас дос болуы. Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Slide 3

Достық дегенді қалай түсінеміз? Дос дегеніміз қандай болу керек? Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз? Достық жасқа байланысты ма? Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма? Жақсы дос, жаман дос қандай болады? Досың бар ма? Ол кім?Өз досыңа сипаттама бер!

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Жағдаяттар

1

2

4

3

5

6

Slide 7

Жақсы дос Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды

Slide 8

Алғашқы жауын жауғанша

Данамен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын.

-Плащынды шеш, екеуіміз бірге жамылайық! - деді Бота.

Шеше алмаймын, үстім су болады ! -деді Дана.

Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмаңдай сусын. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.

-Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды»-деді Бота.

-Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр -деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.

Slide 9

Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

Slide 10

Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?

Slide 11

Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Топ жиналысында оны талқылап жатыр.

Ол сенен көмек күтіп отыр.

Сен не айтар едің?

Slide 12

1. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады

2. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

3. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

4. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

5. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

6. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

7. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

Slide 13

Ойды жалғастыр!

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені . . .

Ә) Сыйластық бар жерде . . .

Slide 14

* Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

* Досыңды алдамай, оған адал бол.

* Досыңды қорлама.

* Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

* Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

* Досыңның кемшілігін кешіре біл.


Ұқсас жұмыстар
Достықтың мәні мен тәрбиелік аспектілері
Тәрбие сағаты: Достықтың маңызы мен тәрбиелік аспектілері
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні және этнопедагогиялық аспектілері
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен поэзиясы: шығармашылық және тәрбиелік аспектілері
Білім беру парадигмасының психологиялық аспектілері, анықтамасы және жіктелуі
Қызмет көрсету мәдениеті: анықтамасы, негізгі аспектілері және деңгейіне әсер ететін факторлар
Параллелограмм: анықтамасы, қасиеттері, аудан формулалары және есептер
Мінез-құлықтың жіктелуі, типтік қасиеттері және тәрбиелік мәселелері
Алгоритм: анықтамасы, қасиеттері және сипаттау тәсілдері
Достық: түсінігі, түрлері және сенімнің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz