Құрметті жолаушылар


Slide 1

Фурманов орта мектебі

Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде өткізілген сыныптан тыс іс-шара

Тренинг сабақ

Тақырыбы: «ҰБТ - 125 кемесі»

Өткізген: мектеп психологы

Абильдина Асем Жаналыковна

26 ақпан, 2016ж

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Менің сүйікті де қымбатты, ата-анам, қадірлі ұстаздарым! Мен сіздерге хат жазып отырмын. Мен Ұлттық Біріңғай тестін өте жақсы тапсыруды армандайтын, Париж, Лондон, не Астананың беделді жоғары оқу орынында оқуды қалайтын мектеп бітірушісімін. Мен сіздердің ұлыңыз не қызыңызбын, не шәкіртіңізбін. Мен үшін сіздердің маған деген қарым-қатынастарыңыз өте маңызды. Қазір, тестілеу күніне аз уақыт қалғанда, маған сіздердің қолдауларыңыз өте қажет, мен оған зәрумін. Сіздер мен үшін қатты уайымдайтындарыңызды білемін. Сіздер менімен жиі сөйлесіп, қолдау көрсетіп отырсаңыздар. Сіздер маған көбінесе сенімсіздік ұялатасыздар. Қазір менде қорқыныш бар. Ол - «мен Ұлттық Біріңғай тестіні тапсыра алмай, сіздердің үміттеріңізді ақтай алмаймын ба деген қорқыныш». Мен үшін «Қорқатын еш нәрсе жоқ. Сен мықтысың, білімдісің. Сондықтан өзіңнің Ұлттық Бірыңғай тестінді жақсы тапсырасың!

Ал егер тапсыра алмай қалсаң, мен сені жақсы көретін, саған көмектесетін, сені түсінетін адамың екенімді ұмытпа! Алайда, сен міндетті түрде тапсырасың! Мен сенің Ұлттық Біріңғай тестіні тапсыру үшін барлығын жасайтынымды білемін» деген сенім ұялатар сөздеріңіз маңызды . . .

Иә, сіздердің сөздеріңізге немқұрайлы қарайтын кездерім болады. Бірақ, мен ол сөздерді есте сақтап, жүрегімде қалдыратынымды біліңіздер. Маған қолдау көрсетіңіздер, сенім ұялатыңыздар, кеңес беріңіздер. Кей кезде дұрыс тамақтануымды, ұйықтауымды, оқуымды қадағалаңыздар. Менімен отырып, менің тест жұмысымды бірге оқыңыз. Мен соған қуанамын, өзіме сенімді боламын.

«Сөз адамды өсіреді, не өшіреді». Таңдау сіздерде, мен сіздерді қатты жақсы көретінімді біліңіздер!

Ата-аналар мен ұстаздарға 11-сынып оқушыларынан хат

Slide 5

«ҰБТ - 125 кемесі»

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті жолаушылар! Шоқан Уәлиханов аралына саяхатқа шығатын «ҰБТ-125 кемесі » Жайық жағалауына келіп тоқтады. Бортқа жолаушыларды отырғызу басталды. Құрметті жолаушылар кемеге отырар алдында «тексеруден» өтулеріңіз сұралады. Қолдарыңызда рұқсат қағаздарыңыз бен жеке басты куәландыратын құжаттарыңыз болуы тиіс.

Жолаушы азаматтар! «ҰБТ-125 кемесі жүргелі тұр. Шығарып салушылар! Каютодан шығуларыңыз сұралады. Сақ болыңыздар! «ҰБТ-125 кемесі » Шоқан Уәлиханов аралына қарай жүруге бет алды. (Параход дауысы шығады) .

Құрметті жолаушылар! Жолымыз ұзақ, терең де тайаз жерлеріміз көп. Сіздермен 210 минуттық саяхатта бірге болатын кеме капитаны Абильдина Асем Жаңалыққызы. Кемеге қош келдіңіздер! Құрметті жолаушылар, 3 сағат 30 минутқа созылған бұл саяхатымызға тез жетуіміз үшін 5 аралдан өтуге тура келеді. Әр аралдың тоқтау мерзімі 5 минут.

Сапарлас болатын жолаушылармен таныс болып отырайық.

Slide 6

Пікірталас сәті

ҰБТ деген не?

ҰБТ-ға (емтиханға) қалай әзірленген тиімді?

ҰБТ-ке әзірлену үшін жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек?

Емтихан алдындағы күнді қалай ұйымдастыру керек?

Емтиханды сәтті тапсыру үшін не істеу керек?

Slide 7

“Көрші” жаттығуы

Құрметті оқушылар екі-екіден жұптасайық. Бір-бірімізге қарама-қарсы тұрып, көзбен амандасайық. Оң қолмен, сол қолмен, шынтақпен, құлақпен, маңдаймен, оң жақ иықпен, сол жақ иықпен, тіземен, оң жақ аяқ басымен, сол жақ аяқ басымен амандасайық. Бір-бірімізге қарап жымиып, бір-бірімізді қатты қысып құшақтайық.

Slide 8

«Менің атым және қасиетім» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер болып отырады, бір-біріне допты немесе ойыншық беріп, өздерінің атын айтады және өздерінде бар қасиеттерді айтады, келесі оқушы алдында айтылған адамның аты мен қасиетін қайталап, өзінің атын және қасиетін айтады.

Slide 9

“Джунглидағы жаңбыр” жаттығуы

Мақсаты: иық, мойын, омыртқа бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу.

Өту барысы: Тар шеңбер құрып, нұсқау бойынша жаттығуды орындаймыз.

Өзімізді джунглида жүрміз деп елестетеміз. Ауа райы бастапқыда керемет болды. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдымызда тұрған адамның арқасына қолымызбен жеңіл қимылдар жасаймыз. Содан кейін жаңбыр сіркіреді. (көршіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түртесіз)

Нөсер жауын басталды. (жоғары -төмен алақан, саусақтармен сипайсыз) . Жел тұрды. Қаттырақ арқасын уқалайсыз. Одан кейін күн шайдай ашылды.

Slide 10

«Дыбыстық гимнастика»

Нұсқау: Барлығымыз хормен әріптерді қайталаймыз. Ол әріптердің маңыздылығына назар аударамыз.

Slide 11

А А - дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады

Slide 12

Е

Е - дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді

Slide 13

И

И -ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады

Slide 14

О

О -жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді

Slide 15

Х

Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі

Slide 16

ХА-ХА

Ха - ха - көңіл күйді көтереді.

Slide 17

«Жарайсың!» жаттығуы

Мақсаты: стресс кезіндегі сенімді мінез-құлықты қалыптастыру.

Нұсқау: оқушылар жартылай шеңбер жасап отырамыз. Бір оқушы ортаға шығып, өзінің көршісіне мақтау сөз айтады да сол адамның орнына отырады. Ол келесі адамға дәл солай өзінің бір мақтау сөзін айтады. Ойын солай жалғаса береді.

Slide 18

«Сілкіп таста» жаттығуы

Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату.


Ұқсас жұмыстар
Қонақжайлық
Темір жол көлігінің логистикалық - инфрақұрылымының даму жолдары
Қабылдау - тапсыру жолдарына вагондарды беру
Жолаушылар поездарының вагондарына қойылатын гигиеналық талаптар
Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІКТЕР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Басқару жүйесін жетілдіру және нарықтық экономика жағдайындағы көлік жүйесін мемлекеттік реттеу
Автокөлік қызметтері және олардың мәні
AIR ASTANA
Жолаушылар тасымалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz