Тұрақты сөз тіркестері



Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тіліндегі лексика саласының «Тұрақты сөз тіркестері» тақырыбын сыни тұрғысына ойлау технологиясын қолдана отырып оқыту
2015-2016 оқу жылы

Сабақты дайындаған мұғалім: Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Н. Алдабергенов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базарбекова Меңтай Нүсіпбайқызы

Сабақтың мақсаты:
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып, қазақ тіліндегі лексика саласы бойынша тұрақты тіркестерді оқыту.

Сабақтың міндеттері:
Оқушыларды сыни ойлауға үйрету, талдау жасау, пікір айту, дәлелдеу, бағалау арқылы тұрақты сөз тіркестерін нәтижелі оқытуға қол жеткізу. 2. Сыни ойлау технологияларына сәйкес түрлі шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, яғни тұрақты тіркесті тани білуге үйрету.
3. Оларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз бетімен ойлауға, шешім шығаруға тәрбиелеу.

Күтілген нәтиже:
Оқушы «Тұрақты сөз тіркестері» ұғымын сыни тұрғысынан талдай біледі;
Тақырып бойынша өз сұрақтарын қойып, оған жауап таба алады;
Оқушы алған білімдеріне болжам жасай алады;
Өз ойын, өз пікірін жаза алады.

І. Ұйымдастыру кезеңі. (5минут)
1. Психологиялық дайындық
а) шаттық шеңбері
ә) топқа бөлу Қима қағаздарға сөздерді жазып, сол сөздер арқылы өз орындарын тауып отыраы. І топ. Омонимдер (жүз, арық, түс, қол) ІІ топ. Антонимдер (ақ-қара, аласа-биік, жоғары-төмен) ІІІ топ. Омонимдер (әдемі, сұлу, әсем, ) ІV топ. Сөз тіркестері(ерке қыз, ит-құс, ер жігіт)
б) топ басшысын саулау

ІІ. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша (5 минут)
1. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Тірек сызбада берілген сөздердің эвфемизм мен дисфимизмін табыңдар.

ұры (эвфемизм) - қолының жымысқысы бар (дисфемизм ) дүние салды(эвфемизм) - өлді (дисфемизм) өтірікші (эвфемизм) - қосып айту (дисфемизм) қолды болды (эвфемизм) - ұрланды(дисфемизм) сөзуар(эвфемизм) - мылжың (дисфемизм) топас (дисфемизм) - ақымақ (эвфемизм

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Тұрақты сөз тіркестері


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
1-тапсырма. Берілген диаграммадағы сөздерге сүйене отырып, өз мәтінін құрау.
Ол бұрын жұлдызы жарасқан досын, аузы-аузына жұқпай, жерден алып жерге салып, ит терісін басына қаптап жамандап отырды.

Суреттер сөйлейді.

2-тапсырма. Фрейер моделі (Топтық жұмыс )
І топқа арналған тапсырма. ІІ топқа арналған тапсырма.

ІІІ топқа арналған тапсырма. ІV топқа раналған тапсырма.

І топқа арналған тапсырма . ІІ топқа тапсырма

ІІІ топ тапсырмасы. ІV топ тапсырма

3-тапсырма. Әріптерді сөйлетейік. (Сыныпқа тапсырма)
Т - ұ - р - а - қ - т - ы -
т - і - р - к - е - с -

Әріптерді сөйлетейік.
Т -тайға таңба басқандай ұ - ұялған тек тұрмас р -риясыз көңіл а - аузына қақпақ болу қ - қабақ шыту т -түн ұйқысын төрт бөлді ы -ырызық дарыған
т - тас бауыр і -іліп аларлық р -рақымды адам к -көзді ашып-жұмғанша е - екі көзі төрт болу с -салы суға кету

Тауып жаз.

4-тапсырма. Оқушылар тұрақты тіркестердің жалғасын табады. (Сыныптық жұмыс)
1. . . . . нің түгі бар 2. . . . . . ын шүйіру 3. . . . . нен қақпау 1. . . . іне көк ала шыбын үймелету 2. . . . . . тай ұшты 3. . . . . . ыңды балта кеспейді 1. . . . . і тоймау 2. . . . . . ұйықтаса 3. Жұмған . . . ын ашпау

4-тапсырма. Оқушылар тұрақты тіркестердің жалғасын табады. (Сыныптық жұмыс)
1. Жүрегінің түгі бар 2. Мұрнын шүйіру 3. Бетінен қақпау 1. Көзіне көк ала шыбын үймелету 2. Мұрттай ұшты 3. Мұртыңды балта кеспейді 1. Көзі тоймау 2. Үш ұйықтаса 3. Жұмған аузын ашпау

IV. Сабақты қорытындылау. Ашық және жабық тест.
1. Жабық тест 1. Тұрақты тіркес қандай жүйемен айтылады? а) қалыптасқан жүйемен ә ) бөлек-бөлек б) бір сарнынмен в) жеке-жеке 2. Күн құрғатпай келу А) антоним ә) синоним б) тұрақты тіркес в) омоним 3. Ит терісін басына қаптау а ) мейрімсіз ә) қорқақ б) балағаттады в) көрікті 4. Тұрақты сөз тіркестері неше сөзден құралады? а) бір сөзден құралады ә) бір сөйлемнен жасалады б) мағынасыз сөздерден құралады в) екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуінен

2. Ашық тест Топқа тұрақты тікестер туралы мынандай сұрақтар қойылады. Топқа мағынасы қисық сұрақтар қойылады. Оқушылар оған тұрақты тіркеспен жауап береді.
1. Адамның төбесі аспанға жете ме?
2. Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма? Неге ?
3. Екі аяқ бір етікке сия ма? Неліктен симайды?
4. Адамның қай жерінде нан піседі?
5. Неге қақпақ қойылады?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz