Сайыстың жоспары



“Болашақ математиктер” сайысы
Қостанай облысы,
Жангелдин ауданы, Ақшығанақ ауылы
Қ. Топаев атындағы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі, жас маман
Өсерова Алтынай Берікқызы

«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін -математика, сондықтан оны үйрену керек»
М. В. Ломоносов

Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Болашақ математиктер» атты сайыстың жоспарын ұсынып отырмын.

Сайыстың жоспары:
Сен білесің бе?
Кім жылдам немесе кім тапқыр?
Қызықты жұмбақтар
Есептер шығару
Формулалар жарысы
Ребус құру
Жоба қорытындысын құру

Қатысушылар: 8-9 сынып оқушылары
“Білімділер”
“Жүйріктер ”

Әділқазылар алқасы:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Жүргізуші: Уа жарандар, жарандар! Бәрің бері қараңдар. Бәріңе жар салайық көңілді ойын жасайық, Асықпайық, саспайық. Батыл қадам жасайық, Осылайша шабытпен, Ойынымызды бастайық!

І. “Сен білесің бе?”
(әр оқушыға түрлі түсті қағазға сұрақты жасырып беру)
Барлық бағандардағы және қатарлардағы сандардың қосындысы тең болса, А+В+С+Д неге тең?
2. Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек?
= 425 = 4964 = 94 =811 =?
А
В
С
6
5
9
D
9
4
25
91
32
78
43

3. Үсен атаның 6 ұлы бар, олардың әрқайсысының 6 ұлы бар, ал Үсен атаның әрбір немересінің 2 қызы бар. Атаның неше шөбере қызы бар?
4. 4 қарындаш пен 3 жалпы дәптер 54 тг, 2 қарындаш пен 2 жалпы дәптер 34 тг тұрады. 8 қарындаш пен 7 дәптер қанша тг тұрады?
5. 10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге юолады?
6. Таразы басындағы үш қарбыз, бір асқабақтың салмағы он екі қауынның салмағына тең. Бір асқабақтың салмағы бір қарбыз бен сегіз қауынның салмағына тең болады. Бір асқабақ неше қауынмен теңеседі?

7. Бір сынып оқушылары бір-біріне кітаптар сыйлайды. Егер 600 кітап алмастырылған болса, сыныпта қанша оқушы бар?
8. 27 кіші кубтан жаңа бір үлкен куб құрастырылады. Үлкен кубтың барлық жақтары боялды. Екі жағы ғана кіші кубтардың саны қанша?
9. Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек? Егер “17”=7, “21”=2, “30”=0, “45”=20 болса, онда “913”=?

Кім жылдам немесе кім тапқыр?
Бәрің маған қараңдар,
Ойынымызды бастайық.
Математикалық сөздерді
Жазып бәрін тастайық.
ИРАФГУ
УСӘЛЕ
КАМТАЕМТИА
КЕІНІДС
ФИКАРГ
АРДКЕД
НЕТҮК
ГОРФАПИ
ГЕБАЛРА
ЗУТҮ
ШЕКӨБЛ
ШЫРҰБ
ТУСЫЛАЫСР
СДКІТІҢЕЗ

Қызықты жұмбақтар
“Білімділер”
1. Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады?
2. Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтпассың сен оны
3. Бүтін сан бөлшек сандар
Барлығыда бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң теріс сан бәрі сонда
“Жүйріктер ”
1. Жоқ өзінде баста, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында
2. Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіпте аламыз. Он не?
3. Жаныңнан, бәлкім
Бәкі табылмас.
Ұштаулы болсын
Әрқашан . . .

Жауаптары:
дәреже
квадрат түбір
рационал сандар
сызғыш
сандар
қарандаш

Есептер шығару
“Білімділер”
Жүрдек пойыз 400 км қашықтықты жүк пойызына қарағанда 1 сағат тез жүріп өтті. Егер жүк пойызының жылдамдығы жүрдек пойыздың жылдамдығынан 20 км/сағ кем болса, әр пойыздың жылдамдығы қандай?
“Жүйріктер ”
Кез келген 9 адам ішінен бірін-бірі танитын 3 адам немесе бірін-бірі танымайтын 4 адам табылатынын дәлелдеңдер.

Формулалар жарысы
Біз дайынбыз бұл сайысқа,
Көрсетеміз бізде күш барын.
Мақсатымызға жетуге
Формулалардан жарыс: Екі команда жарысады.

Ребус құрау: Білімділер тобы: Функция Жүйріктер тобы: Логарифм

Жоба жасау
Бүгінгі кештен алған әсерлеріңді осы бет қағазына түсіріңдер, яғни жоба қорытындысы.

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды.
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Әділқазы сіздерге сөз береміз
Жеңімпаздар кім болып сарапталды.
Жеңімпаз топтарды марапаттау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz