Ноутбуктардың дербес компьютерлерден артықшылықтары



Арнайы пән оқытушысы
Еденова Индира Ескермесқызы
“Арқалық политехникалық колледжі” КМҚК
Тақырыбы:
Ноутбуктар және
нетбуктар

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ноутбуктар мен нетубктар туралы білүйрету. (Тақырып бойынша сабақты түсіндіру, оқулықты үзбей оқуға, ноутбуктердің мүмкіндіктерін біліп, дұрыс пайдалануға т. б. )
Тәрбиелігі: Оқушыларды компьютерлік мәдениеттілікке тәрбиелеу. (Отансүйгіштікке, ұлттанымдылыққа, өзгенің еңбегін ұрламауға, жақынынды өзіндей сүйіп қадірлеу т. б. )
Дамытушылығы: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа дамыту. (Оңтайлы программа таңдау, программа сапасын анықтау, информация іздеу т. б. )

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың типі: Жеке, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ДК, интербелсенді тақта, слайдтар, тапсырмалар, үлестірмелер, тесттер
Пәнаралық байланыс: Физика, Бағдарламалық қамтамасыздандыру, ьаппараттық қамтамасыздандыру
Оқытудың нәтижесі:
Ноутбук мінездемесін;
Орнатылған бағдарламаларды;
Баптау панеліндегі командалармен жұмыс жасай білуі керек.

Үй тапсырмасын сұрау
Үш қадамды сұхбат
1. Соңғы үлгідегі амалдық жүйелер?
2. Windows 8 амалдық жүйесінің құрылымы. Windows 10 амалдық жүйесінің ерекшеліктері.
3. Гаджеттер дегеніміз не?

сенсорлы экранмен жұмыс істейтін құрылғы
әртүрлі сахналарды пикселдерден тұратын матрицамен сандық кескін түсіретін құрылғы.
шағын арнайы бағдарлама
өзіне ұялы телефонның сөйлесу мүмкіндіктері мен қалта компьютерінің Интернетке шығу, файлдармен жұмыс істеу, пошта тәрізді мүмкіндіктерімен біріктірілген гибрид болып табылады.
Сәйкестендіру кестесі

Сабақтың тақырыбы:
Ноутбуктар және
нетбуктар

Өндірушілер
Ноутбук дегеніміз не?
Ноутбук тарихы.
Атқаратың қызметтері.
Ноутбук пен ДК-ді салыстыру
Ноутбук құрамы
Ноутбуктардың топтастырылуы

Ноутбук (ағылш. notebook - блокнот) - дербес компьютердің құрамы, пернетақта, монитор, қалталы компьютер және қуат көзінің батареясының ықшамдалған түрдегі жиынтығы. Ноутбуктардың басты ерекшеліктері жеңіл салмақтылығында және көлемінің ықшамдылығында. Жұмыс істеу уақыты бір сағат пен он бес сағат аралығына тең. Көп жағдайларға ноутбуктарға форм - факторы жинама негізді келетін лэптоп түрлері жатады. Ноутбуктың тасымалы жиналған күйде орындалғандықтан, экранды, пернетақтаны және тачпад нысандарын қорғау мүмкіндігін береді. Ноутбуктын тағы мүмкіншіліктерінің бірі - оны қарапайым арнайы дорбада тасымалдауға болатындығында.

1968 жылы «Xerox» фирмасының зерттеу лабараториясының басшысы Алан Кей «блокнот» көлемімен тең келетін, желіге сым қолданбай қосылуға болатын, шағын экранмен жабдықталған және тасымалға жеңіл есептеуіш машинасын құру жайлы ұсыныс жасады.
1979 жылы NASA тапсырысымен, Вильям Могридж(Grid Systems компаниясының өкілі) алғашқы Grid Compass есумду ноутбукты жасап шығарды(жедел жадының көлемі 340 кБ, процессоры Intel 8086 жиілігі 8 мГц және экраны люминесцентналы) . Аталмыш ноутбук Space Shuttle жобасында қолданылған.
Тарихы

Алғашқы азаматтық қолданысқа 1981 жылы Адам Осборнның 1795 АҚШ доллары тұратын ноутбугі қолданысқа еңді (салмағы 11 кг, жедел жады 64 кБ, 4 мГц жиілігі бар Zilog Z80A процессоры, 5, 25 дюймды екі диск салу құрылғысы бар, үш портты, 52 таңбадан 24 жол еңгізуге мүмкіндік беретін 8, 75х6, 6 см көлемді монохромды экран және 69 пернемен жабдықталған болатын) . Алайда Osborne Vixen ноутбуктарының шығарылымы жайлы хабар оның құрастырылуына дейін айтылғандықтан (ал бұл хабар Osborne 1 ноутбуктарының сатылымына теріс әсерін тигізді), компания кедейленді.

1982 жылы Compaq фирмасы процессоры Intel 8080 IBM PC есімді ноутбукты қолданысқа еңгізді. 1983 жылы компьютерді өндіретін көптеген фирмаларда өздерінің ноутбуктарын жасауға тәжірибелері болған. 1984 жылы Apple фирмасы LCD дисплейді ноутбуктарын шығарды. 1986 жылы IBM процессоры Intel (салмағы 5, 4 кг, диск салу кеңістіні 3, 5 дюйм) болған ноутбугын 3500 АҚШ доллары бағасының көлемінде шығарды.
1990 жылы Intel дүниежүзінде алғашқы мобильді дербес компьютерлерге арналған процессорын Intel 386 SL есімімен шығарды, сондай ақ қуат көзінің батареясының ұзақ мерзімділігі арттырылды.

Тасымалға жеңіл компьютерлердің бағасы қарапайым дербес компьютерлермен тең келгенімен бірге, бір деңдейде жұмыс істеу қабілеттілігі бар. Бірақ ноутбуктың нарықтағы сатылымы дербес компьютерге қарағанда күрт төмен. Ноутбуктық құрамы дербес компьютердің құрамына ұқсас, бірақ өлшемдері мен құрамындағы бөлшектер оңтайландырылған және кішірейтілген.
Сондай - ақ, ноутбукты теледидарға немесе үнтаспаға қосып, қарапайым мультимедиалық сауықтыру орталығына айналдыруға болады.
Атқаратын қызметтері

Ноутбуктар мен дербес компьютерлерді салыстыру

Ноутбуктардың дербес компьютерлерден артықшылықтары:
Салмағының жеңілдігі және көлемінің шағын болуы. Ноутбуктын орнын еш қиындықсыз ауыстыруға болады. Ноутбукты сапарға, демалыс орнына, алыс аймаққа алуға болады. Ал дербес компьютерді бөлмелер арасында ауыстыру қиындыққа соғады.
Жұмыс істеу үшін сыртқы құрылғыларды міндетті түрде қосуды талап етпейді. Ноутбуктың құрамында пернетақта, монитор және тінтуір орнатылғандықтан, артық құрылғыларды қосуды талап етпейді. Ал дербес компьютерге міндетті түрде шеткері құрылғыларды қосу қажет.
Автономиялы жұмыстың мүмкіндігі. Тоқ көзінің жоқтығында ноутбук өзінің аккумуляторы арқылы ұзақ уақыт жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие (көлікте, ұшақта, ойын сауық орталықтарында және т. б) . Дербес компьютермен ұзақ уақыт жұмыс істеу тек қосымша тоқ көзін сақтау құрылғысының көмегімен қана жүреді.
Сымсыз интернет жүйесіне қосылуға мүмкіншілік бар. Қазіргі замаңғы ноутбуктардың көбісі Wi-Fi құрылғысымен қамтамасы бар. Wi-Fi - ға қосылу мүмкіншілігі көптеген ойын сауық орталықтарында, кафелерде, мейрамханаларды бар. Сондай - ақ қаланың кейбір аудандарында Wi-Fi желісіне қосылуға мүмкіншілік бар. Ал дербес компьютерердің көбісі аталмыш жүйемен қамтамастындырылмаған.

Ноутбуктардың дербес компьютерлерден кемшіліктері:
Бағасының қымбаттылығы. Қымбат баға барлық ноутбуктардың ең басты міні. Толықтай жасақталған дербес компьютер (пернетақта, монитор, тіңтуір) орташа жұмыс күші бар ноутбуктың бағасымен тең келеді. Алайда компьютер өндеу саласының қарқынды дамуымен, ноутбуктардың бағалық көрсеткіші қатты айырмашылықпен ерекшеленбейді.
Өндіруші күштерінің аздығында. Ноутбуктың шағын көлемі суыту талаптарына айрықша мән береді. Сондықтан ноутбуктың әр -бір құрамдас бөлігі жылу бөлу мәселесінде шектеулі, бұл оның өндірушілігіне де әсер етеді. Тіпті ең мықты ойынға арналған ноутбуктар үш өлшемді сызбаға арналған және ойын ойнауға арналған дербес компьютерлермен бәсәкелесе алмайды.
Ішкі құрамын өзгертуде шектеулердің болуы. Дербес компьютерлерге қарағанда ноутбуктардың құрамдық бөліктерін өзгертуде шектеу бар. Тек жедел жад пен қатқыл диск дискіні ауысыру мүмкіншілігі бар. Сондай - ақ бейнекартаны ауыстыруға ноутбуктардың кейбір модельдері мүмкіншілік береді. Кез -келген шағымдар болған жағдайда тек кәсіби тәжірибесі бар маманға сауал сұрауға баруға болады. Бейнекарталар немесе процессорлар жеке сатылымда сирек кездеседі.
Түрлі операциялық жүйелермен үйлесімділігінің аздығында. Ноутбуктардың кейбір модельдерінде түрлі операциялық жүйелермен байланыстың орнатуында кедергілер шығып жатады. Сондықтан аталмыш кедергілер дербес компьютерлерге қарағанда ноутбукка операциялық жүйені орнатуды қиындатады.

Ноутбук құрамы
Ноутбуктың сыртқы қабаты. Ноутбук сыртқы қабаты көп жағдайларда қаттылығы жоғары сапалы болатын пластмас материалынан жасалынады. Ноутбуктың іші арнайы қаптамамен оратылған. Бұл қаптама қолданушыға зақым алып келу ықтималдығы бар электромагнитті әсерлерден қорғайды. Ноутбуктың мықтылығын арттыру үшін, сыртқы қабатына темір корд орнатылады. Сыртқы қаптаманың ішінде экранның құрамдас бөлшектері, шлейфтер, суле беретін шамдар орналасқан. Сонымен қатар шеткері құрылғылар орнатылған (вэб - камера, Wi-Fi желісін қосу батырмасы және т. б ) .
Салқындату жүйесі. Ноутбуктық салқындатушы құрылғысының негізгісі кулер болып табылады. Ол ноутбукта жиналған ауаны өзіне тартып, оны арнайы радиатор көмегімен сыртқа шығарып отырады.
Қуаттандыру көзі. Ноутбук өзінің аккумуляторларымен, сондай - ақ тоқ көзін беру желісіне қосылған құрылғымен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие. Көптеген ноутбуктарда литий-ионды аккумуляторлар қолданылады.
Процессор. Ноутбуктың процессоры пішіні жағынан дербес компьютердің көлемімен ұқсас келеді. Бірақ - та Centrino технологиясының көмегімен ноутбуктың процессоры қуат көзін аз талап етеді және жылу бөлу мөлшері едәуір төмен.


Ноутбуктардың топтастырылуы
Техникалық мүмкіншіліктеріне қарай
Дисплейінің диагоналі жағынан

Дисплейінің диагоналі жағынан:
17 дюймды және одан үлкен - «дербес компьютерді ауыстырушы»
14 - 16 дюймды - кең ауқымда қолданылатын ноутбук түрлері
11 - 13, 3 дюймды - субноутбуктар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz