Аққулар ерекше сезгіш және сақ құс


Slide 1

Аққулар

Атырау облысы Махамбет ауданы Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тауова Нұрсұлу Раулқызы

Slide 2

Аққулар (лат. Cygnus) - қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара) . Салмағы 5 - 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 - 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады.

Slide 3

Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана -шымқай қара болып келеді.

Slide 4

Аққу - жұп құрып тіршілік етеді. Аққулар ерекше сезгіш және сақ құс. Олар -шалғайдағы адам аяғы жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Ұясына 3 - 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 - 40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді.

Slide 5

Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу - жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында - Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.

Slide 6

Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жарты шарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанды мекендейтін екеуі - сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.

Сыбырлақ аққу (лат. Cygnus olor) -қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның жазық аймақтарындағы су айдындарында кездеседі. Саны сұңқылдақ аққуға қарағанда көп. Денесінің ұзындығы 180 см, қанатын жайғанда ұзындығы 260, қанатының ұзындығы 70, құйрығының ұзындығы 18 см, салмағы 8 - 13 кг. Қоразы мекиенінен ірі. Қауырсыны аппақ, балапанында сұр түсті болады. Мойны жіңішке, қызыл түсті тұмсығында қара бұдыр анық көрінеді. Аяғы көбінесе қара түсті. Суда жүзгенде мойны иіліп, латын әліпбиіндегі S әрпіне

ұқсайды. Ұшқан кезде дыбыс шығармайды, мазасызданған кезде кейде сыбырлағандай болады, құстың аты осы қасиетіне қарай қойылған. Жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, ұясына 5 - 7 жұмыртқа салып, оны мекиені бір айдай басады. Қазан айының соңында жылы жаққа қайтады. Негізінен су астындағы өсімдіктермен, ішінара томыртқасыздармен де қоректенеді. Өте сымбатты және кәсіптік маңызы бар құс.

Сыбырлақ аққу

Slide 7

Сұңқылдақ аққу (лат. Cygnus cygnus) -Қазақстанда кең тараған болатын, қазір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Кіші аққудан ірірек келеді: ұзындығы 140-160 см, қанатжайымы - 205-235 см, ал салмағы 8-15 кг болады.

Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Аққудың бұл түрін Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашты.

Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды. Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы.

Сұңқылдақ аққу

Slide 8

Кіші аққу (лат. Cygnus bewickii) - негізінен солтүстік жарты шарда (Үндістанды, Оңтүстік-шығыс Азияны алмағанда) мекендейтін кішкене аққу.

Қазтәрізділерге жатады. Ұялайтын жерлері - тундра мен орманды тундрада саны бұрынғы қалпына келе бастаған түр. Қазақстанның батыс бөлігінен көктем мен күзде 1 мыңдайы ұшып өтеді. Бізде ұяламайды. Санының азаюының негізгі себебі - заңсыз аулау. 1830 жылы Жаррел (Jarrel) ашқан. Евразияның тундрасында ұялайды. Қазақстанда ұшып келу-кету кезінде кездеседі, оңтүстік облыстарда қыстауы мүмкін . Негізгі келу-кету жолы - Қостанай облысының шығыс және оңтүстік аудандарындағы Торғай ойысының суқоймалары

Есіл және Нұра су алаптарының көлдерінде сирек кездеседі . Жеке, ертеректе біршама қозғалыста болған, миграциялық жол Ертіс аңғарымен өтеді.

2-4 жаста жұп құрайды, көбеюге 4-6 жылда кіріседі. 2-5 жұмыртқа болатын ұяны суқоймаларының жағалауларындағы биіктеу жерлері мен қопаларға салады; ұя салуға материал ретінде мүк, қоңырбастың және басқа өсімдіктердің құрғақ сабақтары. 29-30 күн шайқайды. Балапандарының орташа саны 2, 1-3, 6. Су және құрлық өсімдіктерімен қоректенеді. Қазақстанда жекеленген құстар мен аздаған топтары көктемде (сәуір) және күзде (қазан) сирек кездеседі.

Кіші аққу

Slide 9

Сәуір айының көгілдір аспанында үлкен ақшаңқан құстардың сұлу мойнын соза тастап, қанатын бояу сермеп ұшып бара жатуы - естен кетпес ғажап сурет. Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру - одан да сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай, жеңіл сырғып жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққудың әрбір қимылы - артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбіп, қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі - бұл бір қайталанбас әсем көрініс.

Slide 10

Аққу- өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген. Аққулар аңыздар мен ертегілерде жырланады. Әдемі құс аққудың өлер алдында «айтатын әні» жайлы ертеден келе жатқан аңыз бар. Аққу, әрине, ондай ән айтпайды. Ол жалпы әнші құстардың қатарына жатпайды да: сыбырлауық аққу жайлап қана сыңқылдайды, ал сұңқылдақ аққудың үні зор әрі әсем болады. Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады, олардың қанатының сыңғыры мен әсем үнін аспанда жұп-жұбымен кербез ұшып өткен сол бір сәтінде тындаған тамаша-ақ.

Slide 11

Аққулар қолға тез үйренеді. Олар хайуанаттар бағында Австралиядан келген қарақумен тату-тәтті тұрады. Аққулар - табиғаттың аса ғажап және қазір сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.

Slide 12

Аққуды қазақ халқы ежелден

қастерлеп, бақыттың бастамасы,

жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді, әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.

Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы»,

Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»,

Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері,


Ұқсас жұмыстар
М. Мақатаев - Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Әсем сұлу табиғатымыздың еркелері
Қанатының аққудың балапандап
Құстар класы
Құстардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар. Жабайы аңдарды есептеу әдістері
Аққудың айрылуы поэмасы
Мергеннің аққуды атуы
Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар
Сақтардың шығу тарихы
Ананың аққуды атуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz