Әдемі зат


Slide 1

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 7. Пән мұғалімі Акуажанова Сая Қайноллақызы

Сабақтың тақыры: Сын есімнің түрленуі.

Әдіс-тәсілдері:

Блум таксономиясы, диалогтық оқыту, 10 сұрақ, “Блиц- кездесу” стартегиясы, Венн диаграммасы, оқыту үшін бағалау.

Модульдер: “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Талантты және дарынды балаларды оқыту”.

Мақсаты:

Сын есімнің түрлену ерекшелігін түсіндіре отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу.

Міндеттері:

1. Сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайларымен таныстыру.

2. Топтық жұмысты нығайту.

3. Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

Slide 2

Кіріспе. 1. Ұйымдастыру кезеңі

а/Шаттық шеңберін құрады, тілек тілейді.

ә/Қиынды қағаздар арқылы топқа бөлінеді, топтың атын, ұранын қорғайды.

б/Үй жұмысын тексеру.

Ресурстар: қиынды қағаздар, интербелсенді тақта, таратпа материалдары.

Нәтижелері: Көңіл-күйлері жақсарады.

Жинақталып реттеледі, ізденімпаздығы артады, өзін-өзі реттей алады, шығармашылықпен жұмыс істейді, өздігінен білім алуды үйренеді, АКТ-ны тиімді пайдаланады, коммуникативтік құзыреттілігі артады. Өзін және өзгені бағалай алады.

Slide 3

Шығармашылық жұмыс

Әрбір адам - Кімім?

Әрбір сабақ - Не істеу?

Үйрену, ұғу, ұлағат

Туысым, досым, жұрағат

Әрбір ісім - Не?

Әрбір сөзім - Қандай?

Шындық, бірлік, адалдық

Тірлік, тірек, адамдық

Slide 4

Тұсаукесер

1-топ: Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің тұлғасына қарай бөлінуін топтастырып, мысал келтіріңіздер.

2-топ: Сын есімнің сұрақтары. Сын есімнің құрамына қарай бөлінуін топтастырып, мысал келтіріңіздер.

3-топ: Сын есімнің мағынасына қарай бөлінуін топтастырып, мысал келтіріңіздер.

Білу, тану

1-2 ұпай

Slide 5

Сапалық сын есімдер мен қатыстық сын есімдерді ажыратып 2 бағанға бөліп жазыңдар

Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімді салыстырыңыздар

Жасыл ағаш. Темірдей тәртіп. Жылжымалы мүлік. Қызғылт

көйлек. Әдемі зат. Көк шөп. Шашыраңқы ой. Ұйқышыл аң.

Түнгі ауа. Кестелі орамал. Биік тау. Ұзын көпір. Құрғақ жер.

Қымбат киім. Сүзеген сиыр. Көтеріңкі көңіл.

СаПАЛЫҚ

ҚаТЫСТЫҚ

Түсіну

3-4 ұпай

Slide 6

Негізгі бөлім

Түстерді ата

Тек қандай сын есімдер қолданылған?

Одан қандай ой туды?

Менің бас киімімнің түсі қандай?

Заттың сапалық сыны әр кез бір дәрежеде бола бермейді. Оның белгілері бірде тым басым, бірде бәсең болуы мүмкін. Мысалы:

Қолдану

5-6 ұпай

Жұлдызшалар ше?

Slide 7

Мағынаны тану

Шырайлы

Шырайы кіріп қалыпты

Өңі шырайлы

Келбет

Шырай

Түр

Ажар

Бет

Әлпет

Заттың сын-сипаттық шырайын танып-білуге сын есімнің шырай формасы көмекке келеді.

Slide 8

Жаңа сабақ. Сын есімнің түрленуі

Бір тектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық не кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп атайды.

Сын есімнің шырайлары тек сапалық сын есімнен ғана жасалады. Қатыстық сын есімде ондай қасиет болмайды.

Slide 9

Салыстырмалы шырай

М: жастау, ақшылдау, толықша, бозғылт, қоңырқай, сұрша, қызғылтым, сарғыш, көкшіл, т. б.

2. Күшейтпелі шырай

М: ап-ауыр, қып-қызыл, мөп-мөлдір, тап-таза, тіпті қызық, өте үлкен, тым биік, аса терең, ең үлкен, т. б.

Сын есімнің шырай формасына енуі оның түрленуі деп аталады.

Сын есімнің 2 түрлі шырайы бар

Slide 10

Салыстырмалы шырай деп -

біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық не кемдігін көрсететін шырай түрін айтамыз.

М: Үлкен, үлкендеу, үлкенірек.

Қышқыл, қышқылтым, қышқылдау.

2. Күшейтпелі шырай деп -

біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрін айтамыз.

М: Қап-қатты, өте қатты, тым қатты.

Тәп-тәтті, тым тәтті, өте тәтті.

Сын есімнің шырай формасына енуі оның түрленуі деп аталады.

Сын есімнің 2 түрлі шырайы бар

Slide 11

Жұптық жұмыс. Сын есімнің шырайларын қатысытырып диалогтық әңгіме құрыңыздар. “Табиғаттың әсем түстері”

Талдау

7-8

Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17

Блиц - кездесу

1. Әдемі

4. Үлкен

3. Тап-таза

2. Күштірек

5. Биігірек

6. Салқындау

7. Қоңыр

10. Оқушы

8. Сабина

9. Жақсы

Жинақтау

9-10

Slide 18

Блиц - кездесу

1. Ақбота

4. Өте терең

3. Қышқыл

2. Сап-сары

5. Жап-жарық

6. Ыстық

7. Көкшіл

10. Әдемі

8. Арықтау

9. Азамат

Slide 19

Қорытынды

Мен нені білемін?

Мен нені білгім келеді?

Мен нені білдім?

Бағалау

11-12

Кері байланыс. Топ жетекшілеріндегі бағалау парақшасын жинау.

Үйге тапсырма:

50-жаттығу, 51-

жаттығу.


Ұқсас жұмыстар
Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту
Сын есімнің түрленуі
Есімдіктің түрлерін атап беріңіздер
АСПАН ӘЛЕМІ
Шығармашылық білім беру саласы
Сабақтың мақсаты
Сын есім. 3 сынып
Этил спирті наркотик
Құрақ құрау технологиясы
Каучук фикусы көп өсірілетін түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz