7-сынып: Салыстырмалы шырай - сабақ жоспары мен әдістемесі


Slide 1

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 7

Сабақтың тақыры: Салыстырмалы шырай

Мақсаты: Салыстыр-малы шырайдың ерекшелігін түсіндіре отырып, дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалау, оқушылардың когнитивті ойлауын

дамыту.

Міндеттері: Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдарын түсіндіру, диалогтық оқытуды қолдану, топта бірін-бірі тыңдауға үйрету, ортада сыйласымдылық орнату.

Модуль: «“Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”», «Дарынды және талантты оқушыларды оқыту».

Әдіс-тәсілдері: Блум таксономиясы, «Бұнда не артық» әдісі, «Мен саған, сен маған», «Негештер» әдісі, диалогтық әңгіме - сұрақ-жауап, «Жалған- шындық» әдісі, рефлексия, қорапшаға сұрақтар.

Slide 2

Кіріспе. 1. Ұйымдастыру кезеңі

а/Шаттық шеңберін құрады, бір-біріне көрінбейтін сый ұсынады.

ә/Әр түрлі стикерлер арқылы топқа бөлінеді, топтың атын, ұранын қорғайды.

б/Үй жұмысын тексеру.

Ресурстар: стикерлер, интербелсенді тақта, «Бұнда не артық» әдісі, «Мен саған, сен маған», «Негештер» әдісі, диалогтық әңгіме - сұрақ-жауап, «Жалған- шындық» әдісі, рефлексия, қорапшаға сұрақтар, таратпа материалдары.

Нәтижелері: Көңіл-күйлері жақсарады.

Жинақталып реттеледі, ізденімпаздығы артады, өзін-өзі реттей алады, шығармашылықпен жұмыс істейді, өздігінен білім алуды үйренеді, АКТ-ны тиімді пайдаланады, коммуникативтік құзыреттілігі артады. Өзін және өзгені бағалай алады.

Slide 3

True or False:

Test your knowledge of the lesson so far by deciding whether the following statements are true or false

Топ мүшелері өткен сабақты пысықтауға байланысты 5 сұрақ дайындайды.

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па не ЖАЛҒАН ба?

ИӘ - ЖОҚ.

Көшпелі сөзі салыстырмалы шырай ма?

Қандай? Зат есімнің сұрағы ма?

Қатыстық сын есімнен шырай жасала ма?

Мысалы

Slide 4

Тапсырманы дәптерге орындаңыздар.

Бұнда не артық және неге артық екенін дәлелдеңіздер.

1-топ. Қызғылтым орамал, көкшіл көйлек, сулы өңір, қоңырқай жейде, ащылау тамақ, көтеріңкі көңіл, сұрғылт түс, кішілеу киім, күзгі жапырақ.

2-топ. Қымбатырақ зат, ұзындау арқан, жуас жылқы, сүзеген сиыр, ақшыл жейде, қабаған ит, биік мұнара, көшпелі халық, жастау адам.

3-топ. Таулы жер, қызықты оқиға, қиындау іс, арықша қыз, білімді адам, жақсы бала, сарғыш қағаз, бойшаң жігіт, қысқалау жіп.

Slide 5

Көк - көгірек, көктеу, көкшіл, көгілдір;

Терең - тереңірек, тереңдеу;

Үлкен - үлкенірек, үлкендеу;

Қызыл - қызылырақ, қызылдау, қызғылт, қызғылтым;

Сары - сарырақ, сарылау, сарғыш, сарғылт, сарғылтым;

Жақсы - жақсырақ, жақсылау;

Ақ - ағырақ, ақшыл, ақшылдау;

Қоңыр - қоңырырақ, қоңырқай, қоңырша;

Суық - суығырақ, суықтау.

Миға шабуыл

Төмендегі мысалдарды мұқият оқы

Тапсырманың ерекшелігін тауып және тақырыпқа сай ереже шығарыңыңыздар.

Slide 6

Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық не кемдігін

салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай

деп аталады. Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, көк-көкшіл.

Салыстырмалы шырай жұрнақтары: 1. -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: жұқа- рақ, кіші-рек, ұзын-ырақ,

үлкен-ірек 2. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: сары-лау, кіші-леу, жасыл-дау, күрең-деу. Бұл екі жұрнақ барлық сапалық сын есімдерге жалғанып,

салыстырмалы шырай жасай береді. 3. 1. -ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт, -ғылтым, -қылтым: сарғылт, сарғылтым, бозғыл, бозғылтым; 2. -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім: ақшыл, көкшіл, ақшылтым, көкшілтім; 3. -ғыш, -ілдір: сарғыш, көгілдір; 4. -аң, -қай, -ша, -ше: қуаң, қоңырқай, ұзынша, көкше, бозаң.

Мағынаны тану

Slide 7

Әліппи желісі /осы әріптерден басталатын сын есімдерді айту керек/

Осы әріптерден басталатын салыстырмалы шырай жасайсыздар.

1-топ. А. Ә. Б. Ж. З.

2-топ. К. Қ. М. Н. Ө.

3-топ. С. Т. Ұ. Ү. Е.

Slide 8

1. Төле би - өз заманының . . . , . . . азаматы, халық қадірлейтін дәрежеге жеткен . Шешендік тіл - ойы . . . , білімі де . . . , тілдік сезімі . . . , . . . адамдарға тән қасиет.

2 . . . болса, ағайын жақын,

. . . болса, інің жақын,

. . . болса, келінің жақын,

. . . болса, көршің жақын.

3. Атың . . . болса, тіршілікте мінген пырағың, балаң . . . болса, жанып тұрған шырағың. Атың . . . болса, тіршілікте көрген қорлығың, балаң . . . болса, ғұмырлық көрген тозығың.

Ел ағасы . . . болса, елін жау түгіл, жолаушы тоңар.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып қазақ тілі: Сын есімнің түрленуі және шырайлары (салыстырмалы, күшейтпелі) сабақ жоспары
Күшейтпелі шырай және сын есімдердің түрлері: сабақ жоспары, жаттығулар мен бағалау
Сабақ жоспары: 7-сынып физика - Заттың тығыздығы
7-сынып қазақ тілі: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі бойынша сабақ жоспары
7-сынып: Етістік тарауын қайталау - сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
7-сынып геометриясы: Үшбұрыштың түрлері - сабақ жоспары мен практикалық есептер
7-сынып: Калькулятор бағдарламасында жұмыс істеу - ашық сабақ жоспары
7-сынып информатика: Калькулятор бағдарламасы бойынша ашық сабақ жоспары
7-сынып алгебра: Қысқаша көбейту формулалары - сабақ жоспары мен деңгейлік тапсырмалар
2-сынып математика: 7 санын қосу және азайту - сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz