Мақаш қорымы
Презентация қосу
ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ
Мақаш қорымы.
Мақаш әкім
Өмірбаяны
Билік дарыған Түрке би әулетінің жалғасы болған Мақаш
(Мұхамеджан) 1830 жылы Ішкі Орда, қазіргі Атырау облысындагы
Құрманғазы ауданының Сасықтау деген жерінде, дәулетті отбасында
дүниеге келді. Мақаш-правитель балалық шағын атасының
ауылында өткізіп, сауатын ауыл молдасынан ашса керек. Бұл – Ресей
империясындағы титімдей қазақ автономиясы Бөкей Ордасында
Жәңгір хан (1801–1845) әмірші болып тұрған шақ болатын.
Бөкей ордасының Теңіз жағалауы аймақтарындағы әкімшілік
басқару ісінде, Хан ордасындағы Уақытша Кеңестің кеңесшісі
сияқты жауапты қызметтерде, одан кейінгі зейнетке шыққан шақтың
бәрінде де Мақаш Шолтырұлы туған халқына адал болып, ел
мүддесі жолында атқарған істері арқасында аты аңызға айналған,
қандастары арасында аса жоғары беделге ие болған кісі. Оған
орыстардың да құрметі ерекше-тін. Аса абыройлы, парасатты да
әділетті жан еді. Ол патша үкіметінің жергілікті чиновниктеріне өз
сөзін өткізе алатын. Олармен еркін сөйлесіп, өте жақсы қарым-
қатынаста болған-ды. Мақаштың осындай ерекшеліктері арада жүз
жылдан астам уақыт өтсе де әлі күнге дейін ұмытылмаған, ел ішінде
жұрт аңыз қып айтып отырады.
Мақаштың қысқаша еңбек жолы
Мақаш 1852 жылы Неплюев корпусын зауряд-жүзбасы шенінде бітіріп шығады. Орынбордағы
корпусты тәмамдаған соң Орда қаласындағы бөкейлік Уақытша Кеңестің аудармашылық
қызметіне орналасады да, осында үш жыл еңбек етеді. Содан соң, атқарып жүрген тілмәштық
қызметінен әкімдік қызметке жоғарылатылады. Көп жыл бойы Каспий жағалауындағы Бірінші
және Екінші округтердің правителі (басқарушысы, әкімі) болады.
Мақаш Бекмұхамбетов әкімдікке тағайындалған шақта Ішкі орда бес қисымға, яғни бөлікке
және екі округке, яғни аймаққа – атап айтқанда, Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов
бөліктері мен Каспий жағалауындағы Бірінші және Екінші округтерге бөлінетін. Әуелде
олардың бәрі де Жәңгір ханға, кейіннен Бөкей ордасын басқару жөніндегі Уақытша Кеңеске
бағынған. Бірақ әрқайсысының жеке-жеке правителі, яғни әкімі, басқарушысы болған-ды.
Мақаш-правитель болса, теңіз жағалауындағы екі округте түрлі жылдарда жеке-жеке де,
қосарлап та басшылық еткен. Оның бұл аймақтардағы басшылық қызметі жарты ғасырға жуық
уақытқа созылды. Осы қызметтері кезінде, энциклопедиялық мәліметтер бойынша, 1881 жылы
Ресей императорының қабылдауына барған төрт қазақтың бірі болған.
Астрахан губерниясының жыл сайынғы жарық көрген статистикалық естелік кітаптарындағы
мәліметтерге қарағанда, Мақаш 1868 жылдан 1886 жылға дейін екі округке қатар, ал 1886
жылдан бастап Екінші округке правитель (әкім) болған. Бұл аймақтардың аумағы бүгінгі Исатай
ауданының Таскран учаскесінен Астрахан облысының Қызылжар ауданына дейінгі кең алқапты
қамтиды. Оған қазіргі Құрманғазы, Исатай, Индер, Ресейдің Қызылжар, Володар аудандарының
тұтас және ішінара бөліктері кіреді.
Әкімдік қызметтен кейін Мақаш 1892–1897 жылдары Ордадағы Уақытша Кеңесте кеңесші
қызметін атқарды. Сосын әкімшілік басқару қызметінен біржола босатылып, жасауыл (есаул)
шенінде зейнеткерлікке шықты.
Қоғамдық қарекеті
Мақаш
әкім баспасөзде түрлі тақырыпта мақалалар жариялап тұрды.
Этнографиялық мақалалары орыс зиялылары тарапынан жоғары бағаланып,
Астархан жағрапиялық қоғамына мүшелікке сайланады.
1810 жылы Астарханнан шыққан «Астархан гөбернесіндегі көшпелі қазақтар
мен қалмақтар» атты кітапқа ел аузынан жинағын ауыз әдебиеті үлгілері енді.
Ауыз әдебиетінің нұсқаларын — нақыш-ғақлиялар, мақал-мәтел, т.б. жинап,
әдет-ғұрып, жол-жоралғыларына ғылыми-танымдық түсініктемелер жазып,
қазақтардың өзіндік мәдени дәстүрі бар, рухани әлемі бай халық екенін
танытуға үлкен үлес қосады. Бұндай қолжазба мұралары Санкт-
Петербургдағы Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханада, Ресей ҒА
Шығыстану институтының профессор И.Н. Березин қорында сақтаулы тұр.
Доспамбет, Жиембет жыраудың, Есет бидің нақыл сөздерін ел аузынан
жинақтап, 1908 ж. «Жақсы үгіт» деген кітап шығарды.
Өзі басқарған аймақта халықты сауаттандыру мақсатымен жеке қаражатына
мектеп салдырып, бала оқытты.
Мақаш әкімнен «Мақаштың Байжұмасы», «Көк жорға», т.б. күйлер қалды
Өзі зейнетке шыққаннан кейін орнына
келген әкімге ақыл-кеңесін айта
отырып жазған мына өлеңі
Мықтымын деп тасыма,
Осалмын деп жасыма.
Өзімшілдік, озбырлық
Ой келмесін басыңа.
Менменсісең асқақтап,
Жақының келмес қасыңа.
Тәкаппарлық жаман-ды
Түбінде қорлық басыңа.
Нәпсіқұмар зор болсаң,
Былғанарсың насыңа.
Әділ болсаң ақ көңіл,
Қарсы алар халқың асыға.
Ал Мақаштың ұлына айтқан өсиеті делінетін
мына өлең ойшыл ақынның күллі қазақ
баласына арнаған сөзі деуге әбден лайық:
Бойкүйез болма баптанып,
Сөйлеме артық мақтанып.
Аңдап басып аяқты,
Жаманнан жүр сақтанып.
Асығыс, ағат іс қылсаң,
Өтірік айтпа ақталып.
Халқың үшін қызмет ет,
Әділдікке ат салып.
Біреуге сәл өкпелеп,
Жүрмесін ойда тат қалып.
Ғибрат көрсең біреуден,
Соны үйрен жатқа алып.
Даналық сөз жақсы үлгі,
Жүректе қалсын жаталып.
Өнеге боп соңғыға,
Артыңда жақсы ат қалып
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz