ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР



Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту
Ожарова Роза Мұқанқызы

Қазақ тілінің фонетикасын оқытудың мақсаты:
Сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарының негізінде оқушыларға тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру.
Оқытудың міндеттері:
фонетиканың зерттеу нысаны, дамуы, қалыптасуы туралы мәлімет беру;
қазақ фонетикасының зерттелуіне шолу жасау;
тіл дыбыстарын игерту;
дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;
дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;
буын, екпін, тасымал туралы түсінік беру;
дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарымен таныстыру, дыбыстық өзгерістердің түрлермен таныстыру;
орфография принциптерімен таныстыру;
қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясынан толық түсінік беру.
Оқушылар білуі тиіс:
Дауыссыз, дауысты дыбыстарды ажырата білу керек;
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелісін білуі тиіс;
Буын, екпін түрлерін білуі керек;
Дыбыстардың өзгерістерін білуі қажет;
Графика, орфографияның негізгі мәселелерін білуі керек.
Оқушылар істей білуі тиіс:
Дыбыстарға анализ жасау кезінде оқушы фонетикалық терминдердің мазмұнын міндетті түрде ойлап, түсініп қолдана алуы қажет;
Фонетикалық, графикалық, орфографиялық материалдарды жүйелі түрде талдап, қорытындылай білу;
Фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық талдау жасай білу.

ФОНЕТИКА (дыбыс - грек сөзі) Фонетика - тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы. ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП Дыбыс - сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді. Әріп - дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Алфавит - грек сөзі Әліпби - араб сөзі Қазақ тіліндегі дыбыстар: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э - 37 Қазақ әліпбиіндегі әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я - 42 Қазақ тіліне тән дыбыстар: ә, ө, і, ұ, ү, қ, ғ, ң, һ, (ы) - 10 (9)

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай: жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай: еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у
Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і, и.
Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е.
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и.
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР Сөйлегенде ауа кедергімен шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді.
1. Қатаң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.
2. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ.
3. Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң.

Буын - сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобы. Мысалы: қа-ла-мыз-дa, бі-ле-тін-де-рі-міз-дің.

Буынға тән негізгі белгілер:
Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты болса, сонша буын болады.
2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болуы міндетті емес.
Қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі.
Қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы: бөрене (бревно), кереует (кровать), үстел (стол), тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, студент, стратегия т. б.
Бас (бірінші) буын болмаса, қалған буындар дауыстыдан басталмайды.

1) Ашық буын. Бір дауысты фонеманың өзінен болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға келіп біткен буынды ашық буын дейміз. Мысалы: а -(нық), ә -(кел), ө -(рік), ы -(дыс), ү -(шеу), и -(мек) дегендердің бас буындары да, ат -қа, ат -ты үй -ді деген сөздердің екінші буындары да -ашық буындар. А -ға, а -на, і -ні, ә -ке деген сөздердің басқы буындары да, соңғылары да ашық буын. Сөйтіп: а) дауысты дыбыстың жалғыз өзі тұрып -ақ ашық буын бола алады; ә) қатарынан келген екі дыбыстың алдыңғысыдауыссыз, соңғысы дауысты болып та ашық буын бола алады.
2) Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға келіп біткен буынды тұйық буын дейміз. Мысалы: ат, ән, ор, өт, ұн, ай, үн деген сөздер де, ант, өрт, ұлт деген сөздер де -тұйық буындар. Бұл буындардың алғашқы дыбысы дауысты, одан соңғы бір не екі дыбысы дауыссыз болып тұр. Сөйтіп: а) екі дыбысты, ә) үш дыбысты тұйық буын болады. Тұйық буын өз алдына сөз болып және бірнеше буынды сөздің, көбінесе, басында кездесіп отырады. Мысалы: ой, ой -мақ, ал, ал -мақ, өрт, өрт -ке.
3) Бітеу буын. Ортасы дауысты болып, екі жағы дауыссыз болған буынды бітеу буын дейміз. Мысалы: мал, сом, төс, құс, қыс, бұл, тіс, қант, қарт секілді сөздер бітеу буын болады. Өйткені бұл буындардың басқы дыбысы да, соңғы дыбысы да -дауыссыз. Бітеу буын қазақ сөздерінде: а) үш дыбысты да, ә) төрт дыбысты да болып келеді. Төрт дыбысты болып келген бітеу буынның соңғы дыбысы қатаң болып, қатаңның алдында үнді тұрады.
Бітеу буын өз алдына сөз болып та, бірнеше буынды сөздің басында да, ортсында да, соңында да кездесе береді. Мысалы: бір, тарт, бір -лік- тің, тарт -(па), (ақ) -тарт т. б.

Тасымал Жазып келе жатқанда, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір я бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді. Сөздің соңғы буындары дефис (-) арқылы төмендегі тәртіп бойынша тасымалданады. 1. Екі я одан көп буынды сөздер буын жігімен тасымалданады. Мысалы: Рес-пуб-ли-ка-мыз-да, құр-мет-ті, әке-лік т. б. 2. Бір ғана дауысты дыбыстан тұратын буынды жол соңына қалдыруға да, жаңа жолға тасымалдауға да болмайды. Мысалы: өзі-міз-ге (ө-зімізге емес), ара (а-ра емес), аю (а-ю емес) т. б 3. Екі дауысты дыбыстың ортасында й, у дауыссыз дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: жа-уап, (жау-ап емес), қа-йың (қай-ың емес), са-уын (сау-ын емес), ке-йін (кей-ін емес) т. б.

ЕКПІН
Екпін - сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.
Екпіннің екі түрі бар (қазақ тілінде) : бірі - негізгі; екіншісі - көмекші екпін деп аталады.
Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мәселен: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады.
Екпін түспейтін буындар
1. Жіктік жалғауына. Мысалы: оқушымыз, барамыз.
2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы: ағашты жарма, сен оған айтпа.
3. Шылау сөздерге. Мысалы: үй де, мал да - бәрі де аман.
4. Көмекші сөздерге. Мысалы: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.

Қазақ тілі сабағында тапқырлық ойындарды қолдану арқылы фонетиканы меңгерту.
Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгеру барысында мынадай негізгі талаптар ескерілуі қажет:
1. Оқу жоспарына сай оқыту процесінде дидактикалық ойындарды қолдану жолдары;
2. Дидактикалық ойындардың оқушыларға дамытушылық әсерінің себептері;
3. Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасқа түсу формалары;
4. Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға тілдік материалдарды игерту әдіс-тәсілдері;
5. Дидактикалық ойындарды оқушылардың танымдық, білімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай дұрыс таңдай білу жолдары;
6. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдары;
7. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары;
8. Қазақ тілі заңдылықтары мен ережелерін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін жетілдіруге септігін тигізетіндігі.

«АДАСҚАҚ» ойыны
Жіңішке дауыстылар: а, о, ұ, ы, у
Жуан дауыстылар: ә, е, ө, ү, і, и.
Еріндік дауыстылар: а, ә, о, ө, е.
Езулік дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и.
Ашық дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Қысаң дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и
Қатаң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ.
Ұяң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.
Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң.

«АДАСҚАҚ» ойыны (жауабы)
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у
Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і, и.
Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е.
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и.
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz