Музыканың ағзаға әсері


Slide 1

Ән айту, музыка, шығармашылық топтық іс - әрекеттер

Slide 2

Жоспар:

Сабақтарда музыканы қолдану әдістері, әуеннің пайдалы қасиеттері. Хормен ән айту, оның пайдасы.

Топтық іс - әрекет түрлері, олардың пайдасы. Шығармашылық жұмыс, оның пайдасы.

Slide 3

Музыканың ағзаға әсері

Қазақтар жас нәрестесін бесікте, «бесік жырын» айтып тербетіп өсірген. Бұл біздің ата-бабаларымыздың ән, күй әуенінің адам ағзасына айрықша әсер ететіндігін, оны өнер, білімге тәрбиелеп, жақсылыққа, сұлулыққа қарай қанат қақтыратынын ерте кезден-ақ білгендігі. Сірә, содан болар, қазақ «Ән - көңілдің ажары», - дейді. Өнер зерттеушілері ән-күйдің ізгілікті сенімді адам жанына ұялататынын баяндайды. Осы сенім тіршіліктегі орныңды айқындап, өзіңе ту сыртыңнан қаратады. Ал енді ғалымдар ән-күйдің дыбыстық жүйесінің ми бөлшектеріне импульстер жіберетін айтады. Дыбысты сезімтал немесе сенсорлық жүйке ұштары қабылдап, эффекторлық жүйке ұштары оны өткізетін көрінеді. Ән-күйден адам жанында ұя-лайтын ізгілікті сенім-адам ағзасына шипалы ем де болып шықты. Қос перненің бірін қатты, Бірін сәл-сәл кем бұра. Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ домбыра, - деп жырланатынындай, халқымыздың ішкі жан дүниесін, бітім - болмысын ашып көрсетіп бере алатын киелі мұрасы - қара домбырасы ғой. Домбыра күйлерін тыңдағаныңда көз алдыңа ата-бабаңнан асыл мұра болып қалған кең байтақ дарқан далаң елестейді, әсем әндерді естігеніңде көктеммен кезігіп, ақ жауын үнін, бұлақ сылдырын естисің, тамылжыған табиғатқа тап боласың. Талас тудырмайтын ақиқат, шығыс халқы, мұсылмандар әскері жаумен шайқасқа түсер алдында олардың рухын көтеру үшін барабанды да пайдаланған, қобызды да құйқылжытқан. Жүйке ауруларын да музыка арқылы емдеген.

Slide 4

әл-Фараби

Музыка - рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті - адамның эстетикалық қажетін өтеу.

Музыканның жұмыс салдарынан пайда болған шаршағандықты ұмыттырып, өзіне баурап әкететін қасиеті болады. Ол - бізге осы жұмыстың зардабына шыдауға, төзуге көмек береді.

Бұл ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдығынан айрылған адамдарды түзетуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді.

Музыканың үш түрі бар. Біріншісі, жәй ғана рахат сезімін туғызады, екіншісі құмарлықты, ынтықтықты білдіреді, үшіншісі біздің қиялымызға бағытталады. Жағымды сезім оятатын музыка демалыс үшін қолданылады, ол бізді жақсы тынықтырады.

Slide 5

Александр Николаевич Серов

Музыка - жүрек тілі, ол - сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.

Slide 6

Музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс.

Slide 7

Генри Лонгфелло

Музыка - адамзаттың әмбебап тілі.

Slide 8

Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі.

Slide 9

Ромен Роллан

Қазақтың отаншылдық жігеріне толы халық музыкасының ешкімге, ештеңеге ұқсамайтын ерекше тартымдылығы сондай, қазақ әнін тыңдағанда күллі дала көз алдыңнан өткендей болады.

Музыка, тамшы сияқты, там -тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді.

Slide 10

Дмитрий Шостакович

Музыка . . . әрбір адамға өзін-өзі терең түсінуіне көмектеседі, ол адамның сезімі мен ойын байытады.

Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе - оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады.

Slide 11

Жан-Жак Руссо

Мелодия тек қана еліктірмейді, ол сөйлейді . . . Оның тілі өткір, от -жалынға толы жәй, қарапайым сөзге қарағанда, әлде қайда күштірек деуге болады.

Slide 12

Музыка арқылы біз өзімізді үлгілі өнерге бейімдеп өркендете аламыз . . . Музыканың моральдық мәні сол, біз оның әсерімен таза нәр аламыз, яғни шынайы сүйеміз, немесе жиренеміз . . . Музыканың шын мәнінде біздің жан дүниемізді толқытып, көңілімізді көтеруге құдіреті әбден жетеді.

Slide 13

Музыканы қолдану әдістері

Музыкалық аспапты меңгеру

Музыканы тыңдау

Әуен арқылы жағымды күйге келу

Slide 14

Жағымды музыканың пайдалы қасиеттері

Тән мен ақылды сергектікке әкеледі

Шығармашылықты арттырады

Жүйкені тыныштандырады

Интуицияны дамытады

Денені босаң қалыпқа түсіреді

Сүйіспеншілік сезімін оятады

Slide 15

Түрлі музыка адам ағзасына әртүрлі әсер етеді, ауыр - рок әуені адамның тәніне, ақылына, көңіл - күйіне, психикасына теріс әсері тигізеді. Ал үлесімді классикалық және халықтық әуендер жағымды нәтиже береді.

Slide 16

Хормен ән айтудың пайдалы қасиеттері:

Ән айту дем алуды терең және ырғақты етеді. Ол, әрине, денсаулыққа пайдалы.

Сонымен қатар ән айту өзін-өзі тәрбиелеуді жақсартады. Ән айту кезінде қозғалмай және тік отыру керек, сонда дауыс әрі үзіліссіз шығады.

Хормен ән айту балаларды бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасауға үйретеді.

Ән айту ұстамдылық пен есте сақтаудың дамуына ықпал етеді.

Баланың жан-жақты дамуында музыка тыңдау мен хорда ән айту өте маңызды рөл атқарады. Бұдан да маңыздысы оқушылардың ән айтудан алатын үлкен қуанышы.

Дұрыс ән айту үшін әннің сөзін, ырғағын, әуенін үйлестіре алу керек, сонда ол өзіміздің тепе-теңдік сезімімізбен ішкі үйлесімділігіміздің пайда болуына көмектеседі.

Slide 17

Маған айтшы - мен ұмытып қаламын, Маған көрсетші - менің есімде қалады, Өзіме істетші - мен сонда түсінемін

Конфуций

Slide 18

«Оқушы-толтыратын құмыра емес, тұтататын алау»

Д. Ховард

Slide 19

Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі

Ыбырай Алтынсарин

Slide 20

Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.

Slide 21

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:  оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;  сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;  шығармашылық ой - өрісі артады;  кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;  ұжымдық ой - пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;  мұғаліммен оқушылардың қарым - қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;  оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;  білімін жүйелі түрде толықтыруға;  өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;  тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;  оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады. Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық дербестігін қалыптастырудағы әрекеттерін негізгі міндеттеріне тоқталсақ:  білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыруы;  білімді шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешу шеберліктерін арттыру;  ғылыми дүниетанымды қалыптастыру т. б.

Slide 22

Сабақта қолданылатын көркем іс - әрекет шығармашылық түрлері:

Сахналық қойылым;

Тестілеу;

Ойындар;

Топтағы жұмыс.

Slide 23

Сахналық қойылым

Шекспир: «Өмір - ол ойын, адамдар оны орындаушы актерлер».

Әдістері:

әрбір топқа қойылым жасау үшін сюжет береді;

тек тақырып беріп, оқушылардың өздерінің сюжет құрастыруын сұрайды;

әрбір топқа құндылықтар таңдау ұсынылады, одан кейін сюжет пен тақырыбы қандай болатынын шешеді.

Сахналаудың пайдасы:

өзіне сенімділік;

шығармашылық ойлау;

ажырата білу;

Өзгелермен өзінің іс - әрекетін үйлестіре білу дағдысын дамыту.

Slide 24

Тестілеу

ТЕСТ (англ. test) - сынау, тексеру, талдау Мақсаты: құндылық категориялары қалай өзгереді және оған деген оқушылардың көзқарасын анықтау.

Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:

Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;

Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы.


Ұқсас жұмыстар
Музыканың емдік күші
Адам және табиғат
Арнайы білім берудегі оқыту әдістері
Тітіркендіргіш - өкпе немесе демалу жолдарының сілемейлі қабықшасының тітіркенуі
Музыкалық қабылдау - әлеумет - мәдениеттік және психологиялық-педагогикалық мәселесі. Музыкалық қабылдаудың түрлері
Көне философтар
Өндірістік улардың қабаттасып әсері етуі
Музыкалық қабылдаудың түрлері
Музыканы қабылдаудың төрт кезеңі
Дәріні ағзаға енгізу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz