Оқушыларды топқа бөлу


Slide 1

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Рахметова Жазира Ниязқызы

Slide 2

Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы: Мүсін өнері

Slide 3

Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру; Қазақстан мүсіншілері мен олардың көркем шығармаларымен таныстыру; Мүсін жасайтын материалдарының технологиялық тәсілдеріне түсінік беру.

ә) Дамытушылық: Адам анатомиясын білуге үйрету. Ермексазбен жұмыс істеу әдіс-тәсілін дамыту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру, Мүсін жасау арқылы балалардың қолын, білек пен саусақтардың бұлшық еттерін дамыту.

б) Тәрбиелілік : Эстетикалық талғамын арттыру арқылы мүсін туындыларын бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі мүсіндер, мүсін бейнеленген суреттер, иллюстрациялар.

Сабақ түрі: аралас сабақ, білік, дағды қалыптастыру сабағы.

Сабақ әдісі: Қызығушылықты ояту, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Кезекші оқушыны анықтап, оқушыларды түгелдеу. Сынып журналын толтыру.

Сергіту сәті: “Жұмыр қылыш” тренинг.

Оқушыларды топқа бөлу.

Жаңа тақырып түсіндіру.

“Домино” ойыны берілген суреттерді қүрастырып, бүгінгі тақырыпты ашу. Бейнелеу өнеріне арналған электронды оқулық арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

БҚО ескерткіштер туралы буклетті таныстырып өту.

Топтастыру: Мүсін өнері

Slide 4

Мүсінді « Скульптура » деп те атайды. Ол латынның « қашап жасау » деген ұғым білдіреді. Мүсіндегі ең басты құрал - аумақты форма болып табылады. Мүсіндік шығармада кеңістікте көруге, жан - жағынан толық қарауға әбден мүмкіндік береді. Мүсіндеу өнерінің шығармалары қатты және пластикалық материалдардан /ағаш, темір, мәрмәр, тас, және саз балшық / жасалынады. Ең алғаш адамның, аңның мүсіндерін алғашқы қауымдық қоғамда шеберлер балшықтан илеп, ағаштан жонып, тастан қашап немесе аңның сүйектерінен жасаған. Мүсін өнері - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер ежелден келе жатқан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті, көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер осы мүсін өнері болды. Атап айтқанда, Египеттегі «Аменемхеттің статуясы», Греция мүсіншілері Миронның « Дискоболы », Поликлеттің, « Дорифоры » т. б. Француз мүсіншісі Этьенн Морис Фальконе Ресей елінің Санкт - Петербург қаласында Нева өзенінің жағалауында І Петрге арнап монументтік мүсін жасаған .

Сонымен қатар қазақтың кәсіпқой мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев « Абай », « Шоқан » т. б. арнаған ескерткіштері бар. Мүсін өнерінде өзіндік мектебі бар Х. Наурызбаев өз еліміз көлемінде ғана емес, шетелдерге танымал мүсінші. Х. Нарызбаевтан басқада қазақтың көптеген мүсіншілері бар. Олар: Е. Мергенов, Е. Сергебаев, Т. Досмағанбетов, Н. Журавлев және Б. Төлегенов. Саз балшық мүсіншінің қиялында пайда болған ойдың жобасын жасауға мүмкіндік беретін ең алғашқы материал. Мүсінші үшін саз балшықтың аса құнды қасиеті - оның ырғаққа көнгіштігі .

Топтық жұмыс. Үш топқа мәтін беріледі. Екі жақты күнделік толтырып түсіндіріледі.

Тақырып

Оқушылар

пікірі

І -

топ

Монументтік мүсін, станоктік мүсін.

Тақырып

Оқушылар

пікірі

ІІ - топ

БҚО ескерткіштер,

Бюст, статуя

Тақырып

Оқушылар

пікірі

ІІІ- топ

Әлемдік, қазақ мүсіншілері

Slide 5

Ермексазбен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

Ермексазды ауызға салма!

Жұмыс кезінде столды немесе партаны ластама!

Жұмыстан соң қолды сабындап жу!

Шығармашылық жұмыста қажетті құрал-жабдықтар:

-ермексаз,

-тақтайша(10-20см)

-жылы су

-қажетті формаға келтіретін қалақшалар

Шығармашылық кезең: Ер балалар ермексаздан адамның тұлғалық мүсінін, қыз балалар ермексаздан жапырақтың пішінін рельеф әдісімен сомдайды.

Кезеңдері, қыз балаларға:

1. Ермексазды илеп, жұмсарту

2. Оны еппен тақтайшаға біркелкі

етіп жаю(қалыңдығы 2-3см)

3. оған суретін түсіру

4. Сурет бойынша оны қалақшамен ою. (Қалың алынатын жерінен бастап, жұқасына дейін)

Кезеңдері, ұл балаларға:

1. Ермексазды илеп, жұмсарту

2. Ермексазды бөлшектерге бөлу

3. Формасын келтіріп қалаған кейіпкерді мүсіндеу

Slide 6

Атаулары

Статуя

Сәндік

Рельеф

Бюст

Барельеф

Горельеф

Монументтік

Денелер жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып тұрады

Адам денесінің тұтастай толық сомдалуы .

Жазықтықтың бетінен көбірек шығып тұрады

тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтықтың бетіндегі мүсіндік бейне

Кеуделік мүсін

Ірі көлемдегі ауқымды ескерткіш

Кіші көлемдегі жұмыстар

Сергіту сәті. «Адасқан әріптер»

Орындары ауыстырылған сөздерден мақал-мәтелдер құрау.

Шешеннің сөзі мерген, ісіңе сен, күшіңе сенбе, жеті рет өлшеп, шебердің көзі мерген, бір рет кес.

Шешуі: 1. Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.

2. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

3. Жеті рет өлшеп, бір рет кес

Сабақты бекіту. Семантикалық карта арқылы өтілген жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.

Кестедегі мүсіндердің атауын тауып, тиісті дұрыс жауапқа + белгісін қою.

7 дұрыс жауапқа 7 балл қойылады.

Slide 7

Оқушының аты - жөні

Шығармашылық кезең

3-5 балл

Топтық жұмыс

1 - балл

Семантикалық карта

Тест жұмысы 7 балл

Баға

Бағалау

5 балл

Барлық мүсіндік талаптарды сақтап жасаған.

4 балл

Ермексазды жақсы қолданғанмен, құрылысында қателіктер кеткен.

3 балл

Ынталы, бірақ кем-кетіктер жетерлік

Оқушылар өздерін бағалау парағымен бағалайды.

Үйге тапсырма: « Көп түлғалы мүсін » жасап келу.

13-10 - « 5 »

9-7 - « 4 »

6-3 - « 3 »

Сабақты қорытындылау.

- оқушылар, бүгінгі сабақта мүсін өнерінің түрлері және БҚО мәдени ескерткіштер туралы мәлімет алдыңыздар.

сіздер елімізді көркейтер жас бүлдіршіндер елімізде орналасқан тарихи ескерткіштерді қорғап, оларды күтіп ұстауларыңыз керек, себебі, ол - тарихи мұра.

- сондықтан, оқушылар, дүние жүзі бойынша 28 сәуір - халықаралық ескерткіштерді қорғау күні қабылданған.

Slide 8

МҮСІН АДАМ СОМДАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ.

БЮСТ

АДАМДАРДЫҢ КЕУДЕДЕН ЖОҒАРҒЫ ТҰЛҒАСЫН ҒАНА БЕЙНЕЛЕЙТІН МӘРМӘР, ҚОЛА НЕМЕСЕ АҒАШТАН СОМДАЛҒАН ДЕНЕ.

СТАТУЯ

АДАМ ДЕНЕСІНІҢ ТҰТАСТАЙ ТҰЛҒАЛЫҚ СОМДАЛУЫ

КӨП ТҰЛҒАЛЫ КОМПОЗИЦИЯ

БІРНЕШЕ АДАМ ТОБЫН СОМДАҒАН МҮСІНДІК КӨРКЕМ ШЫҒАРМА

Slide 9

МҮСІН ТҮРЛЕРІ

РЕЛЬЕФ

ТЕК БІР ЖАҒЫНАН ҚАРАҒАНДА ЖАҚСЫ КӨРІНЕТІН, ЖАЗЫҚТЫҚ БЕТІНДЕГІ БЕЙНЕ

ЖҰМЫР

ЖАН - ЖАҒЫНАН КӨРУГЕ БОЛАДЫ

БАРЕЛЬЕФ

ЖАРТЫЛАЙ СОМДАЛҒАН БЕЙНЕ ЖАЗЫҚТЫҚТЫҢ БЕТІНЕ АЗ ШЫҒЫП ТҰРАДЫ.

ГОРЕЛЬЕФ

ЖАЗЫҚТЫҚТЫҢ ЖАРТЫСЫНАН КӨБІРЕК ДӨҢЕСТЕУ ШЫҒАДЫ.

Slide 10

КӨЛЕМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

МҮСІН ТҮРЛЕРІ

МОНУМЕНТТІК

ІРІ КӨЛЕМДЕГІ

АУҚЫМДЫ

ЕСКЕРТКІШ

СӘНДІК

КІШІ

КӨЛЕМДЕГІ

ЖҰМЫСТАР

СТАНОКТЫ

ШАҒЫН КӨЛЕМДЕГІ ЖҰМЫС

ТҮРЛЕРІ СТАНОК -

МҮСІН МОЛЬБЕРТТЕ СОМДАЛАДЫ

Slide 11

Бейнелеу өнері

Кескіндеме

(живопись)

Графика

Мүсін

Дизайн

Сәндік қолданбалы өнер

Сәулет өнері

Slide 12

Қазақ жеріндегі балбал тас мүсіндер

Ежелгі грекия өнері

Мүсінді сомдаудың кезеңдері

Slide 13

Оқушы жұмыстары

Slide 14

А д а с қ а н ә р і п т е р

көзі шебердің шешеннің сөзі мерген, мерген

ісіңе күшіңе сен, сенбе,

Кес бір жеті рет, рет өлшеп.

Шешуі:

1. Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.

2. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

3. Жеті рет өлшеп, бір рет кес

Slide 15

Топтық жұмыс. Үш топқа күнделік беріледі.

Тақырып

Оқушылар пікірі

І - топ

Монументтік мүсін, станоктік мүсін.

Тақырып

Оқушылар пікірі

ІІ - топ

БҚО ескерткіштер,

Бюст, статуя

Тақырып

Оқушылар пікірі

ІІІ- топ

Әлемдік, қазақ мүсіншілері

Slide 16

Шығармашылық жұмыста қажетті құрал-жабдықтар:


Ұқсас жұмыстар
Топтардағы оқыту
Африканың табиғат зоналары қайталау сабақ
Өмір - қымбатсың маған!
Жұмбақтар, жаңылтпаштар
Дарынды оқушылар
Қорғаныш реңдер бейімделуі
Уақыттың қадірін білгің келсе
Солтүстік Американың табиғат зоналары
Мұғалім көшбасшылығы
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz