Сызу пәніндегі оқушылардың білімін және іскерлігін бағалау критерийлері мен дескрипторлары


Slide 1

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Рахметова Жазира Ниязқызы

Slide 2

Сызу пәнінде оқушылардың білімін және іскерлігін бағалау

Slide 3

Сызу пәнін

неге оқыту кеңістіктік қабілетін дамыту

не үшін оқыту өміршең құндылықтарын сақтау

қалайша оқыту сызбаны оқуда логикалық тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту

Slide 4

Дидактикалық ойындар, логикалық тапсырмалар

Ойлан, тап!

?

?

?

?

Суретке көріністі сәйкестендір!

Slide 5

Оқу жұмысы нәтижелерінің көрсеткіші баға болып табылады. Сызу пәнінде оқушылардың білімдері мен іскерліктеріне берілетін бағаға қойылатын шарт олардың оқу іс - әрекеттерін ескеріп қойылады:

Программалық материалды игеру;

Сызбаны оқи және орындай білу деңгейі,

Кеңістік түсініктерінің дамығандығы,

Анықтамалық материалды пайдалана білетіндігі

Міндетті практикалық және графикалық жұмыстарға қатынасы;

Графикалық іс - әрекет процесінде жіберілетін қателер.

Мұғалімнің жұмысының ең маңызды процесі - оқушының практикалық немесе графикалық жұмыстарын тексеру. Оқушы еңбегі бағалануы тиіс. Оқушының өзіндік белсенділігін арттыру мақсатында, кейбір уақытта өздерінің жіберген қателерін өздері дұрыстауға мүмкіндік беріледі. Оқушылардың сызбаларын тексеруде осындай жүйелі тексеру жұмыстары олардың графикалық жұмыс орындаудағы ынтасын жақсартуға септігін тигізеді.

Slide 6

Міндетті практикалық және графикалық жұмыстар

Slide 7

Осы айтылғандарға сүйене отырып төменде келтірілген баға шарттарының нақты мазмұны:

Баға «5» - Оқушы программалық материалды толық меңгерген, сызбаларды мұқият орындайды және еркін оқи біледі, дененің формасын оның кескіндері бойынша айқын елестете біледі. Оқу пәніне қызығады. Барлық практикалық және графикалық жұмыстарды уақытылы орындайды және жұмыс дәптерін ұқыпты ұстайды. Кескіндерді сызғанда қате жібермейді.

Баға «4» - Оқушы негізгі программалық материалды толық игерген, бірақ чертеждерді кеңістік елестете білуі жеткілікті дамымаған себепті шамалап қиналып оқиды. Міндетті практикалық және графикалық жұмыстарды орындайды және жұмыс дәптерін ұқыпты ұстайды. Сызбаларды оқығанда және орындағанда ұсақ қателер жібереді, оларды жөндеуге мұғалімнің көмегі қажет болады.

Баға «3» - Оқушы негізгі материалды анық білмейді. Сызбаларды сенімсіз оқиды және орындайды. Үнемі мұғалімнен көмек күтеді. Программада қамтылған негізгі жұмыстарды ылғи да уақытылы орындай бермейді. Сызу бойынша жұмыс дәптерін салақ ұстайды. Графикалық іс - әрекет барысында жекелеген жағдайларда өрескел қателер де жіберіп қояды.

Баға «2» - Оқушы программалық материалды білмейді. Міндетті практикалық және графикалық жұмыстарды орындамайды, жұмыс дәптері жоқ. Ылғи да өрескел қателер жіберген.

Slide 8

Критерий

Балл

Дескриптор

Практикалық тапсырма

бойынша

3

Тапсырманы толықтай, дұрыс орындаған. Өлшемдерін сызбаға орналастырған.

2

Тапсырманы аяқсыз орындаған. Сызбадағы көрініс қорытындыланбаған

1

Тапсырманы дұрыс орындамаған, проекцияны көрсете алмады.

Критерий

Балл

Дескриптор

Практикалық тапсырма

бойынша

5

Тапсырманы толықтай орындаған. Сызбадағы кескіндерді дұрыс сыза білді.

4

Сызбадағы көрініс орындалып тілік жұмысы аяқсыз орындалса

3

Кескінді проекцияға орналастырып, тілік жұмысын көрсете алмады.

Сызбаға көріністер орналастыру

Тілік туралы түсінік

Slide 9

Бағалау парақтары

Бағалау саласы

Ұпайлар (егер тақырыпты аша алмасаңыз - 0-ді, толық меңгерсеңіз 5-ті айналдыра сызыңыз)

1

Көріністердің сызбада аталуын білемін

0 1 2 3 4 5

2

Тіліктің маңызы туралы меңгердім

0 1 2 3 4 5

3

Тіліктің түрлерін, орындалуын, сызбада қолдануын игердім

0 1 2 3 4 5

4

Барлық ұпай саны

Оқушының аты - жөні

Тесттік тапсырма

1-10

Практикалық тапсырма

1-3 балл аралығы

Жинақ балл

Баға

Slide 10

Жүйелі бағалау нәтижесі


Ұқсас жұмыстар
Физика пәні бойынша оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру мен бағалау әдістемесі
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда портфолионың рөлі мен бағалау критерийлері
Оқушылардың білімін, іскерлік пен дағдыларын бақылау және бағалаудың теориясы мен әдістері
Волейбол сабағында оқушылардың теориялық білімін топтық жұмыспен жетілдіру
Математика сабақтарында оқушылардың білімін тексерудің әдістемелік және диагностикалық мәселелері
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: түрлері мен критерийлері
Сабақта жобалау-бағдарлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білімін жетілдіру
Математика пәніндегі критериалды бағалау: критерийлер, дескрипторлар және практикалық қолданылуы
Оқушылардың информатика білімін жинақтауға арналған сабақ жоспары және тексеру тапсырмалары
Қазіргі педагогтардың кәсіби құзыреттіліктері мен бағалау критерийлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz