Боз кілемдегі Сейіл балуан
Презентация қосу
«Аманкелді ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Жалдама жалпы білім беретін орта
мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлға
(Жергілікті балуан Құлымбетов Сейіл жайында
ғылыми жұмыс)
Темешев Мұстафа
(11-сынып оқушысы)
Ғылыми бағыты: Эстетикалық бағыт (Дене шынықтыру)
Ғылыми жетекші: Асқар Рамазан Жумашұлы
2016-2017 оқу жылы
Абстракт
Зерттеу мақсатым
Қазақтан шыққан балуан көп. Бірақ, бұрынғы кезеңде аты алты
алашқа мәлім боп, қазіргі таңда ұмытыла бастаған хас балуандар кездеседі.
Соның бірі, Амантоғайдан шыққан Сейіл балуан. Оның өмір жолын, ерлік
дастанын кейінгі ұрпақ біле бермейді. Неге? Себебі, қазіргі таңда
ұрпағынан басқа ешкім елеп-екшеп, бағаламайды. Мен осы ғылыми
жұмысты жазуда осы олқылықтың орнын толтырмасам да, кішкене болсын
тың жаналық ашсам менің мақсатымның орындалуы деп білемін. Өйткені,
аталар мұрасын зерттеп, өзім қатарлы жастардың санасына жеткізу өзімнің
басты міндетім деп санадым.
Зерттеу болжамым
Осы зерттеу жұмысым арқылы спортшы тұлғаны өз замандастарыма
және бізден кейінгі ұрпаққа батыр бабамыз туралы дұрыс және нақты дерек
қалдыратыныма сенемін. Онсыз да жергілікті тұлғалар жайлы аз білетін
ұрпаққа балуан ата жайлы нақты дерек қалдыру.
Жұмысым көптің қолдауын тауып, атамыз туралы деректер
жергілікті жерде ғана емес облыс, республика көлеміне таратылып
жатса нұр үстіне нұр болары анық. Өскелең ұрпақ шетелдің спортшы
адамдарына емес, өзіміздің спортшы аталарымызды пір тұтып, соларға
еліктеп жатса, жақсы бір игі істің бастамасы болар еді.
Зерттеу жаңашылдығы мен дербестік дәрежесі
Алғашқы талпыныстан туған танымдық ғылыми еңбегімнің
ерекшелігі жеңіл салмақтағы Орта Азия чемпионы және балуан
атамыздың боз кілем үстіндегі ерліктері әлі де болса беймәлім екендігі
белгілі. Сол замандарда атағы талай жерді шарлаған ерліктері күні бүгінге
дейін аталмай, еленбей келуі мен үшін таңқаларлық дүние болды. Осы
орайда ғылыми жұмысымның маңыздылығын аша түсу үшін жетекшіммен
бірге Сейіл палуан туралы бір дерек болсын ашуға тырыстық.
Зерттеу әдісі
Зерттеу жұмыстарының барысында атамыз жайлы деректердің аздығы
және олардың ұқыпты жинақталмауы бізді тың дерек іздеуге итермеледі.
Әрине, бірінші ойға келгені ауыл арасындағы көне-көз қариялардың Сейіл
атамыздың көзін көрген адамдардың естіген-білгендерін дәптер бетіне және
бейнеқұрылғыларына басу болды. Жинаған деректерді архив деректерімен
салыстыра отырып ортақ ой түйіндеуге әкеп соқты. Және де, атамыздың
ауылдағы ұрпақтарынан ой суыртпақтап, жұмысымды жүйелеуге тырыстым.
Зерттеу кезеңі
Зерттеу жұмысым 2016 жылдың тамыз айынан басталған болатын. Бас
кезінде ауылда туған балалары болғанымен Сейіл атамыз жайлы деректерді
жинастыру қиынға соқты. Басталған істің аяқсыз қалмауына септігін тигізген
жетекшім жігерімді қайрап, «іздеген табады» дегенге келтіріп алға жетелеп
отырды. Бұл жұмысыммен «Сейіл балуанды толық зерттедім, нақты бет-
бедерін жасадым» деп айту әрине, күмән туғызады. Ел, аймақ үшін бар
ғұмырын күреске арнаған атамыздың ерлігі ұрпағының көкейінде сайрап
жатыр. Ғылыми жұмысым бұдан әрі жалғасын табады, себебі өмір жолында
дерегі аз, құнды, ұрпаққа үлгі болар дүниелері әлі де болса көп.
Зерттеу нәтижесі
1. Сейіл атамыздың өмір жолынан азда болсын деректер білдім.
2. Сейіл атамыздың дарынды балуан кісі екеніне көзім жетті.
3. Сейіл атамыздың ұрпаққа үлгі болар кісі екені дәлелденді.
4. Балуан атамыз туралы ел аузында жүрген естелік әңгімелер жинақталды.
ІІ. Кіріспе
«Қазақша күрес» дегеніміз не? Оның шығу тарихы қалай? Осы сұрақтарға
өз ойыммен жауап берсем.
Бұл ойын адамның денесін ширатып,
бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке,
батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез
ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады.
Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт.
Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері. Қазақша күресте адам
өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда
шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу,
тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре
лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де
қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде, арнаулы жазық жерде,
тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша
қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға
болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге
тигізілуімен аяқталады.
Қазақ салқар дала төсінде сағыммен жарысып, желмен ойнап, ат үстінде
өмір өткізген. Айтулы ас - тойларға арнайы дайындалып, ел намысын
қорғап ерлерін ерекше құрметтеген. Аламан бәйге, көкпар, қыз қуу сияқты
ат ойындарымен қатар күрес өнерін жоғары деңгейге көтерген. Күресу үшін
балуанның білек қайраты мен қатар көз ілеспес әбжіл қимылы керек. Және
ең бастысы жеңіске деген алапат құлшынысы болуы шарт. Оның мысалы
«Мәскеу - 80» олимпиадасындағы Жақсылық Үшкемпіровтың ғажайып
күресі әлі күнге дейін ел есінде сақтаулы. Сонымен қазақ күресі тек
балуанның ғана абыройы емес барша ауылдың, бүкіл өңірдің мерейі
саналған. Ол жылдармен жаңғырып, айтыла-айтыла аңызға айналып, ел
жадында қала берген. Мысалы, өзіміз бала кезден естіп өскен, кейбірін
көзіміз көрген күрескерлер Танатқан, Ералхан, Тоқтар, Сейіл секілді
аты шулы балуандар өмірден өтсе де әлі күнге дейін әңгіме желісіне
айналып басқосуларда айтылып отырады. Мұның бір жақсы жері кейінгі
ұрпаққа «менде сондай болсам-ау» деген асқақ арман талабын
қалыптастырады.
Аманкелді – алыптар мекені
Біздің Аманкелді жеріндегі қазақ күресінің тарихы тереңде жатыр. ХХ ғасырдың басында
осы елден шыққан атақты палуандар Таңатқан Дүйсекеев, Тайшыман Исабеков, олардан кейінгі
шыққан Сүлман Өсіпұлы, Ералхан Сейпекұлы, Дүзелбай Айсаұлы, Шынтақ Мұстафаұлы және
Сейіл Құлымбетовтердің ерлікті істері күресті өздеріне серік қылған жас балуандардың
балалық қиял қуған армандарында шоқ болып жанып, жүректеріне жалын туғызғаны хақ.
Қасиетті Батпаққара топырағы талай тарландарды өз топырағынан түлеп ұшырған. Оған
өткен мен бүгінгі тарих куә. Киелі Аманкелді өңірі өнер, спорт салалары бойынша үнемі атын
шығарып отырған. Осы үрдіс қазіргі таңда да өз жалғасын тауып келеді. Неге десеңіз?
Аманкелдінің атын облыс, республика тіпті әлем елдеріне таңытқан және танытып жүрген боз
кілем шеберлері жетерлік. Сөзіме өткен ғасырда боз кілемде атой салып ұрандаған
Танатқан, Тайшыман, Сүлман және жақында ғана дүйім Қазақ елін өз жеңісімен
қуантқан Ислам Бозбаевтың ерліктері дәлел бола алады.
«Балуандар мекені – Аманкелді» атанған біздің ел балуандары қандай да
болсын жарыстарда жүлдесіз оралмаған, сол дәстүрді бүгіндері де
ұрпақтары намысқа толы жігер, қайрат, күштерімен дәлелдеуде. Қазіргі
таңда облыс, республика деңгейіндегі жарыстарда жеңіс туын биікке
көтеріп жүрген жас өрендер қаншама, солардың бәрі Аманкелдінің тумасы,
неге осындай ұлдармен мақтанбасқа!
Мақтанатын да жөніміз бар. Себебі, соңғы уақыттарда Аманкелді
ауданы көлемінде күрес өнерінің сипаты ерекше мәнге ие болып отыр.
Аудан орталығындағы спорт мектебі, және Байғабыл, Құмкешу, Есір,
Жаңаауыл, Қарасу, Амантоғай ауылдарындағы күрес мектептері тұрақты
жұмыс жасап отыр. Осы мектептер аз уақыт ғана жұмыс жасаса да көптеген
жетістіктерге жетіп, елдің абыройын асқақтатуда. Сөзімнің дәлелі ретінде
өзім туып-өскен Амантоғайдағы күрес үйірмесі аудандық, облыстық және
республикалық деңгейдегі жарыстардан атой салып келуде. Мысалы,
Балмашев Сәкен 2015 жылы Арқалық қаласында өткен республикалық
турнирде ІІІ орын алып «Спорт шеберлігіне үміткер» атағына ие болды.
2016 жылы Қостанай қаласында өткен «Жас барыс» турнирінде Сәлімхан
Дархан 50 кг салмақта жүлдегер атанды. 2017 жылдың 10-12 сәуір
аралығында Қызылорда облысының Шиелі ауданында өткен Қазақстан
Республикасының чемпионатына үш балуан 46 кг Балғабай Сағидолла, 50 кг
Сәлімхан Дархан, 73 кг Әшімхан Абылайхан қатысып, жүлделі оралды.
Аманкелділік алыптардың ізбасарлары
Боз кілемдегі Сейіл балуан
Атамыз Сейіл балуан 1932 жылы, 20-сәуір күні,
Байғабыл ауылында қарапайым, көпбалалы арғын-
ақташы руы отбасында дүниеге келген. Атамыз
алты айлығында әкеден, он үш жасында шешеден
жастай жетім қалған. Жетімдіктін зардабын тартқан
балуан атамыз Қостемір деген нағашысының
қолында өседі. Жастайынан колхоздың қара
жұмысына арласып еңбек еткен. 1949 жылы нағашы
атасы ертіп апарып, Қостанай қаласының ауыл
шаруашылық техникумына оқуға түсуіне
көмектескен.
Содан сол техникумын 1952 жылдың мамыр айында мал дәрігері
мамандығы бойынша бітіріп шығады. Сол уақыттардан бастап күрес
өнеріне шындап ден қойып, кәсіби күрес жолын бастаған. Менің осы
ғылыми жұмысым Сейіл атамның боз кілемдегі өміріне арналады.
Сейіл атамыз күрес өнеріне қалай келді? Осы сұраққа жауап іздесем,
әлқиссасы былай екен. Қырық тоғызыншы жылы жетінші сыныпты бітіретін ауыл
балалары мектеп бітіру емтиханын аудан орталығы Аманкелдіге тапсыруға келеді.
Ауылдан келген балалар мектеп жанындағы пансионатта жатады. Кілең қарадомалақ
ауыл балаларын қызықтаған мұғалімдер күнде кешке балаларды ермек қып
күрестіреді. Ол кезде мен үлкен, ол кішкентай, салмағы келеді, келмейді деген
түсінік жоқ. Кім күрескісі келеді, сол күреседі. Бір осындай күні шағын денелі Сейіл
атамыз өзімен күрескен балалардың бәрін жығып, бойында бір ұшқын бар екенің
байқатады. Осы ұшқынды алғаш байқаған атақты Сүлман балуан екен. Балуан
Сүлман жеткіншек Сейілге сол кезде берген бағасы: «Бұл бала бар сабақты күрестен
оқыған ғой» болды. Міне, балуан кісінің осы бір сөзі болашақ қазақ күресінің
шеберіне ерекше шабыт беріп, күрес өнеріне келуіне себепкер болды деп айтсақ
қателесе қоймаспыз.
Сейіл атамыз күреспен шындап 1949 жылдан бастап айналыса бастады. Себебі,
Қостанай ауылшаруашылық техникумына оқуға түскенде, оқу орнында түрлі спорт
үйірмелері жұмыс істейді екен. Атамыз ойланбастан күресті таңдайды. Осы кезден
бастап қазақ күресіне бойында бұла күш пен таудай қайрат бар бір қарлығаш
қосылды. Ол әрине Сейіл атамыз! Балуан атамыздың жеңісті жолдарына үңілсек:
1950 жылы облыстық спартакиаданың чемпионы;
1950 жылы облыстық балуандар құрамасының мүшесі;
1951 жылы Алматыда өткен чемпионатта “Орта Азия чемпионы”;
1952 жылы Республика чемпионы;
1957 жылы Республикалық фестиваль чемпионы;
1960 жылы Аманкелді ауданының “Түйе балуаны”
Атамыздың қара шаңырағы Атамыз немерелерімен Әжеміздің жас кезі
Атамыз жұбай Рахима Боз кілем шеберлерінің Құрмет тақтасы Тұңғыш баласы,
және ұлы Айдынмен өнерпаз - Қырмызы
Құлымбетова
Атамыздың жас кезі (сол
жақтан үшінші)
Қорытынды
Осы бір зерттеу жұмысымды жүргізуде көп нәрсеге қанық болып, балуан
атамның рухы қолдағандай күш қайратпен ізденіп, жазғандай болдым.
Дегенмен, тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні болары анық. Зерттеуім заяға
кетпеді деген үміттемін. Өйткені, балуан – қашанда балуан, алдағы уақыттарда
Аманкелді аудандық күрес тарихы жазылып жатса, Сейіл атамыз сол
тарихтан орынды ойып тұрып аларына көзім толығымен жетеді.
Қорыта келе айтарым:
Алғашқы ұсынысым болсын. Балуан аталарымызды келешек ұрпаққа
дәріптегіміз келсе, атамыз мекен еткен жердегі спорт үйірмесіне есімін беруді
ұсынамын. Жас ұрпақтан жеңісті жол күтсек, атамыздың еңбегін дәріптеуіміз
керек. Сейіл атамызға осылай жасамасақ, балуан атамыздың аруағынан ұят.
Жалғасы болсын. Сейіл атамыз жайлы құжаттар дайындалып, көзінің тірісінде
өзі тұтынған заттарды жинастырып, аманатқа қиянат жасамай аудандық мұражайға
тапсырылса нұр үстіне нұр болар еді.
Жалғасы толсын. Зерттеу барысында белгілі болғандай атамыздың күрес
өнеріндегі жеңісті жолы ұрпаққа насихатталып, Сейіл балуан атындағы күрес
жарыстары, ауылдық, аудандық деңгейде өткізіліп тұрса.
Енді қорытындысы болсын. «Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлға» - демекші, Сейіл
балуанға Амантоғай ауылынан бір көше аты бұйырса деген оймен қорытқым
келіп отыр. Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады, ағайын?!
Аннотация
Зерттеу жұмысымның объектісіне айналған Сейіл атамның боз
кілемдегі өнерін зерттеп, балуан жайлы деректер нақтыланып, туған
ауданымның балуан аталарым жайлы деректер халыққа кең көлемде
насихатталды. Бұл жұмысты жазудағы негізгі мақсатыма толық жетпесем
де, біршама дерек көздерімен танысып, спорт әлемінің «ауласына»
кіргендей болдым. Менің осы шағын ғылыми еңбегім ел ағаларын тануда
өзіме және өзгелерге ой салып, алғы күндерде зерттеу жұмысымды
кеңейтуге жол ашты.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz