Менің мінезімнің күшті және әлсіз жақтары


Slide 1

Менің мінезімнің

күшті және әлсіз

жақтары

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды өз мінезін бақылай білуге, мінезінің осал тұстарын жоя білуге, жақсы мінездерді қабылдай білуге, жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.

Slide 3

Мінез дегеніміз не?

Жақсы мінез қандай болады?

Slide 4

Менің мінезім қандай ?

Slide 5

Өз мінезіңізді білгіңіз келе ме?

Slide 6

Тест

1. Саусақтарыңызды айқастырып ұстыңыз.

Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға "2", сол қолдың саусағы болса, "1" деп жазыңыз.

Slide 7

2. Жалған нысананы көздеңіз.

Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.

Slide 8

3. Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз.

Қай қол үстінде қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.

Slide 9

4. Шапалақтаңыз. . .

Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса "1", оң болса "2" деп жазыңыз.

Енді нәтижелерді қортындылайық.

Slide 10

«» - (толық оңқай) . Сіз мінезіңіз тұрақты, сабырлы адамсыз, артық ұрыстар мен бос әңгімелерді ұнатпайсыз.

«2221» Сіздің басты кемшілігіңіз - батылсыздық.

«2212» Сіз оңай тіл табыса алатын, көңілді жансыз.

«2111» Сіздің мінезіңіз тұрақты емес, көңіліңіз құбылмалы. Бірақ істеріңізді біреуге тапсырмайсыз, өз шаруаларыңызды өзіңіз тындырғанды жөн санайсыз.

«2211» Сіздей адам жиі кездесе бермейді. Ақкөңіл, мейірімді бола тұрып, басқалармен оңай тілдесе аласыз, мінезіңіз өте жұмсақ.

«2122» Сіздің ойлау қабілетіңіз рационалды, аналитикалық. Басқаларға күдікпен қарайсыз, сол себепті бойыңыздан суықтық байқалады.

«2121» Ең сирек кездесетін мінез түрі. Сіз қорғансыз, басқалардың ойына тәуелдісіз.

«1112» Эмоционалды, көңілді, батыл жансыз.

«1222» Көңіліңіз күніне сан рет өзгереді. Өмірлік сұрақтарды шешуге жиі батылыңыз жетпей жатады. Алайда басқалармен қарым-қатынасыңыз әр уақыт жақсы болады.

«1221» Эмоционалдық, жігерсіздік тән. Басқаларға сөзсіз сену қасиетіңіз бар.

«1122» Сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Бірақ кейбір сәттері тым қарапайым, сенгіш боласыз. Өзіңіздің істеріңізді сынға салғанды ұнатасыз.

«1121» Сіз адамдарға тым сенесіз, мінезіңіз жұмсақ. Өнерге жақын болуыңыз мүмкін.

Slide 11

« 1221» Эмоционалдық, жігерсіздік тән. Басқаларға сөзсіз сену қасиетіңіз бар.

«1122» Сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Бірақ кейбір сәттері тым қарапайым, сенгіш боласыз. Өзіңіздің істеріңізді сынға салғанды ұнатасыз.

«1121» Сіз адамдарға тым сенесіз, мінезіңіз жұмсақ. Өнерге жақын болуыңыз мүмкін.

«» - (толық солақай) . Сіз өнерлі, кретивті адамсыз. Үйреншікті стереотиптер сіз үшін емес. Индивидуалистсіз, кейде тіпті эгоистсіз.

«1212» Мақсатыңызға жетпей қоймайтын батыл жансыз.

«1211» Сіз басқалардан оқшауланған өмір қалайсыз. Басқалармен тіл табысып, достасу - сіз үшін қиын мәселе. Алайда рухыңыз мықты, қойған мақсаттарыңызға қалайда жететін адамсыз.

«2112» Мінезіңіз жайлы, жаңа достарды оңайлықпен табасыз. Қызығушылықтарыңызды жиі ауыстырасыз. Жаңашылдықтан қорықпайсыз.

Сіздікі қандай болды?

Slide 12

Жұлдыз жорамал

Тоқты

Торпақ

Егіздер

Шаян

Арыстан

Бикеш

Таразы

Сарышаян

Мерген

Тауешкі

Суқұйғыш

Балықтар

Slide 13

Тасмаганбетова Зульфина

Slide 14

Бұл белгіде туылған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Кез келген әділетсіздікте бар ынты-шынтысымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп, қызу талқылаудың көркін келтіруі мүмкін. Тоқтылар өз ойын үнемі тіке айтады. Еріншек емес. Қолы ашық, жүзі жылып тұрады. Мақтаншақтығы бар, ақша мен атақ тұрса, атақты таңдайды. Өз кінәсін сезінсе, тіпті дұшпанынан кешірім сұрай алады. Өтірікті сирек айтады, өсек-әңгімеге жақын емес.

Slide 15

Сыныпта торпақ жоқ

Slide 16

Бір топ адамның арасынан көп сөйлемейтін адам көрсеңіз, ол - Торпақ. Онымен жақын араласпайынша, сөзге шорқақ адам деп ойлауыңыз мүмкін. Өте салмақты, көп нәрсеге былқ ете қоймайды. Сирек ашуланады, өзіне ешкімнің жөнсіз жанасқанын қаламайды. Қазбалай берсеңіз, тым қатты ашулануы мүмкін. Ашуланғанда, жолына кезіккенді қиратуы мүмкін. Бір жақсысы, бұл - өте сирек болатын жайт. Өте тартымды болады. Торпақ қонаққа барғаннан гөрі, дастарханға барын қойып, қонақ күткенді қалайды. Армандарына аз қадамнан болса да, жол салады. Болашағын нық қалайды.

Slide 17

Жәнібеков Ринат, Бауыржанова Шырайлым

Slide 18

Бұл белгідегі адамда екі түрлі бейне бар, мінезі ауыспалы. Олар киімді тез ауыстырады, жұмысын да, тұратын жерін де, тіпті өз шешімін де. . Көбісі тез сөйлейтін болғандықтан, нашар тыңдаушы. Кертартпа адамдарға шыдамсыз, жүйкесі тез сыр береді. Бірақ, достыққа бейім. Шапшаң қимылдайды. . Бәрін тез ойлайды, әзілге бай, басқа белгілерден ақылдырақ.

Олардың уақтылы бір іс атқаруы сирек, үнемі кешігіп жүреді. Өз өмірі жайлы айтқанды ұнатпайды. Бірнеше тіл білуге бейімділігі басым. Өз пікірін тез өзгертеді, ол сырт көзге өтіріктей көрінуі мүмкін. Көп ысырап жасайды.

Slide 19

Сыныпта шаян жоқ

Slide 20

Шаяндардың күлкісі әдемі болады. Кез келген кештің көркін келтіруі мүмкін, өте көңілді адам. Өзі әзілдей алмаса, басқаның әзіліне күле алады. Шаяннан асқан әзілсүйгіш болуы мүмкін емес. Бұл белгіде туылған адамдардың салмақты мінезі де бар. Бұлар танымалдыққа ұмтыла бермейді, бірақ оларға өте керек. Олар іштей басқалардың өзіне көңіл бөлгенін қалайды. Жүрегі тым жұмсақ, жараланғыш

Шаяндар өз үйін өте жақсы көреді, оған үлкен құрметпен қарайды. Олар өздерін ешқашан қауіпсіз сезіне алмайды.

Slide 21

Сағатбаева Сәуле

Slide 22

Арыстан - аң патшасы болса, бұл белгіде туылған адамдар басқалардың үстінен үстемдік еткенді ұнатады. Айбатына мінбей тұрып, енді ашулана бергенде аулақ кеткеніңіз дұрыс. Қараңғылық пен мұңаюды ұнатпайды. Достарын, жанұясын басқаруға ұмтылады. Өз пікірі мен өз құқығын алға тартып, қорғай бастаса, үндемей қоя салған дұрыс. Бірақ, уақыт өткен сайын жұмсара түсетін Арыстандар бар. Жоғары, тік ұстаған басын ешқашан имейді. Қауіп төне қалса, қалай да құтылып шығады. Топ ішінде көзге түседі, өзіне назар аудартқанға құмар. Кеңес беріп, кімнің қайда кіммен тұратынын талқылағанды жаны сүйеді. Жақсы ұйымдастырушы, керемет басшы бола алады.

Slide 23

Баймурзиева Асем, Нұрбаулиева Алтын

Slide 24

Өте тыныш адамдар, шулы ортаны жақтырмайды, одан бөлектеніп жүреді. Адал және шыншыл адамдар, өтірікті аздап айтатын қасиеті де табылады. Барлық істе белсенді, сергек. Бикештердің әдеті мен үйреніп қалған істерінен арыла алмайды. Сын айтқанды ұнатады, аргументтері өте мол болады. Ісі де, заттары да тиянақты. Өте байқағыш. Адамдардың бойынан шыншылдығын, үнемдігін, тапқырлығын, нақтылығын бағалайды. Ашық-шашық киініп, лас жүруді ұнатпайды. Дені өте сау, алайда жұмысына беріліп кетуінің арқасында жүйкесіне күш түсіріп алуы мүмкін. Басқа белгілерге қарағанда өз тағдырын бір жолға нық түсіріп, өзіне не керегін анықтай алатын ерекше белгі.

Slide 25

Андабаева Багила, Арыстанбайқызы Жансая

Slide 26

Бұл белгіде туылған жандар өте мейірімді, бірақ, түнеріп кетуі де мүмкін. Өзіне бұйрық бергенді ұнатпайды. . Өте белсенді болғанмен, асығыс шешім қабылдауы мүмкін емес. Барлық істі тең ұстап тұрғанды қалайды. . Бір шешім қабылдау керек болса, таңдау жасауы өте қиын. Ұзақ сөйлеп, ұйып тыңдай алады, ұрысқандарды достастырып, сізбен қызу пікірталас жүргізе алады.

Кітап оқығанды жаны сүйеді. Дыбыс пен түстердің үйлесімін қалайды, поэзияға жақын. Күз мезгілінің белгісі деп бекер айтылмаған, қыс тым суық, жаз тым ыстық болып, күз салқындығы ортада тұратын сияқты әр істе теңдікті іздейді. Тез жалыққыш, не қалайтынын кейде өзі түсінбей қалуы мүмкін. Бұл белгісіз қызық сезім барлық Таразыларға тән.

Slide 27

Мұхтарқызы Дариға

Slide 28

Сарышаян шақса, «өлтіріп жіберуі» мүмкін, қатты мінезді адам. Сарышаян өз мінезін мұқият қадағалай алады. Көзі гипнозға толы сияқты, оның бір қарағана көзінің тұңғиығына батып кетуіңіз мүмкін. Өзінің бағасын біледі және өзі туралы жоғары ойын ешқашан өзгертпейді, бір сөзбен айтқанда, ішкі ЭГОсы мықты. Біреудің масқарасын шығарып, жер қылуы тез, жақсы пікірді де тез айтқанмен, сізге ешқандай әсер етпеуі мүмкін. Өзінің кемшіліктері туралы біреуден естігенді мүлде қаламайды, өйткені, өзі туралы өте жақсы біледі. Сарышаяндар сырт көзге өте аңқау, өте жұмсақ адам боп көрінгенмен, сізді астыртын билеп алғысы келеді. Достық үшін кез келген қиындықты жеңе алады. Өзіне жасалған жақсылықты, сыйлықты ұмытпайды.

Slide 29

Обышова Мөлдір, Қауынбаева Айнагүл, Сәттіғұлұлы Еламан, Талапова Мөлдір, Хасанова Ақмарал

Slide 30

Мергендер - өте ашық, бауырмал жандар. Бойында зұлымдық та, жаман қасиеттер сирек кездесетіндіктен ренжіп, өкпелей алмайсыз. Оның әдепсіз, жөнсіз мінез-құлқының астында көбіне мол ақыл мен қатаң ұстанымдар жатады. Өздерінің дипломатиялық адамдар екеніне Мергендердің өздері таң қалады. Олар әр ісін адал, еш арамдықсыз жасайды. 6 жасар бала секілді өте шыншыл келеді. Үнемі қозғалыста болады, жануарларды, жылдамдықты, спортты жақсы көреді.

Мергендер тәуекелшіл келеді. Көп сөйлейді. Барлық Мергендер өзін қорғай алады. Жауапкершілікті сезінсе де, арқалағысы келмейді. Кешесінен бүгіні, бүгінінен ертеңі керемет боп өтеді деген қағиданы ұстанған, өмірге көзқарасы оң. Тез ғашық болып, тез айнып қалады. Отбасын құруға келгенде өте ұзақ ойланып, шешім қабылдауы қиынға соғады.

Slide 31

Мақсотқызы Эльзат

Slide 32

Бұл белгіден туылғандарды түсіну өте қиын. Олар тек алға қарай жылжып, өзінің жетістігіне марқайып отыратындардың қатарынан табылады. Үнемі тек қана алға. Адамдардың назарын өзіне аударту үшін арнайы еш тәсілді қолданбайды, баста байқамауыңыз да мүмкін. Тауешкілермен күресіп, пайда таппайсыз, олар бәрібір өз дегеніне жетеді. Табыс, құрмет, билік - олар үшін сүйікті нәрселер. Ойламаған жерден сын айта салуы мүмкін.

Slide 33

Нұрболатқызы Марина

Slide 34

Реалист, ертеңгі күніне барынша сене біледі. Негізінде өте салмақты, мейірімді жандар, кейде қоғамдық пікірірлерге араласып, өзінің әдеттен тыс қылықтарымен есте қалуға ұмтылады. Ойламаған жерден оқыс қылықтар көрсетіп, таң қалдыруы мүмкін. Олар аңқау да емес, тым ақылды да емес. Негізгі қасиеті - құпияны білуге ұмтылу. Еркіндікті сүйетін Суқұйғыш көңілді, күлкілі бола алады, жасқаншақ та, нәзік те бола алады. Үнемі топтың ортасында жүруге ұмтылады. Достары көп болғанмен көбіне жалғыздықтан қайғырып отыруы әбден мүмкін. . Өтірік пен алдауды жек көреді. Қарыз беру мен алуға да дәл солай көзқараста. Егер де қарыз ала қалсаңыз, уақтылы қайтару керексіз, өзі де солай.

Slide 35

Сейтжанов Ақберен, Рабаева Айгерім, Ботабаев Жасұлан, Утегенов Бекзат

Slide 36
Ұқсас жұмыстар
Күшті жақтары Әлсіз жақтары Мүмкіндіктері Сыртқы ортаның қауіп - қатерлері
Бәсекелестермен қүшті және әлсіз жақтарын анықтай білу
Мінезі - тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш
Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық нысандары
Нарық мүмкіндіктері Нарық қауіптері
Кәсіпорын стратегиясы
Сапа менеджменті жүйесі
Rolex компаниясының пайда болу тарихы
Бірінші әдіс стратегиялық жоспарлау тәсілдерімен тығыз байланыста
Бизнес-план Кофейня
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz