Асқорыту жолы Асқорыту бездері


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің құрылысы

Slide 2

Cабақтың мақсаты: Асқорытудың маңызы, асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру. Міндеттері: 1. Ас қорыту процесінің мәнімен, адам ағзасында энергия мен зат алмасудағы маңызымен таныстыру: қызметіне байланысты асқорыту мүшелерінің құрылысы, атқаратын қызметі туралы білім алу.

2. Өзінің денсаулығы туралы жинақылыққа тәрбиелеу. Санитарлық - гигиеналық әдетке тәрбиелеу. Салауатты өмір сүру әдетін тәрбиелеу.

3. Оқушыларды талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Slide 3

Құрал -жабдықтар: Асқорыту мүшелерінің құрылысы, кесте, тест, электронды көрсетілім.

Сабақтың типі: Аралас сипатта Қолданылатын модульдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту Стратегиялық іс әрекет: «Блум таксономиясы», «Биологиялық есеп», «Топтық жұмыс», «Жұптас - ойлан - бөліс», «Кlaster» әдісі, «Топтық бағалау».

Slide 4

Ұйымдастыру: - Қайырлы таң, оқушылар!

Сабақтың бағалау критериімен таныстырып, парақшалар тарату.

«5» 5-6 ұпай

«4» 4 ұпай

«3» 3 ұпай

Сабақтың жоспары

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Суреттер арқылы оқушылардың түсіндірілуі

Суреттік тапсырма

Жаңа сабақты бекіту

Оқушының білімі

Оқушы

аты-жөні

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Бағалау

Slide 5

Үй тапсырмасын тексеру.

Білу. Алған білімді еске түсіру. 7 мин

1) « Таңғажайып тоғыздық» тапсырмасын орындау

1. Қоректік заттар дегеніміз не? 2. Ферменттер деген не? 3. Тамақ өнімдері деген не? 4. Адам организміндегі нәруыздың тәуліктік мөлшері

5. Көмірсулар қандай қызмет атқарады? 6. Майлардың тәуліктік мөлшері қандай? 7. Витаминдер не үшін қажет? 8. Ұлттық тағамдар мен сусындарды ата

9. Адам ағзасына тәулігіне қажетті су мөлшері?

Slide 6

2) “Биологиялық есеп” 3 мин Есеп №1 Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм тұз жеткілікті болса, әр отбасыға бір аптада, бір айда қандай мөлшерде тұз жұмсалады? Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады.

Slide 7

Есеп №2 Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм нанды шығындайды. 50 000 халқы бар елді мекенде бір жылда қанша нан шығындалады?

Slide 8

Жаңа сабақ:

2. Түсіну: «Жұптасып - ойлан - бөліс». 5 мин

Slide 9

3. Қолдану: Суреттер арқылы оқушылар түсіндіреді. 10 мин

Ауыз қуысы

Ауыз қуысы - ерін, ұрт, қатты және жұмсақ таңдай тіл.

Ұрттың сыртын бұлшық етпен ерін жауып тұрады. Ішкі жағында қызыл иекпен тістер орналасқан. Ауыз қуысының алдыңғы жағында жақсүйек тістер, артқы жағында аңқа мен көмкерілген. Қатты таңдай ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдай артқы бөлімі жіңішкеріп ұзарып бөбешікпен аяқталады.

Slide 10

Ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол көлденең жолақты, бұлшық ет ортасынан тұрады. Тілдің түбі дөңес кілегейлі шырышты қабықшамен қапталған үстіңгі бетінде түрлі пішінді дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің үшы тәттіні, екі бүйірі қышқылмен тұзды, түбі ащыны сезеді. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және жұтуға қатысады.

Slide 11

Жұтқыншақ

Түтік пішінді іші қуыс бұлшықетті мүше. Жұтқыншақ мойын омыртқасының алдыңғы жағында орналасқан ұзындығы 11-13см. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі.

Slide 12

Өңеш

Ұзындығы 25 см іші қуыс бұлшық етті мүше. Жоғарғы бөлігі жұтқыншақтың төменгі бөлігі асқазанмен жалғанған. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі көп қабатты эпителиймен қапталған. Өңештің ортаңғы бұлшық еті бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшық ет оқтын-оқтын жиырылу нәтижесінде тағам асқазанға түседі. Өңеш көк еттің ортасындағы тесіктен өтіп құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен жалғасады) .

Slide 13

Асқазан (қарын)

Іші қуыс қалың бұлшық ет мүше. Жоғарғы жағы өңештен, төменгі жағы аш ішектен басталады. Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы кілегейлі шырышты қабық оның көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасында бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары 3 түрлі бағытта орналасқан. Ішкі қабаты қиғаш, ортаңғысы сақина тәрізді, сыртқысы ұзынан орналасқан. Асқазанның қатпарлы кілегейлі өте ұсақ бездер бар. Бұл бездерден қарын сөлі бөлінеді. Асқазанның өңешпен және ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер бар.

Slide 14

Аш ішек

Ұзындығы 5-6м асқазан мен тоқ ішекті жалғастырады. Аш ішектің асқазаннан басталған жері 25-30см дей ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабар бауырдан келетін өт қабынан өзегі және ұйқы безінің өзегіне ашылады.

Slide 15

Тоқ ішек

Ұзындығы 1, 5-2м ашіктен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері соқырішек деп аталады. Ол оң жақ мықымда орналасқан. Құрт пішінді тұйық өскін ол лимфа жүйесіне жатады. Оның қабынуынан болатын ауру соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек.

Slide 16

Ұйқы безі және бауыр

Ұйқы безі - ұзындығы 10-12 см, асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Салмағы 60-80 г.

Бауыр - қоңырқай түсті ең ірі без, массасы, шамамен, 1500 г. Оның үлкендеу келген оң жақ бөлігі құрсақ қуысының оң жағында көкеттің астында, қабырғаға жақын орналасады. Бауыр - күрделі түтікшелі без. Ол көптеген қызмет атқарады. Бауырдың негізгі қызметі - өт бөліп шығару. Бауырда үздіксіз түзілетін өттің біразы өт қабына жиналады. Алмұрт тәрізді өт қабы бауырдың астыңғы бетінде орналасқан.

Slide 17

4. Талдау. Суреттік тапсырма 5мин

Асқорыту мүшелері құрылысының сызбанұсқасы

Slide 18

Сергіту сәті. Жұмбақтар шешейік. 3 мин

Ти десем тимейді

Тиме десем тиеді.

2. Әрі жүрер қараша ат,

Бері жүрер қараша ат.

Су бойында тұнық су,

Таңдап ішер қараша ат.

3. Күмбір-күмбір жарғағым,

Қартайғанша жарадың.

Slide 19

4. Жағалай - жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым.

5. Тілалмасқа сөз айтсаң,

Адам таппас жауап айтар.

Бір тауды мекен еткен отыз бөрі,

Он кісі отызының жұмыскері.

Сол таудың ортасында бағлан қозы,

Масайрап секіреді ары бері.

Slide 20

5. Жинақтау 8 мин

1 тапсырма логикалық сұрақтар:


Ұқсас жұмыстар
Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы
Аңдардың асқорыту жүйесі
Асқорыту жүйесінің қызметі
Асқорыту мүшелері Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері
Асқорыту бездерінің гормондары
Асқорыту жолы
АСҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ
Ас қорыту бездерінің физиологиясы
Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық
Асқазан сілемейлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz