Сабақтың типі



№14 жалпы орта мектебі
Сыныбы: 5б
Пәні: Информатика
Мұғалімі: Г. Сарсенбаева
Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың WordPad-ты іске қосу, WordPad терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Оқушылырды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, зейінділікке, жан-жақты болуға, өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және логикалық ойлау абстракциясын дамыту, пәнге деген қызығушылығы мен компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, деңгейлік әдіс
Көрнекілігі: Буклеттер, карточка, кеспе қағаздар.
Құрал - жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, компьютерлік слайдтар, оқулық.

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
1. Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру,
оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару;
2. Топқа бөлу.
3. Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (7 мин)
Үйде тест құрап келу, тесттің жауабын оқушылар айту.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (10 мин)
ІV. Сабақты бекіту. (18 мин)
1. Электронды оқулықпен тапсырмалар орындау.
2. Эйлер - Венн диаграммасы /Ұқсастығын табу/
3. Деңгейлік тапсырма /компьютерде мәтінмен жұмыс жасау/
V. Сабақты қорыту. (6 мин)
Сәйкестендіру кестесі /парақшаға белгілейді/
Адасқан әріптерді табу /табылған сөздерді дәптерге жазу/.
VІ. Үй тапсырмасын беру. (1 мин)
VІІ. Бағалау. (1 мин)

Paint

WordPad

Үй жұмысы
Үйде тест құрап келу, тесттің жауабын оқушылар айту

WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі

Мәтіндік редактор - ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:
Мәтіндік құжаттарды құруға;
Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
мәтінді пішімдеуге - әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;
Құжаттарды баспаға шығаруға;

WordPad мәтіндік редакторын іске қосудың
бірнеше тәсілі бар:
1. Пуск Программы Стандартные
WordPad

2. Пуск WordPad белгішесінде тышқанды шерту арқылы

3. Жүмыс үстеліндегі WordPad жарлығында тышқанды шерту арқылы

Word Pad
WordPad бағдарламасының жұмыс терезесі

WordPad редакторының батырмалары

Құжат құру
Жаңа құжат құрады

Ашу
Бар құжатты немесе үлгіні ашады

Құжатты сақтау
Активті құжатты немесе үлгіні сақтайды

Баспа
Активті құжатты ағымдағы үнсіз келісімді пайдаланып басып шығарады

Басылымды қарап шығу
Беттерді қалай басылатын
болса, соны көрсетеді

Табу
Құжаттағы қажетті мәтінді тез табады

Буферге жіберу Белгіленген мәтінді қиып алады да, оны алмасу буферіне орналастырады

Буферге көшіру Белгіленгенді алмасу буферіне көшіреді

Буферден қою Алмасу буферіндегіні енгізу нүктесіне қояды

Болдырмау Соңғы әрекетті болдырмайды немесе алып тастайды

Мерзім/уақыт Құжатқа ағымдағы мерзім мен уақытты қояды

Қаріп Белгіленген мәтіннің қарпін өзгертеді

Қаріп өлшемі
Белгіленген мәтін қарпінің өлшемін өзгертеді

Қалың жазу Белгіленген мәтінді қалың қаріппен жазады

Курсив жазу Белгіленген мәтінді көлбеу қаріппен жазады

Асты сызылған жазу Белгіленген жолдардың астын үздіксіз сызықпен сызады

Түс Белгіленген мәтіннің түсін өзгертеді

Сол жақ шеті бойынша Абзацты сол жақ шеті бойынша туралайды

Ортасы бойынша Абзацты екі шеттің тура ортасына келтіреді, яғни центрге орналастырады

Оң жақ шеті бойынша Абзацты оң жақ шеті бойынша туралайды

Маркерлер Ағымдағы үнсіз келісім бойынша бюллетень-тізімді құрады

Эйлер - Венн диаграммасы

PAINT (ағылшынша сурет,
сурет салу) бұл растрлық
Бейнелермен жұмыс істеуге
арналған графикалық
редактор
WordPad мәтіндік
редакторы-
бұл мәтінді
енгізуге,
редакциялауға,
Форматтауға
және баспаға
беруге арналған
Windows-тың
стандартты
программалары

Электронды оқулықпен тапсырмаларды орындау

Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтармын,
ал өзіме жасатсаң - үйренемін.
Конфуций

Деңгейлік тапсырма
Компьютерде мәтінмен жұмыс жасау

1 - деңгейлік тапсырма: Мәтінді сол жақ шеті бойынша туралап жазу керек. Қаріп - Times New Roman, мөлшері - 14.
Адам туралы
Адамның бойындағысының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір-бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл-ойы, сана-сезімі, істеген ісі ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

2 - деңгейлік тапсырма: Мәтінді ортасы бойынша туралап, мәтін тақырыбын көк түспен, мәтінді жасыл түспен жазу. Қаріп - Times New Roman, Мөлшері - 14.
Адам туралы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz