Махамбетің Исатайға арналған өлеңдерін атау




Презентация қосу
1 2 3

4 5 6
Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстанның
бұрынғы Орда (қазіргі Жәнібек), Нарындағы Бекетай
құмында дүниеге келген. Арабша, орысша хат таныған.
Ақын жас кезінен бастап, халықтың ауыр мұңын,
тұрмысын жан дүниесімен түсінген.
Махамбеттің шебер ұйымдастырушы, жалынды ақын,
тұнып тұрған талант екенін әскери экспедицияда жүрген
Е.П.Ковалевскийдің өзі мойындаған. Махамбеттің өзіне
дейінгі және кейінгі ақындардан айрмашылығы
өлеңдерінің отты қызуында, асқақ арманды рухында,
болашаққа, келер күнге деген сенімінде.
Махамбетің Исатайға арналған
өлеңдерін атау.

1. Тайманның ұлы Исатай 2. Исатай деген ағам бар
3. Тарланым 4. Мінкен ер 5. Мұнар күн 6. Ұлы
арман 7. Тайманның ұлы Исатай т.б.
Сабақтың тақырыбы:
М.Өтемісұлы«Тарланым»
Өлең оқу талаптары:

Егер өлеңде (,) үтір болса шағын кідіріс.
Егер өлеңде (.) нүкте болса, ұзақ кідіріс.
Егер өлеңде үтір, нүкте болмаса ұзақ кідіріс.
Егер өлеңде (-) сызықша болса шағын кідіріс.
Егер өлеңде (?) сұрау белгісі, (!) леп белгісі болса, дауыс
ырғағымен оқылады.
Егер өлеңде ....... болса, онда сөйлем аяқталмаған шағын
кідіріспен ары қарай жалғасады.
Өлең шумақтарына қойылатын талаптар:
Шумақты жақсылап оқып, негізгі ой анықталады.
Сөздікпен жұмыс

Кермиық, кербез - паң, сұлу
Тарлан - биікті мекендейтін еркін құс
Керіскедей - үлкен, алпамсадай.
Керіске – көбіне ашық жерде өмір сүреді, жүрісі өте
майпаз, сәнді қозғалатын, денесі аса үлкен бауырымен
жорғалаушы.
Фәни - өмір
Жебе - садақ оғы
Сусар - аң
Адырна - садақ жебесін тіреп ататын тарамысы
Шандоз - асыл, ардақты
Метафора(ауыстыру)-екі нәрсені, құбылысты,салыстырып,
астарлы мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі.
Мысалы: тарланым,арыстаным
Аллитерация- өлеңнің бірыңғай дауыссыз дыбыстардан
басталуы-аллитерация деп аталады
Эпитет- заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін
білдіретін бейнелі сөз. Мысалы:сары алтын,сұр жебе
Теңеу- құбылысты басқа нәрсемен салыстыру
Мысалы:құландай, керіскедей
(«…Махамбеттің есімі — өмірдегі қасіреттің
синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет
өлеңі - қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір
буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық
тап - таза қорғасыннан құйылған ап - ауыр асыл сөз
қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең -
жырында жоқ, оның өзге тілге оңай
аударылмайтыны да сондықтан.»)

З. Қабдолов
Үйге тапсырма: М.Өтемісұлының
өмірі мен шығармашылығы туралы
оқып, мазмұндау. «Тарланым»
өлеңін жаттау.
Бағалау.
Аты-жөні Үй Жаңа cабақ Шығармашы Сұраққа Қорытын
Тапсырмасы (1-3) лық жұмыс жауап ды ұпай
(1-3 ) (1-3) (1-3)

Реті Критерийлер ұпай
(1-3)

1 Дауыс
ырғағы,интанацияс
ы
2 Сөздердің қатесіз
оқылуы

3 Өзін-өзі ұстауы
Қорытынды:

18-16=“5”
15-12=“4”
11-9=“3”
8-0=“2”

Ұқсас жұмыстар
Исатай бейнесі
Шернияз - Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы
Өмірі туралы мәлімет
Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс хан
Махамбет Өтемісұлы
Татар халқының мәдениеті, тілі
Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңі. Абай Құнанбаев (1845-1904)
Абай. "Қансонарда бүркітші шығады аңға" өлеңі
Кеңес Одағы жылдары қала атауы
Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы
Пәндер