Сіздер Бала деген кім
Презентация қосу
Бала тәрбиесі - баршаға ортақ
“Қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген,
бойында ұлттық сана мен ұлттық психология
қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ
тәрбиелеу,өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының,
балабақшаның , барша елдің халықтың міндеті”
Н.Ә. Назарбаев.
Тренинг бағдарламасы:
1.«Тілек шоғы» тренингі
2 Ой қозғау. «Бала деген кім?»
3.Топқа бөлу «Гүл теруге барайық»
4. Қызықты сұрақтар.Сергіту жаттығуы
5. Ситуациялық сұрақ. «Қымбат машина» әңгімесі
6. Жүректен-жүрекке.
1.«Тілек шоғы» тренингі
Мақсаты:топта ары қарай жақсы қарым –қатынас орнату
үшін қолайлы орта туғызу, танысу.
Ата-аналар ортаға шығып,шеңбер құрады.Қолдарына бір
шоқ гүл беріледі. Мұғалім өзін таныстырып,қасында
тұрған ата-анаға жақсы лебізін білдіріп,гүл шоғын
ұсынады.Гүлді алған ата-ана өзін таныстырып,
жанындағы адамға жақсы тілек тілеп қолындағы гүл
шоқтарын береді.Гүлдер бірте-бірте үлкейіп, мұғалімге
оралады.
2. Ой қозғау. « Бала деген кім?»
Мұғалім:
Ьь балаларыңыздың суреті жапсырылған стикерлер
-Мен сіздерге
таратып беремін.Сіздер «Бала деген кім?» деген сұраққа жауап
беріп,суреттерді тақтадағы бәйтерек ағашына жапсырасыздар.
( Мысалы: бауыр етіміз,болашағымыз,үмітіміз,мұрагерім,
жанымның саясы,асыраушым т.б).
3.Топқа бөлу «Гүл теруге барайық»
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата - аналар
орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде жазылған
сандар бойынша топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма.
І топ.Бала – білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата - ана қандай жағдай жасауы керек?
ІІ топ.Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
2-тапсырма. Мақалдардың мәнін аш.
І топ.Жақсы бала сүйініш,
Жаман бала күйініш.
ІІ топ.Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі.
3-тапсырма. Ситуациялық сұрақтар
1.Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз.
2.Балаңыздың тәртібінен көп ескертпе аласыз, сіздің әрекетіңіз.
3.Мектептен балаңыз басқа баланың ойыншығын алып келді, сіздің әрекетіңіз.
4.Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз, балаңыз ертегі оқып беруді өтінді, не істейсіз?
4. «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы.
Ата-ана шарды таңдап алып, жарып, сұраққа жауап береді және тапсырманы орындайды.
1.Балаңыздың сүйікті түсі? Қоянның қимылын салу.
2.Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз? Балаңызды еркелетіңіз.
3.Балаңыздың сүйікті мультфильмі қандай? Балаңыздың сізді шектен шығып тыңдамаған
кездегі ашуыңызды көрсетіңіз.
4.Қандай жануарды жақсы көреді? Балаңыздың мектепке жинақталуын көрсетіңіз.
5.Балаңызды қалай еркелетесіз? Аюдың қимылын салу.
6.Балаңыздың жақын досы кім? Балаңызға қандай жылы сөздер айтасыз?
7. Баламның бойынан мені ренжітеді, не қуантады? Балаңызға ақыл айтыңыз.
8. Егер сіздікі дұрыс болмаса да балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?Сиқырлы сөздерді
атаңыз.
5.Ситуациялық сұрақ. «Қымбат машина» әңгімесі
Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?
6.Жүректен-жүрекке.
Ата-аналар шеңбер құрып,көздерін жұмады.
«Айым болып тудың ба?» әні баяу жүріп тұрады.Балалар
сыныпқа кіріп өз аналарының қасына барып, құшақтап,
тілектерін айтады.
Қорытынды
-Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек
болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды
білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп
тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz