Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері



Қош келдіңіздер!

Топта жағымды ахуал туғызу.
«Мен басқаның көзімен»

Топқа бөлу

Топ атаулары:
1 - "Сыпайылық"
2 - "Ізеттілік"
3 - "Инабаттылық"
4 - "Инабаттылық"

білемін
білдім
Білгім келеді
Бағалау туралы не білесіз? Бағалау бізге не үшін керек?
БББ кестесін толтыру

«ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ»
«ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ»

Мұғалімдерге қазіргі бағалау жүйесімен, яғни бағалау түрлері туралы ақпарат беру, оқу, оқытудың сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру. Критериалды бағалауға бағыт беру;
МАҚСАТЫ:

Күтілетін нәтиже:
Мұғалімдер бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері бағалап жатқан түрлерімен салыстырады, келешекте сабақта қолдануға бейімделеді, сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құру арқылы бағалауды біледі.

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған.
Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериальдық бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз.

Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалау жүйесін өзгерту немесе жаңарту мәселесі неліктен пайда болды? Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:
бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы( бағаның субьективтілігі, нақты бағалау критериінің болмауы- бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы) ;
оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қарым-қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар;
білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар.
әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.
Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.
Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау жүйесіне жатады. Бұл бағалау жүйесі - білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау -оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген,
оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Критериалды бағалау міндеттері:
Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалау артықшылықтары:
Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;
Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
Білім берудің сапасы артады;

Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:
Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
Ата-аналарға:
Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді

Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:
Қалыптастырушы және қорытындылаушы бағалау:
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады.
Қорытындылаушы бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.

Критерийлер - талапқа сәйкес бір нәрсені бағалауда қабылданатын ережелер немесе белгі, негіздеме. Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал осы көрсеткіш бойынша бағалау - оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткені дәрежесін анықтау болып келеді.
Рубрикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) - әрбір критерий бойынша оқушының жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай саны;
Дескриптор - оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын - сол критерий бойынша ұпай да көп болады

Баға ДЕСКРИПТОР
5
Білім берудегі күтілетін нәтижеге сәйкес пән бойынша білім, біліктері мол және оларды өте көп жағдайда мүлтіксіз қолдана алады. Мақсатты түрде талдау, жинақтау, бағалауды үнемі қолданады. Оқушы көрегендігі мен бірегейлігін барлық жағдайларда көрсете отырып, тапсырманы жоғарғы сапада орындап шығады.
4
Пән бойынша талап етілетін білім және білік туралы нақты және толық түсініктері бар. Оқушылар негізінен талдау, жинақтау, бағалау дағдыларын көрсете алады және арасында көрегендігі мен бірегейліктерін танытады.
3
Пән бойынша барлық тапсырмаларды орындаудағы жетістіктері шектеулі немесе кейбір тақырыптардан қиналады. Пән бойынша талап етілетін білім және білік туралы түсініктері шектеулі, қолдау көрсеткенімен кейбір өмірде кездесетін таныс жағдайларда ғана толыққанды пайдалана алады.
2
Пән бойынша барлық тапсырмаларды орындаудағы жетістіктері өте шектеулі. Пән бойынша талап етілетін білім және білік туралы түсініктерінде қиындық бар, қолдау көрсеткенімен кейбір өмірде кездесетін жағдайларда толыққанды пайдалана алмайды

Ұпайды мектеп бағасына айналдыру шкаласы
Баға
Ұпайлар
2
0-12
3
13-17
4
18-21
5
22-24
Ең жоғары ұпай саны - 24
5 ұпайлық шкаладағы бағаның сипаты
5 - үздік
4 - жақсы
3 - қанағаттандырылған
2 - қанағатсыздандырылған

Танымдық қызмет мақсатының категориялары:
Деңгейлер
Анықтама
Оқушының іс-әрекеті
Білім
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz