Взвод командирі


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТЫНАН ШЫҚҚАН

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ

Slide 2

ШҚО

Тарбағатай ауданы

Тана мырза орта мектебі

Алғашқы әскери

дайындық пәнінің

оқытушы-ұйымдастырушысы

Байназаров Айдын Айтқалиұлы

Slide 3

1. АБДОЛОВ Михаил 1918 жылы Орал облысының Чапаев ауданындағы Бітік қыстағында малшы отбасында туған. Батыр атағына 1944 жылғы 7 қарашада Дунайдан өту кезіндегі ерлігі үшін ұсынылған.

23. 3. 1945. 2. АЙТҚҰЛОВ Сәлім 1913 жылы Орал облысының Жаңақала ауданындағы Мұ­қыр қыстағында туған. Кіші лейтенант. Батыр атағына 1943 жылғы 29 қыркүйекте Днепр үшін болған ұрыста көрсеткен ерлігі үшін ұсы­нылған.

17. 12. 1943. 3. АЙТЫҚОВ Ізғұтты (1922-1944) . Шығыс Қа­зақ­стан облысының Ұлан ауда­нында туған. Гвардия стар­шинасы, барлаушы. Батыс Двина өзенінде, Полоцк қаласында болған ұрыста ерлік көрсеткен.

22. 7. 1944 . 4. АҚБАУОВ Оразақ 1908 жылы Орынбор облы­сында туған. Гвардия капи­та­ны. 1943 жылы Днепр, Припять ма­ңындағы ұрыстарда тап­қыр­лық, ерлік көрсеткен.

17. 10. 1943 . 5. АУХАДИЕВ Қойгелді (1907-1943) . Семей об­лысының Көкпекті ауда­нын­да туған. Қатардағы жауын­гер. 1943 жылғы Днепр өзені үшін болған ұрыста үлкен ерлік көрсетіп, негізгі күштің кедергісіз өтуін қамтамасыз еткен.

16. 10. 1943. 6. ӘБДІӘЛИЕВ Қарақозы (1908-1943) . Шымкент облысының Ленгір ауданында туған. Лейтенант. Батыр ата­ғына 1943 жылғы Мелитополь қаласындағы ұрыста көрсет­кен ерен ерлігі үшін ұсы­нылған.

1. 11. 1943 7. ӘБДІРОВ Нұркен (1919-1942) . Қарағанды об­лысының Қарқаралы ауда­нында туған. Сержант. 1942 жылы Ростов облысының Вешенск ауданындағы бол­ған әуе ұрысында жанған ұша­ғын жау техникасының шо­ғырлан­ған жеріне дәл бағыттап, ерлікпен қаза тапқан.

31. 3. 1943 . 8. ӘБДІЖАППАРОВ Садық. 1925 жылы Шымкент об­лысының Шаян ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Батыр атағына Батыс Двинадан жалғыз өзі өтіп, жау пулеметін және 30-дай неміс солдатын жойған ерлігі үшін ұсынылған.

22. 7. 1944 . 9. ӘБЕУІЛОВ Мұқатай (1917-1944) . Семей облы­сының Шұбартау ауданында ту­ған. Гвардия сержанты. Ба­тыр атағына Венгрияны азат ету соғысында көрсеткен ерлігі үшін ұсынылған.

28. 04. 1945 . 10. ӘБУТӘЛІПОВ Әнуар. 1923 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауда­нында туған. Пулемет расчетінің командирі. Батыр атағына Тисса өзені маңын­да болған ұрыста өзеннен 47 рет қайықпен қатынап, рота жауынгерлерін әскери жаб­дықтармен қамтамасыз еткен еңбегі үшін ұсынылған.

Slide 4

24. 03. 1945 . 11. ӘЖІМОВ Төлебай. 1921 жылы Астрахань об­лысының Икрян ауданында туған. 1944 жылы Крастностив қаласын азат етуде, Висла өзенінен өткенде үлкен ерлік көрсеткен.

29. 4. 1944 12. ӘЛІМБЕТОВ Абылай. 1921 жылы Шымкент облысының Қызылқұм ауданында туған. Батыр атағына Брянск, Украина жерлерінде өткен ұрыстарда көзсіз ерлік көрсеткені үшін ұсынылған.

30. 10. 1943. 13. ӘШІРОВ Сейітқасым. 1924 жылы Шымкент облысының Түркістан ауда­нында дүниеге келген. Қа­тардағы жауынгер. Батыр атағына Белоруссия, Польша үшін болған ұрыстар алдын­дағы барлауда үлкен ерліктер көрсеткен ержүректігі үшін ұсынылған.

24. 3. 1945. 14. БАЙМАҒАНБЕТОВ Сұлтан (1920-1943) . Қос­танай облысының Семиозер ауданында туған. Аға сержант. Ленинград үшін бол­ған ұрыста жау амбра­зу­расын денесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан.

21. 02. 1944 . 15. БАЙМҰҚАНОВ Мұса (1910-1945) . Гурьев облы­сының Мақат ауданында туған. Взвод командирі. Одер өзенін кесіп өту кезінде үлкен ерлігімен танылған.

10. 04. 1945. 16. БАЛМАҒАНБЕТОВ Мақаш. 1914 жылы Қызыл­орда облысының Қа­залы ауда­нында туған. Қатардағы жауынгер. Днепропетровск об­лысының Бородаевка қыс­тағы маңында болған шай­қаста қаһармандық, теңдессіз батылдық көрсеткен.

22. 2. 1944 . 17. БЕГЕНОВ Мәди (1916-1944) . Астрахань облысының Ахтуба ауданында туған. Бөлімше командирі. Днепрден өту кезінде асқан ерлік көрсеткен.

19. 3. 1943 . 18. БЕЛІБАЕВ Зәкария. 1917 жылы Семей облы­сы­ның Абай ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Днепр­ден өту кезінде асқан ерлік көрсеткен.

10. 10. 1943 . 19. БӨКЕНБАЕВ Мәлкаждар. 1924 жылы Ақтөбе облысының Жұрын ауда­нында туған. Лейтенант. Ол басқарған взвод Буг өзені маңындағы ұрыста жаудың 102 солдаты мен офицерін қолға түсірген.

22. 2. 1945 . 20. БАЛТАБЕКОВ Иманғали (1925-1945) . Ақ­төбе облысының Қобда ауда­нында туған. Сержант. Пулемет расчетінің командирі. Одер өзені маңын­да­ғы Одерфельд деревнясы үшін шай­қастағы бір апта ішінде 120 жаудың көзін жойып, ерлікпен қаза тапқан.

10. 4. 1945 . 21. БАЙЫСОВ Матай (1903-1943) . Талдықорған об­лы­сының Талдықорған ауда­нында туған. Днепрден өту кезінде үлкен ерлік көрсетіп, Киев облысының Черняхов селосы үшін болған ұрыста қаза тапқан.

10. 1. 1944. 22. БЕКБОСЫНОВ Серікғазы. 1925 жылы Семей облысының Абай ау­данында туған. Свирь өзенінен өту кезінде жан­қиярлық ерліктің үлгісін көрсеткен.

Slide 5

21. 06. 1944. 23. БИГЕЛДИНОВ Талғат. 1922 жылы Ақмола об­лысының Ақмола ауданында туған. Балалық шағы Фрунзе қаласында өткен. Чкалов әск­е­ри авиация училищесін бітірген. Калинин, Воронеж, Дала­лық Украина, Одер мен Ниджердегі ұрыстарға қатысқан. Жауға қарсы 305 дүркін ұшып шығып, сан рет батылдық пен тапқырлықтың үлгісін көрсет­кен. Сол үшін батыр атағына екі мәрте ұсы­ныл­ған қазақтың дара азаматы.

26. 10. 1944., 27. 6. 1945. 24. ҒАБДУЛЛИН Мәлік (1915-1973) . Көкшетау облы­сының Зеренді ауданында туған. Рота командирі. Майор. Атақты 8-ші гвардиялық дивизия сапында шайқасқан. Ба­тыр атағына Мәскеу түбіндегі ерлігі үшін ұсынылған.

30. 1. 1943. 25. ДӘУЛЕТБЕКОВ Амантай (1917-1943) . Қарағанды облысының Жаңаарқа ауда­нында туған. Зеңбірек командирі. Дон, Еділ өзені, Курск иініндегі шайқастарға қаты­сып, әр кезеңде өз зеңбі­ре­гімен жаудың 24 танк, 13 зеңбірегін, 200-ге жуық фашисті жойған.

24. 12. 1943. 26. ДОСМҰХАМБЕТОВ Әбу (1920-1943) . Солтүстік Қазақстан облысының Приишим ауданында туған. Рота командирі, аға лейтенант. Днепрден өту кезінде ерен ерлік, қаһармандық үлгісін көрсеткен.

16. 10. 1943. 27. ЕЛЕУІСОВ Жәнібек 1925 жылы Алтай өлкесі, Таулы Алтай автономиялық облысында туған. Пулеметшілер бөлімшесінің командирі. Воронеж майданындағы ұрыстарда қаһармандық үлгі­сін көрсеткен.

16. 10. 1943 . 28. ЕСБОЛАТОВ Нарсұтбай (1913-1941) . Талды­қор­ған облысының Ақсу ауда­нында туған. 28 панфиловшы жауынгердің бірі. Дубосеково разъезі түбіндегі ұрыста ерлікпен қаза тапқан.

21. 7. 1944 . 29. ЕСТЕМІСОВ Саттар (1919-1943) . Жамбыл облы­сының Шу ауданында туған. Сержант, автомат­шы­лар бөлімшесінің командирі. Смоленск облысының Пречистинск ауданында болған шай­қаста үлкен ерлік көр­сетіп, қаһармандықпен қаза тапқан.

4. 6. 1944. 30. ЕСЕТОВ Расул 1924 жылы Шымкент облысының Түркістан қаласында туған. Бөлімше командирі. Шабуыл кезінде оның бөлімшесі жау­дың 50 солдаты мен офицерін жойып, оқ-дәрі қоймасын қол­ға түсірген.

13. 9. 1945 . 31. ЕСҚАЛИЕВ Сүндетқали (1924-1944) . Орал облысының Бөрлі ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Могилев облысының Лидица деревнясы маңында болған шайқаста жау амбразурасын кеудесімен жауып қаза тапқан.

24. 3. 1945. 32. ЖАЗЫҚОВ Қожабай. 1920 жылы Ақтөбе облысы­ның Байғанин ауданында ту­ған. Лейтенант. Барлау­шы­лар взводының командирі. Әр кезеңде жаудың 250 офицер, солдатын тұтқынға алған. Будапештегі жау тобын жойып, үлкен ерлік ісімен көзге түс­кен.

28. 4. 1945 . 33. ЖАҚСЫҒҰЛОВ Са­дық. 1924 жылы Орал облы­сының Жаңақала ауданында туған. Миномет бөлімшесінің командирі. Днепрден өту үшін болған ұрыста үлкен ерлік, батылдық көрсеткен.

22. 2. 1944. 34. ЖАНҰЗАҚОВ Абдулла (1918-1944) . Ақтөбе облысының Қобда ауда­нын­да туған. Автоматшы. Невель қаласы мен Глуховка елді мекенінде жанқиярлық ерлікпен көзге түскен. Батыс Двина өзенінен өту кезінде қаһар­ман­дықпен қаза тапқан

Slide 6

22. 7. 1944. 35. ЖҮНІСОВ Мәжит (1917-1945) . Орал облысы­ның Жаңақала ауданында туған. Старшина. Автомат­шы. Днепр­ден өту кезінде әскери бас­шылық тапсырма­сын мүл­тік­сіз орындап, опе­ра­цияның сәтті орындалуын қам­тамасыз еткен.

20. 12. 1943 . 36. ЖАМАНҒАРАЕВ Қашаған 1910 жылы Алма­ты облысының Шелек ауда­нын­да туған. Қатардағы жау­ынгер. Сталинград, Курск, Украинадағы шайқастарда ер­лік көрсеткен.

17. 10. 1943. 37. ЖОЛДАСОВ Лесбек. 1920 жылы Шымкент облы­сының Келес ауданында ту­ған. Рота командирі. Дунай өзенінен өту кезінде ерлік үлгісін көрсеткен.

24. 3. 1945. 38. ЖҰМАЛИЕВ Қилмаш (1918-1945) . РСФСР-дің Донбасс облысындағы Прима ауданында туған. Кіші сержант. Варшава түбіндегі ұрыста ғажап ерліктің үлгісін көрсетіп, жаудың 2 дзотын жойып, биіктегі блиндажын топталған гранатамен тал­қан­дап, немістерді қырғынға ұшыратқан.

27. 2. 1945. 39. ИШАНОВ Естай 1906 жылы Қостанай облы­сының Жетіқара ауданында туған. Гвардия кіші сер­жан­ты. Днепрдің батысындағы Медвин ауданында дұш­пан­ның 3 танкісін, қару тиеген 7 машинасы мен бір ба­тальон­ға жуық әскерін жойып, ересен ерлік көрсеткен.

17. 10. 1943. 40. ИБРАГИМОВ Темірбек (1922-1943) . Шымкент облысының Шәуілдір ауда­нында туған. Қатардағы жау­ынгер. Днепрден өту кезінде аса зор ерлік көрсетіп, қаза тапқан.

30. 10. 1943. 41. ИСАХАНОВ Берген (1922-1970) . Қарағанды об­лы­сының Жаңаарқа ауда­нында туған. Бөлімше командирі, сержант. Днепрден өту кезінде ерлік пен батылдық көрсетіп, операцияның сәтті өтуіне үлкен ықпал жасаған.

30. 10. 1943 . 42. КЕНЖЕБАЕВ Төле. 1902 жылы Алматы об­лы­сының Шелек ауданында ту­ған. Атты әскер полкының жау­­ын­гері. Днепрден өту кезінде үлкен ерлік пен ба­тылдық көрсеткен.

15. 1. 1944. 43. КӨМЕКБАЕВ Тайымбет. 1896 жылы Қы­зыл­орда облысының Қармақшы ауданында туған. Бар­лау­шы­лар бөлімшесінің командирі. Кезекті бір операцияда бір өзі 60 фашисті өлтіріп, 12-сін тұтқынға алған. Одерден өту кезінде ересен ерлік көрсеткен.

10. 4. 1945 . 44. КӨБІКОВ Хамит (1916-1973) . Талдықорған облы­сының Панфилов ауда­нында туған. Зеңбірек бөлім­ше­сінің командирі. Сталинград, Берлин, Прага үшін бол­ған ұрыстарға қатысқан. Одер өзенінен өткен кезде жаудың 3 танкісін, 30-дай солдат, офицері мен 4 бронь­ды машинасын жойған.

10. 4. 1945. 45. ҚОСАЕВ Әлікбай (1905-1941) . Алматы облы­сы­ның Еңбекшіқазақ ауда­нында туған. Қатардағы жау­ын­гер. Қаһарман 28 гвар­дияшы панфиловшының бірі. Дубосеково түбінде болған жойқын соғыста ерлікпен қаза тапқан.

21. 7. 1942 . 46. ҚАУЫНБАЕВ То­ған­бай. 1923 жылы Шымкент облысының Қызылқұм ауда­нында туған. Қатардағы жау­ынгер. Днепрден өту кезінде асқан ерлік жасап, көзге түскен.

Slide 7

30. 10. 1943. 47. ҚИЗАТОВ Жәлел. 1920 жылы Солтүстік Қазақ­стан облысының Ленин ауда­нында туған. Қатардағы жау­ын­гер. Днепрден өту кезінде үлкен ерлік көрсеткен.

17. 1. 1944. 48. ҚОЖАБЕРГЕНОВ Әлиасқар (1917-1941) . Тал­ды­қорған облысының Қара­тал ауданында туған. Қатар­да­ғы жауынгер. Қаһарман 28 гвардияшы-панфиловшының бірі. Дубосеково түбіндегі шай­қаста ерлікпен қаза тапқан.

21. 7. 1942 . 49. ҚҰРМАНОВ Ақан (1918-1943) . Ақмола облы­сының Атбасар ауданында туған. Атқыштар дивизия­сы­ның құрамында ұрысқа қа­ты­сып, өжеттігімен көзге түс­кен. Днепрден өту кезінде ерлікпен қаза тапқан.

15. 1. 1944. 50. ҚАБЫЛОВ Төлен (1917-1945) . Алматы облы­сының Шелек ауданында ту­ған. Қатардағы жауынгер. Сталинград, Дон, Қырым, Украина майдандарындағы көп­теген ұрыстарға қатыс­қан. Кенигсберг қаласы үшін болған шайқаста үлкен ерлік көрсетіп, қаза тапқан.

19. 4. 1945. 51. ҚАЙЫПОВ Жүнісбай (1907-1944) . Алматы об­лысының Шелек ауданында туған. Старшина. Танкке қар­сы оқ ататын зеңбірек командирі. Асқан мергендігімен көзге түскен. Новгород қала­сы үшін болған ұрыста үлкен ерлік жасаған.

1. 7. 1944. 52. ҚАЙЫРБАЕВ Махмет. 1925 жылы Семей облы­сының Бесқарағай ауданын­да туған. Аға лейтенант. Батарея командирі. Шауляй қа­ласы үшін болған ұрыста жауға ойсырата соққы беріп, үлкен ерлік көрсеткен.

24. 3. 1944 . 53. ҚАЛДЫҚАРАЕВ Жұмағали (1922-1944) . Түркі­мен­станның Ташауыз облы­сындағы Ходжейлі ауданында туған. Қатардағы жауынгер. 1943 жылы Днепрден өту кезінде ерен ерлік жасаған.

15. 1. 1944. 54. ҚАМЗИН Қанаш (1919-1944) . Павлодар облысының Ермак ауданында туған. Рота командирі, лейтенант. Днепрден өту кезінде асқан ерлік көрсетіп, қаза тапқан.


Ұқсас жұмыстар
БТР Әскер техникасы
Бауыржан Момышұлы туралы ақпарат
Сталинград түбіндегі шайқас
Отанды қорғау жолындағы қазақстандық батырлардың ерліктері
Отан соғысы
Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң
Кожедуб өзінің төрт жас үлкендігіне қарамай
Одағының Батыры атағын алған қазақтар
Алғы сөз
Ядролық қару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz