Төкпе күйдің атасы кім




Презентация қосу
ҚОСЫМША БІЛІМ
БЕРУ
ОРТАЛЫҒЫНЫҢ
МУЗЫКА
ҮЙІРМЕСІ
Үй тапсырмасына арналған
сұрақтар:
1.Күй дегеніміз не?
2.Күйлердің қандай түрлері бар?
3.Күйлер орындалу шеберлігіне қарай
нешеге бөлінеді?
4.Халық күйі дегеніміз не?
5.Халық күйі «Жастар» қандай күйлер
қатарына жатады?
6.Төкпе күй дегеніміз не?
7.Шертпе күй дегеніміз не?
8.Төкпе күйдің атасы кім?
9.Шертпе күйдің атасы кім?
Сабақтың
тақырыбы:
«Құлақтан кіріп
,бойды алар,әсем ән
мен тәтті күй»
Жетіген
Жетіген — шертіп ойнайтын жеті
ішегі бар музыкалық аспап.
Тиектің орнына асықтарды
пайдаланған. XX ғасырда белгілі
фольклор зерттеушісі Болат
Сарыбаев жетігенді көне көз
қариялардың сипаттауы бойынша
құрастырып, қайта қалпына
келтірді. Ертеде жетіген аспабын
жыраулар жиі қолданған — оның
әуені аң аулуға шыққанда немесе
алыс жорыққа аттанарда сәттілік
әкеледі деп сенген.
Дауылпаз
Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын
көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап
соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр
көрсету үшін қолданған. Бертін келе
дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке
де пайдаланатын болған. Оның жасалу
әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты -
өзегі алынған сырты жұмыр бітеу
ағаштан ойып жасалған. Беті әбден
иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен
қапталады. Жайға байлап немесе
мойынға, иыққа іліп алып жүруге
арналған аспалы бауы мен ұрып
ойнайтын шағын таяқшасы болады.
Дауылпаздың шанағының сыртын
мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен
безендіріп, сәндел жасайды. Қазір
дауылпаздың екі түрі белгілі
Асатаяқ
Асатаяқ - қазақ халқының ежелгі
музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар
мен бақсылар ұстанған. Әдетте, олар
асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның
үніне қосып қолданатын болған. Асатаяқ
жасалу тәсіліне қарай "күмбезді, "жалпақ
басты", "ай басты", "жылан басты",
"сопақша", "қалақша", т.б. болып келеді.
Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап
ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың,
долана секілді қатты ағаштардан
жасалады. Бетіне әр түрлі салдыр-гүлдір,
шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар,
сақиналар, шығыршықтар тағылады.
Қылқобыз
Қылқобыз — әлемдегі
ысқышпен орындалатын ішекті
аспаптардың атасы, қос ішекті көне
музыкалық аспап. Қобыздың екі
ішегіне және ысқышына аттың
құйрық жалының қылы тағылады.
Қобыз адамның денесін
шымырлатып, жүректі тербейтін
қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз
күйлері халықтың мұңы мен
қуанышын, ішіндегі сырын айқын
суреттейді. Ерте заманда қобызда
жыршылар, бақсылар, емші —
балгерлер ойнаған. Қылқобыздың
қазіргі заманның түрі — прима
қобыз.
Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған

Шаңқобыз
сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап.
Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда
кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш
шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу
арқылы дыбыс шығарылады.
Шаңқобыз тілдік аспаптар тобына жатады. Бұл
аспап әртүрлі атпен (Варган, темір қомыз,
шаңқобыз және басқалары) көптеген халықтарда,
кездеседі. Ол якуттарда, тувалықтарда,
хакастарда, қырғыздарда, түркмендерде,
өзбектерде, қарақалпақтарда, дұнғанда, башқұрда,
қалмақтарда, украиндықтарда, орыстарда және
басқа халықтарда бар. Шаңқобыздың құрылымы
қарапайым. Ол кішкентай доға түрінде бастары
жіңішкеріп келетін темір аспап, бұл доғаға жұқа
темір серіппе бекітіледі. Шаңқобызды ерінге
қойып, ойнайды. Дыбыс серіппенің тербелісі
арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонаторын
атқарады. Шаңқобызды осы жүзжылдықтың 40
жылдарына дейін Қазақстанда кездестіруге
болады.
Сазсырнай

Сазсырнай — саздан
жасалған үрлемелі аспап.
Үні ашық, нәзік болады.
Сазсырнай Қазақстан
аймағындағы Отырар
қаласында жүргізілген
қазба жұмыстары кезінде
табылған. Ежелде бұл
аспап балалар мен
жасөспірімдер арасында
кеңінен таралған.
СЫБЫЗҒЫ
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық
үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол
халықтық музыкалық өнердің ажырамас
бөлігіне айналды. Сыбызғыны қуыс талдан
жасаған, одан үш саңылау ойған.
Сыбызғының оңай және тез жасалатынына
қарамастан, ойнау жеңіл болмаған.
Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты
болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса,
екінші дыбыс орындаушы-музыканттың
тамақты дыбысынан пайда болған.
Осы екі дыбысты қатар орындау
техникасын меңгерген адам сыбызғыда
ойнай алатын болған.
Домбыра
Домбыра — қазақ
халқының кең тараған
аспаптарының бірі.
Қазақстанның аймақтарына
байланысты күйлер «төкпе»
және «шертпе» дәстүріне
бөлінеді. Домбыра
аспабының пішіні де осы
орындаушылық мектептерге
байланысты жасалынады.
Домбыра күйлері — қазақ
хақының ішкі жан дүниесін
суреттейтін туынды
АНСАМБЛЬМЕН ОЙНАУ
Абай атамыздың әндерінен попури

1.«Көзімнің қарасы»
2.«Айттым сәлем Қаламқас»
3.«Желсіз түнде жарық ай»
4.«Қараңғы түнде тау қалғып»
5.Әсемпаз болма әрнеге»

Ұқсас жұмыстар
САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР
Күй өнері
ЖЕТІСУ КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ
Қорқыттың күйлерін ата
Соль нотасының сұрағы
Қой атасы кім
Құрманғазы шығармашылығы
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БІЛІМДІ ҰРПАҚТАРЫМЫЗ
АРҚА КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ
Баланың ұяты әкеге
Пәндер