Практикалық тапсырма орындау


Slide 1

10. 12. 2015ж Практикалық жұмыс

Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтау

Slide 2

Мақсаты

MS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтау түсінігін қалыптастыру, мәтінді форматтап дағдылану

Slide 3

Теориялық мәлімет

MS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтау

Мәтіндік ақпаратты енгізу, өңдеу, сақтау және баспаға шығару әркекеттерін тиімді атқаратын бағдарламалар мәтіндік процессорлар деп аталады.

Мәтіндік редактордың негізгі атқаратын қызметі:

•мәтін фрагменттерімен жұмыс - мәтінді енгізу, қиып алу, көшіру, қою, орнын ауыстыру;

•мәтінді редакциялау (редакциялау кезінде мәтінді өзгерту, өңдеу және толықтыру) ;

•мәтінді форматтау (мәтіннің келбетін өзгерту) .

Мәтінді форматтау дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу (оформление) бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады.

Slide 4

Мәтінді форматтау әдістері:

шрифт гарнитурасын өзгерту (шрифт аты) ;

шрифтің өлшемін (размерін) өзгерту;

- шрифт түсін өзгерту;

- шрифт начертаниесін өзгерту (жартылай қарайтылған, курсив, асты сызылған) ; - мәтінді туралау (ортасы, оң жақ, ені, сол жақ шеті бойынша туралау) ; - абзац орнату; - тізім жасау (маркерленген, нөмірленген) . - колонкаға бөлу;

стилін өзгерту;

беттің параметрлерін орнату;

- бетті нөмірлеу;

- колонтитулдар қою және т. б. ;

MS Word

Slide 5

Практикалық тапсырма орындау

Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтап, әрбір компьютер жанындағы жұмыс журналын толтырыңыз.

Microsoft Word офистік бағдарламасын Пуск - Все программы - MS Office - MS Word командасын орындау арқылы іске қосыңыз. Практикум 1, 2, 3 тапсырмаларын орындаңыз. Тапсырмалардың барлығын бір құжатта сақтаңыз (өз бумаңызда) .

Slide 6

Практикум 1 «Адасқан әріптер» - жеңіл деңгей (7 мин)

Берілген ағылшынша сөздердің дұрыс жазылуын тауып, оны қазақшаға аударып, форматтаңыз.

lepAp -

oWdr -

eNobotok -

Ria -

plepeo -

Үлгі: Book- кітап

Slide 7

Практикум 2 Орташа деңгей (10 мин)

Мәтінді форматтау әдісі - нөмірленген, маркерленген тізім құру, мәтінді туралау, мәтінді граница/ жақтаумен қоршау.

/Өлеңнің әр жолы алдына Enter батырмасын басыңыз/

Ана тілі

Ана тілің ­ арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Практикум 2 тапсырмасын орындауға методикалық нұсқау.

Өлең мәтінін теріңіз. Өлеңді белгілеп алып, беттің ортасы бойынша туралаңыз.

Өлеңнің алғашқы екі жолына нөмір орнатыңыз. Ол үшін: Алғашқы 2 жолды белгілеп алып, Главная - Абзац - Нумерация командасын орындаңыз. Главная - Абзац - Маркеры жолымен келесі 2 жолды маркерлі тізіммен белгілеңіз.

Өлеңге жақтау орнатыңыз. Ол үшін: өлеңді ерекшелеп алып, Разметка страницы - Границы страниц командасын орындаңыз. Өзіңізге ұнаған жақтауды орнатыңыз.

Дайын болған жұмысты Office батырмасы - сохранить немесе Быстрый доступ панеліндегі дискета суретіне басыңыз.

Slide 8

Практикум 3 Күрделі деңгей (15 мин)

Мәтінді форматтау әдісі - абзацты орнату, жоларалық интервал орнату, мәтінді түралау, колонкаға бөлу.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі - Елтаңба

Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы - отбасы ошағын бейнелейді.

Елтаңбаның екі жағында қатты пырақ бейнеленген. Ол халықтың рухани байлығының белгісі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болу керек.

Елтаңба авторлары - сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Slide 9 Slide 10

Практикалық жұмыс бойынша есеп

Практикақ жұмыс орындау барысында

“не үйрендім?” деген сұраққа 3-5 сөйлеммен қорытынды - жауап жазыңыз

Өткен сабақта MS Word мәтіндік редакторында мәтінді редактрлеу, бүгінгі сабақта мәтінді форматтау тақырыптарын өттік. Осы тақырыптар арасында қандай байланыс, ұқсастық бар деп ойлайсындар? Ұқсастық бар болса, венн диаграммасы арқылы көрсетініздер.

Slide 11

Бекіту сұрақтары

Форматтау дегеніміз не?

Форматтау әдістері қандай?

Slide 12

Мәтінді туралайтын батырмалардан тұратын асқабақтарды жина!

Slide 13

Шрифтті форматтау амалдарын көрсет (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)

Slide 14

Үйге тапсырма

MS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтау тақырыбын оқу. Информатикадан 30 сабақ. Е. Қ. Балапанов, Б. Б. Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов. Алматы, 2005ж. 202-214 бб.

Кроссворд шешу

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Сабақ соңында оқушылар
Практикалық тапсырмалардың түрлері, орындау тәсілдері
Екі жақты ойын: Қол добы
Турбо Паскаль программалау ортасы
Кесте қою
БОЛДЫРМАУ КОМАНДАСЫ
Пішінге екі басқару элементін орналастыру
Практикалық сабақ
EXCEL программасында диаграмма құру туралы
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz