Метеорологиялық элементтерді өлшеу және талдау: оқу-әдістемелік сабақ жоспары


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Метеорологиялық элементтерді өлшеу

Slide 2

I сабақ.

Сабақ басында: (5 мин)

Ұйымдастыру кезеңі. Атмосфералық құралдардың атаулары арқылы оқушыларды топқа біріктіру, құрал жайында ақпарат жасау. (флюгер, термометр, барометр, гигрометр )

Slide 3

Оқу мақсаттары:

«Метеорология » ұғымын түсіндіру;

Жекелеген метеорологиялық элементтерді сипаттап, зерттеу маңыздылығын түсіндіру (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын- шашын, ылғалдылық)

Slide 4

Дескрипторлар

1. Метеорологиялық элементтерді біледі, әр элементтің маңыздылығын сипаттай алады.

2. Метеорологиялық құрал-жабдықтарды атайды, қолдану мақсатын түсінеді.

3. Есептік көрсеткіштермен жұмыс жасай алады.

4. Климаттық карталарды талдай алады.

Slide 5

Метеорология - атмосфералық құбылыстар мен ауа райы картасын жасаумен айналысатын ғылым (грек. meteora - атмосфера мен аспан құбылыстары және . . . логия) . Метеорология атмосфераның құрамы мен құрылысын; жылу айналымын, жылу режимін, т. б. зерттейді. Метеорологиялық элементтерге : қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын- шашын, ылғалдылық)

Slide 6

Тапсырма 1. Жұптық жұмыс. (5 мин) . Берілген сөздерді кестеге дұрыс орналастырыңдар: температура, жылу белдеулері, мұхиттың ықпалы, қысым, жел, тұман, жер бедері, күн радиациясы, ылғалдылық, ауа массалары, жауын-шашын, географиялық орны.

Ауа- райын анықтайтын элементтері, құбылыстары

Климатты қалыптастыратын факторлар

Slide 7

Ауа райын қалыптастыратын факторлар

Климатты қалыптастыратын факторлар

Ауа-райының элементтері мен құбылыстары

Климат қалыптастырушы факторлар

Температура

Ылғалдылық

атмосфералық қысым.

жауын-шашын

Жел

тұман

бұлт

географиялық орны

жылу белдеуі

мұхиттың ықпалы

Күн радиациясы

жер бедері

Slide 8

Тапсырма2. Топтық жұмыс (15мин) . Мәтінді пайдаланып төмендегі ауа райының элементтеріне сипаттама жасаңдар:

1 топ: Жел

2 топ: Қысым

3 топ: Температура

4 топ: Ылғалдану

Деректерге 2 сұрақтан құрастырыңдар. Сұрақтар келесі сөздерден болуы тиіс: «Неліктен?», «Не?», «Қашан?», «Неге?», «Не үшін?», «Қандай мақсатпен?».

Оқушылардың жұмыстарын қорғауы. (10мин) .

Топтық және мұғалімнің бағалауы. (5мин) .

Slide 9

II сабақ.

Тапсырма1. Жеке жұмыс: Берілген кестені толықтырыңдар. (5 мин)

Ауа райының элементтері

Өлшейтін құралдар

Өлшем бірліктері

Ауа температурасы

анемометр

Солтүстік-шығыс

қысым

гигрометр

Slide 10

Географиялық есептер шығару.

Slide 11

Тапсырма2. Жеке жұмыс. Дифференциациялық тапсырма. (10мин) Температура, қысымға байланысты есептер шығару.

1. Бір тәулік ішінде әр 3 сағат сайын ауа температурасы 8 рет өлшенді. Онда мынадай көрсеткіштер көрсетілді:

-3, -5, -8, -10, -4, +4, +7, +2. Осы көрсеткіштерді ескере отырып тәуліктің орташа температурасын анықта?

Жауабы: Жеке қосып алып, 30-12= -17 -17 : 8 = - 2. 125⁰C

2. Теңіз деңгейіндегі атмосферадағы температура +19 °С болса, 4700 метр биіктіктегі нүкте температура қанша?

Жауабы: 4, 7км х 6= 28. 2 19-28. 2= - 9. 2⁰ C

3. Үлкен Боқтыбай шыңының биіктігі - 657м болса, атм. қысым нешеге тең? Жауабы: 657м :10 = 65. 7 760 - 65. 7 = 694. 3мм сын. б.

4. 3280 м биіктіктегі атмосфералық қысымды анықта .

Жауабы: 3280 : 10 = 328 760- 328= 432 мм. сын. б.

Slide 12

Тапсырма 3. Топпен жұмыс: Картамен жұмыс. Оқушыларға әртүрлі климаттың элементтеріне байланысты жасалынған карталар беріледі. (20мин) .

A. Бұл карта қандай құбылысқа арналып жасалған деп ойлайсыңдар?

В. Оның жасалған себебін көрсететін картадағы қандай белгілер дәлел бола алады?

С. Өз бақылауларыңның негізінде маңызды деп санайтын 1 нәрсені көрсетіңдер.

Slide 13

Кері байланыс: (5 мин) " Қайық" - оқушылар қайықтың желкенін түстермен бояу арқылы сабақты меңгергендіктерін түсіндіріп өтеді.

Бағалау. Үйге тапсырма: Метеорологиялық элементтерді пайдаланып, әңгіме құрастырып келу.

Slide 14

Гигрометр

Барометр-анероид

Сұйықтық барометр

Slide 15

Осодкомер

Қар өлшегіш рейка

Облакомер

Slide 16

Анемометр

Флюгер


Ұқсас жұмыстар
Оқу жоспары мен сабақ жоспарлаудың әдістемелік негіздері
Хабарлы сөйлем: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Солтүстік Американың табиғат зоналары: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Уақыт және оның өлшем бірліктері: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Биология пәнінде этнопедагогикалық элементтерді қолданудың әдістемелік негіздері
Құрақ құрау технологиясы: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Microsoft Word редакторы: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Кедей поэмасын оқу және талдау сабақ жоспары
Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Excel бағдарламасында диаграмма құру: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz