БАЛА ТҰРАРҒА МІНЕЗДЕМЕ


Slide 1

№268 орта мектеп

6 «А» сынып

АШЫҚ САБАҚ

«Тұтқын бала»

(«Қызыл жебе» романынан үзінді)

«БАЛА ТҰРАРҒА МІНЕЗДЕМЕ»

Slide 2

Үйге берілген тапсырма:

«Тапқырлар» тобының тапсырмасы: Шығармадан мақал-мәтелдер, афоризмдерді табу

«Зерттеушілер» тобының тапсырмасы: Тұрар Рысқұлов жайында мәлімет жинақтап, шығармамен байланыстыру

«Суреткерлер» тобының тапсырмасы: Оқиға желісіне байланысты сурет салу

Slide 3

БЛИЦ СҰРАҚТАР

Slide 4

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Slide 5

Тұрардың әкесі қандай қылмысы үшін түрмеде жатыр?

1

Slide 6

Тұрар түрмеде жатып қандай жұмыстарды жасайды?

2

Slide 7

Ат айдаушы баланың арманы не?

3

Slide 8

4

Тұрарды надзирательдің таяғынан кім құтқарып қылды?

Slide 9

5

Түрмедегі соңғы түні әкесі балаға қандай ақыл-өсиет айтты?

Slide 10

6

Алғаш мектепке барғанда Тұрардың тегі кім болды және не себепті?

Slide 11

7

Атамырза Тұрардың шынтағындағы тесікке күлгенге қандай жауап алды?

Slide 12

8

Мектеп бітіру куәлігінде Тұрардың тегі кім болып жазылды және не себепті?

Slide 13

9

Александр Бронников кім?

Slide 14

Ойын

Мені тап!

Ортаға оқушы шығады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған қағаз жапсырылады - қатысушыға сыныптағы оқушылар сол сөзге қатысты тұспалдап сөйлемдер жасырады

Slide 15

Ақпанның жиырма төрті

Сынып жұмысы

«БАЛА ТҰРАРҒА МІНЕЗДЕМЕ»

Тұрар Рысқұлов

(1894-1938)

Slide 16

3

2

1

Керегін таңда

Slide 17

2

Аркаша

3

Атамырза

1

Бала Тұрар

Slide 18

Бала Тұрарға мінездеме

қарапайым

намысшыл

білімге құштар

әділетсіздікке төзбейді

тегін қалпына келтіреді

зерек

әкесін құрметтейді

ақылды

ұлтының ұлы

Балалықпен ерте қоштасқан

Әкесінің жолын қуушы

сабырлы

Slide 19

Белсенді кейіпкер

Тасадағы кейіпкер

Кесте толтыру

Slide 20

Жағымды кейіпкер

Жағымсыз кейіпкер

Slide 21

1894 жылы

Алматы облысының Талғар ауданындағы Бесағаш ауылында дүниеге келген

1907 - 1910 жж

Меркедегі туыстарына барады. Орыс - қазақ мектебін үздік бітіреді.

1910 - 1914 жж

Бішкектегі бау - бақша мектебінде оқиды.

1915 ж

Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі.

1916 ж

Ұлт - азаттық көтеріліске қатысады.

1917 - 1918 жж

21 жаста Түркістан республикасында аштықпен күрес орталық комиссиясының төрағасы болды.

1924 ж

Монғолияға өкіл етіп жіберілуі.

1932 - 1933 жж

Қазақ халқының жер бетінен жойылып кетпеуі үшін бел буып күресті.

1938 ж

Сталиндік жазалаудың құрбаны болады

Хронологиялық кесте

Тұрар Рысқұлов

(1894-1938)

Slide 22 Slide 23

БАЛА ТҰРАРДАН - Түркістанның ұлы қайраткері

Тұрар Рысқұловқа дейін

Ерте үзілген балалық

Халқымыздың аяулы перзенті, көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов қазіргі Алматы облысы, Талғар ауданында 1894 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келген. Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы кәнігі аңшы, шабандоз, көкпаршы адам болған. . Отбасын асырау қамымен аңшылық жасап, өмірінің көп бөлігін тау-таста өткізген Рысқұл XIX ғасырдың 80-жылдары жергілікті билеушілердің озбырлығы салдарынан елден шеттеп, Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы) Жетісу өңіріне көшіп келген. Бірақ жаңа қонысында да көптеген әділетсіздіктерге душар болған. Осы жағдайды Тұрар өзінің бір еңбегінде: «Ол кездегі қазақтан белгіленген патша әкімдері әдісінің бірі - әлсіз рудың адамдарын әлді рудың малын ұрладың деп өтірік қаралау, нашарлардың қанын сүліктей сору еді.

"Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ" журналы №10(22) 2011 жыл

Slide 24

Бұл әдісті жергілікті болыс менің әкем Рысқұлға да қолданды. Әкем жергілікті әкімдердің қорлығына шыдай алмай, Күншығыс Талғар болысының управителі Саймасай Үшкемпіровті атып өлтіреді», - деп баяндаған. Анасы сәби күнінде қайтыс болып кеткен Тұрар әкесі істі болып, түрмеге жабылғанда небәрі 11 жаста екен. «Қанға - қан, жанға - жан» деп дүрліккен болыстың туыстары «Ардақты адамымыздан айырған сұмның жалғыз ұлын бауыздап, кегімізді аламыз» деп Тұрарды өлтірмекші болғанда төңіректегі ел ара түсіп, әрең аман алып қалады. Мұны естіген Рысқұл түрме бастығы Приходькоға қайта-қайта өтініш айтып жүріп, Тұрарды қасына алады. Әуелде түрменің ауласын сыпырған Тұрар артынан Приходьконың баласын күймемен гимназияға таситын болады. Күндіз осындай жұмыстарды атқарып, кешке әкесінің жанына келіп жатып жүреді. Рысқұлмен бірге түрмеде жатқан революционер Александр Бронников Тұрардың қайсар мінезін, алғырлығын байқап, оған назар аудара бастайды, орысша сауат ашқызып, жазу, сызу үйретеді.

Соттың үкімімен әкесі Иркутскіге 10 жылға жер аударылғаннан кейін Тұрар қарындасы Түйметай екеуі өгей шешесі Ізбәйшәнің қолында өседі. Олардың өсіп-жетілуіне Ізбәйшәнің ағасы Қырғызбай мен Рысқұлдың інісі Молдабектің де көп көмегі болады. Балалық шағын еске ала отырып Тұрардың өзі кезінде: «Бір күні Қырғызбай атам маған етік әкеліп берді. Қыста киетін етігімді үйге қойсам, біреу ұрлап кететіндей көрініп, балалармен ойнасам да, мал бақсам да жаз бойы тастамай мойныма іліп жүрдім», - деп жазған екен. Қиыншылықтың дәмін осылайша бала кезінен татып өскен Тұрардың бойында әлеуметтік әділетсіздікпен қоса, ұлттық езгіге қарсы күрес рухы да ерте оянады.

Slide 25

Бала Тұрар

Ортақ

Тұрар Рысқұлов

Венн диаграммасы

Slide 26

Сергіту сәті

Slide 27

Кейіпкерге хат

Slide 28

Рефлексия (Стикерге өз ойларыңды жазып жапсыру)

Шығарма несімен ұнады?

Сүйікті кейіпкерің?

Жасалған қорытынды.

Slide 29

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

«Әке көрген оқ жонар»

«Жақсы бала жеткізеді мұратқа»

тақырыбында Бала тұрардың өмірімен

байланыстыра отырып ой толғау


Ұқсас жұмыстар
Оқиғаның шиеленісі
ҚОЖА ҰҚСАСТЫҚТАР ЖАНТАС
Ана тілі 4-сынып "Бала Мәншүк". Презентация
Қар құрастыру
Азаматтық қарым қатынастарды реттейтін құжат талапарыз
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі
Аңыз - әңгімелер
Жекелік қасиеттердің психодиагностикасы
Тұрар Рысқұлов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz