Электр тогы мен электр қозғаушы күш: Ом заңы, тізбектің ішкі және сыртқы бөліктері және тізбектей мен параллель қосылу


Slide 1

Үйге берілген тапсырма

Электр тогы, ток күші дегеніміз не?

Электр тогы бар болу үшін қажетті шарттарды және ток әсерлерін ата.

Электр қозғаушы күш дегеніміз не?

Қалай белгіленеді? Формуласын жаз.

4. Тізбек бөлігіне және тұйық тізбекке

арналған Ом заңы қалай жазылады

және қалай тұжырымдалады?

Slide 2

Электр тогы -

зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы

Ток болуы үшін қажетті шарттар

Еркін q бар болуы (иондар, электрондар)

Эл. өрісінің бар болуы

(ток көзінен пайда болады)

Ток әсерлері

жылулық

магниттік

химиялық

Slide 3

Электр қозғаушы күш

Slide 4

Тізбектің ішкі және сыртқы бөліктері, осы бөліктердегі кернеу. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

№2 зертханалық жұмыс “Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды зерттеу”

Slide 5

Нені білу керек?

Тізбектің ішкі және сыртқы бөліктерін

Бөліктердегі кернеуді

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосудың формуласын, тізбекті сызба түрінде сыза білуді

Өмірде қолданылуын

Slide 6

электр тізбегі

Олардың шартты белгілері

Slide 7

Тізбектің ішкі және сыртқы бөліктеріне не жатады?

Тұйық электр тізбегі сыртқы және ішкі бөліктерден тұрады. Сыртқы тізбек abcd, тұтынушылар немесе R кедергісі бар жүктеме д. а. әр түрлі аспаптар мен құрылғыларды қамтиды. Ішкі тізбек ad ток көзі болып табылады.

R

b c

F

a d

.

Slide 8

бөліктердегі кернеу немесе кернеудің түсуі

Кернеу U әрпімен белгіленеді.

Тізбектің кез келген бөлігіндегі кернеу, сол бөліктің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.

Тізбектің бөлігіндегі кернеу осы бөліктің ұштарындағы потенциалдар айырымы мен оған әрекет ететін электр қозғаушы күштің қосындысына тең:

U = ∆φ + ε

Тізбектің ток көзі жоқ бөлігінде ЭҚК болмайды (ε = 0) .

Тізбектің мұндай бөлігіндегі кернеу потенциалдар айырымына ғана тең болады:

U = ∆φ = φ - φ

2

1

Slide 9

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Slide 10

1- жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда

U1 = IR1 U2 = IR2 I = I1 = I2

U = U1 + U2 = I(R1 + R2) = IR

U = IR

R = R1 + R2

Slide 11

2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.

Өткізгіштерді параллель жалғағанда

U1 = U2 = U

I = I1 + I2

1/R =1/R(1) + 1/R(2)

Slide 12

Өмірде қолданылуы

Трамвай, троллейбус, электр генераторлары, тоңазытқыш, теледидар, электржелдеткіш,

үй тұрмысында, т. б.

Slide 13

Есеп шығарғанда қолданылатын формулалар

Α = q·U I = q / t C = q / U

E = U/d I = U / R R = R1*R2 / R1 + R2

φ = E/d q = mg / E ε = Aб / q

Α = κ·q/r R = ρɭ / S

Slide 14

Есептер шығару

1. Егер конденсаторға заряд 4 нКл және сыйымдылығы 2000 пФ болса, онда оның астарларының арасындағы кернеу қандай болады?

2. Электр шамының қыл сымынан 5 мин сайын 540 Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай болады?

3. Электр үтігінің кернеуі 220 В жүйеге қосылған. Егер үтіктің қыздырғыш элементінің кедергісі 48, 4 Ом болса, ондағы ток күші неге тең болады?

4. Кедергілері 540, 270 және 135 Ом үш резистор параллель қосылған. Тізбектің жалпы кедергісін табыңдар.

Slide 15

№2 зертханалық жұмыс

“Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды зерттеу”

Жұмысты компьютердегі электрондық оқулық бойынша жасаймыз

Үйге тапсырма §55-56, қосымша есеп шығару.


Ұқсас жұмыстар
Электр тогы мен кернеу: Ом заңы, өткізгіш кедергісі және тізбектік жалғаулар
Электр тоғы мен Ом заңы: өлшеу құралдары, формулалар және тәжірибелік тапсырмалар
Тұрақты электр тоғы: Ом заңы, Кирхгоф ережелері және Уитстон көпірі
Резисторларды тізбектей және параллель жалғау: Ом заңы және тізбектерге есептеулер
Тұрақты электр тогы: ток, э.қ.к. және кернеу, Ом заңы, Джоуль-Ленц заңы және Кирхгоф ережелері
8-сынып физикасы: Электр тогы, ток көздері және Ом заңы
Тұрақты электр тогы: сипаттамасы, ток тасушылары, Ом және Кирхгоф заңдары, Джоуль-Ленц заңы мен газдық разряд
Тұрақты ток: пайда болу шарттары, электр қозғаушы күші және тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Электр тізбек түрлері және Ом заңы: онлайн сабақ жоспары
Тұрақты электр тогы: ток, кернеу, кедергі және электр энергиясының шығынын есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz