Кәмшат қыз


Slide 1

Жыр патшалығының алыбы - Жамбыл

Slide 2

Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға Ж. Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.

Slide 3

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта:

а) Ж. Жабаевтың портреті

ә) Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер

б) «Жамбыл» тірек - сызбасы

Slide 4

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Slide 5

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Slide 6

“Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы”

бейне сюжет

Slide 7

Жамбылдың шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады:

1. Байларды, халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайтын өлеңдері. Мысалы: “Сәт сайланарда”, “Мәңке”, “Шалтабайға”. 2. Ұлы Отан Соғысы жылдарында жазылған өлең-жырлары. Мысалы: “Ленинградтық өренім”, “Аттандыру”, ”Отан әмірі”, “Ата жаумен айқастық”, “Өмір мен өлім белдесті”. 3. Айтыстары. Мысалы: Айкүміспен, Бұрым қызбен, Сарамен, Сарбаспен, Досмамбетпен, Құлмамбетпен, Шашубай және т. б 4. Дастандары: “Өтеген Батыр”, “Сұраншы Батыр” «Өтеген батыр» дастаны.

Slide 8

«Айтыс ақыны»

Жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудің дүлділ ақыны Сүйімбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал-құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүмүс, Бақтыбай, Досмағанбет, Құлманбет сияқты ақындармен айтысқа түскен. Бұлар ғана емес қырғыздың Тыныбек, Қалығұл, Найманбай сияқты ақын -жыраулармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поэзиясынан тағлым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі.

Slide 9

«Жамбыл - фольклоршы ақын»

Жамбыл тек төкпе ақын емес, сонымен қатар тамаша жыршы да, күйші де болған. Ол қырғыздың әйгілі «Манас», түрікменнің «Көрұғлы», шығыстың «Ләйлі-Мәжнүні», «Жүсіп-Зылиха», т. б. жыр - қиссаларын жатқа сағаттап, тіпті тәулік бойы талмай жырлайтын болған.

Slide 10

«Сатиралық өлеңдері»

Бұл ащы сын, өткір мысқылға толы өлеңдер. Ақынның бізге жеткен алғашқы («Шағым») өлеңінен бастап өмірінің соңында шығарған әзіл-сықақ, ажуаларына («Әке -әзілі») дейінгі аралықтағы шығармашылығында сатиралық күш бәсеңсіп көрген емес. Ақын назарына іліккен ұнамсыздықтар күлкілі өлеңге айналмай қалмаған.

Жамбылдың үлкен сатирашы ақын екені оның «Кәдірбайдың төбеті», «Кәкімге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Есенәлі мешкейге» сияқты өлеңдерінен-ақ айқын сезіледі.

Slide 11

Отаншыл өлеңдері

Атаның әлдиі

Балаларға

Балама хат

Бесік жыры. Жастық жыры

Жаңа жыл

Жаңа жыл сәлемі.

Жеңіс жырын сайраңдар.

Жүз жасаған жүректен

Ленинградтық өренім.

Шәкірт балаларға.

Октябрь толғауы

Сыйлық.

Туысқан ел.

Халық туысқандығы.

Өнердің өсуі

Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22

Мұхтар Әуезов Жамбыл бастаған ақын, жазушылар арасында. 1936 жыл.

Slide 23 Slide 24 Slide 25

ІІІ. Бекіту

1. Білім

Slide 26

Тест сұрақтары:

1. Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді? А) 1845ж. Шығыс Қазақстанда В) 1846ж. Әулие ата өңірінде. С) 1848ж. Орталық Қазақстанда. Д) 1847ж. Көкшетау облысында. 2. Жамбылдың шығармасы. А) ``Сұраншы батыр`` В) ``Қыс`` С) ``Сағындым`` Д) ``Жүйрігім`` 3. Жамбылдың ұстазы кім еді? А) Абай В) Тезек төре С) Cүйінбай Д) Шашубай 5. Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндейді? А) Білімге В) Еңбекке С) Жалқаулыққа Д) Ерлік пен туған жерді сүюге. 6. Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды? А) 1945ж 99 жасында. В) 1946ж 100 жасында. С) 1947ж 101 жасында. Д) 1949ж 102 жасында.

Slide 27

2. Түсіну

Жамбыл өлеңдерін мәнерлеп оқу

Slide 28

3. Қолдану

Жамбыл өлеңдерінің жазылу тарихы мен тақырыптық ерекшелігіне талдау жасау.

І топ “Мәңке туралы ”

ІІ топ “Кәмшат қыз”

Slide 29

Мәңке туралы

Жанғойлық болысы пысық келеді,

Мұрындары пұшық келеді.

Екі арадан ептеп жерінде,

Көздерін кысып келеді.

Сөздерін ұзарта келеді,

Өңешін қызарта келеді.

Өнімі азырақ жерде,

Үстіне тұз арта келеді.

Ыңыранып отырып алады,

Әр алуан қырға салады.

Ақыры құдай жарылқап,

Қалталарын толтырып алады.

Slide 30

Мәңке туралы

Slide 31

Кәмшат қыз

Slide 32

Кәмшат қыз

Кермиық Кәмшат қыздың көрдік көркін,

Қоңдырған шекесіне құндыз бөркін.

Секідді алтайы түлкі сылаң қағып,

Шеніне келтірмейді-ау емін-еркін!

Қырандай қияннан-ақ ілер едім,

Қырқада қызыл жүзін бұрса бертін.

Шаң жұқпас шашасына саңлақ едім,

Сан жерде шаршы төске самғап едім.

Жұртшыдай жұрт торымай, алысқа ұшып,

Алатын тоятымды таңдап едім.

Айдынның ақ шортанын жібермейтін,

Жасымнан жаза баспас қармақ едім.

Болғанмен сыртым қораш, ішім сұлу,

Сол ғана тұла бойға берген жылу.


Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету
Кім жылдам
ҮСТІНЕН КИЕТІН КИІМ АТАУЛАРЫ
Ақынның қазақ әдебиетіндегі орны
Қазақ халқы әйелдерінің ұлттық бас киімдері
Жануарлар дүниесін қорғау
Мәліметтерді фильтрациялау
Ф. Оңғарсынова. Әже. 2- сынып, ана тілі
Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрілігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz