Өндірістің жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі: еңбек факторы, кадрларды басқару және еңбек нормалау


Slide 1

Өндірістің жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі

Орындаған: Нұрат Гүлназ

Тапсырған:Абуталипова Жұлдыз

Slide 2

Жұмыс күші факторының маңызы мен мәні;

Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі

Slide 3

1. Өнімнің құрылуы әр уақытта кәсіпорындарда қызмет істейтін адамдармен тікелей байланысты. Жұмыс күші - бұл адамның дене және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның жұмысқа деген алғырлығы. Нарықтық экономикада еңбек ресурстарының маңызы арта түседі. Өндірістің инвистициялық бағыты, ғылыми техникалық прогресстің соңғы нәтижелерін қолдану, өнім сапасының арттыруы еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп жоғарғы дәрежедегі мамандар дайындауға ықпал жасайды.

Slide 4

Еңбек ресурстарын басқару дегеніміз - жұмысшылардың еңбек функциясын атқаратын кезде өздерінің барлық мүмкіншіліктерін барынша жоғарғы сатыда қолдануына әсер ететін принциптер мен әдістерінің жиынтығы. Кәсіпорындар кадрларды басқаратын негізгі бөлімше кадрлары бөлімі деп аталады. Олар жұмысқа алу, жұмыстан шығару, жұмысшыларды оқытуды ұйымдастырады, іс-қағаздарын дайындау және т. б. көптеген функцияларды атқарады

Slide 5

Кадрларды жұмысқа қабылдаудағы маңызды құжат еңбек келісімі. Еңбек келісімі - жұмысқа алушы мен жұмысқа келуші адамның арасындағы келісім шарт. Онда жұмысқа кірушінің еңбек функциясы, жұмыс орны, қызметтік міндеттемелері, еңбек ақысының көлемі, жұмысқа кірген уақыты, мерзімі көрсетіледі.

Slide 6 Slide 7

Өндірістік процеске қатысуына байланысты кәсіпорын жұмыскерлері екі топқа бөлінеді:

2. Өндірістік емес. Өндірістік емес жұмыскерлерге қызмет көрсетуге тікелей айналыспайтындар жатады. Оларға: кәсіпорынның қарамағындағы тұрғын үй шаруашылықтарының, балалар және дәрігерлік мекеменің қызметкерлерін жатқызамыз.

1. Өндірістік. Өндірістік жұмыскерлерге тікелей өндіріс пен оған қызмет көрсетушілер жатады.

Slide 8

Кәсіпорындағы кадрлар жағдайы мына коэфиценттер арқылы анықталады:

1. Кшк- жұмысшылардың жұмыстан шығып кету коэфиценті. 1. Кшк═ (Жжш/Ж) *100%

Жжш- жұмыстан шығып кеткен адам саны. Ж- кәсіпорын жұмысшысының орташа саны.

2. Кжқ- жұмысшыларды жұмысқа қабылдау коэфиценті. 2. Кжқ═ (Жжқ/Ж ) *100% Жжқ- белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа қабылданған жұмысшылар саны.

Slide 9

Кез келген еңбек ұжымында жұмысшылардың жалпы санына және кәсіпкерлік біліктілігіне сай әрқашанда өзгерістер болады: біреулері жұмыстан шығып жатса, біреулері жұмысқа кіріп жатады. Мұндай өзгерісті кадрлар ағымдылығы деп атайды.

Slide 10

2. Кәсіпорында еңбек процесін дұрыс ұйымдастыру үшін және қандайда бір жұмысты орындау үшін, қанша еңбек көлемі керек екендігін білу үшін еңбек нормасын анықтап алу керек. Еңбекті нормалау белгілі бір кәсіпорында, өндіріс саласында белгілі бір жұмысты немесе операцияны орындауға кеткен ең жоғарғы уақыт мөлшерін анықтау.

Slide 11

Еңбекті нормалау

1. Тәжірибелік статистикалық

2. Талдау.

Slide 12

Тәжірибелік статистикалық әдіс бойынша кәсіпорын іс жағдайы өткен уақыт жағдайымен салыстырылады. Ал талдау әдісі көбірек қолданылады және оған мынадай операциялар жатады:

Еңбек процесін зерттеп оларды элементтерге бөлу

Еңбек

шығындарына әсер

ететін факторларды анықтау

Нормаларды өндіріске енгізу

Жұмыс орнын жақсартатын шаралар жүргізу

Жұмысты орындауға кеткен уақытты есептеу

Slide 13

Талдау әдісі хронометраждан және жұмыс күнін суретке түсіруден тұрады.

Жұмыс күнін суретке түсіру белгілі бір уақыт аралығында жұмыс уақытын бақылап, ұзақтығын өлшеу арқылы еңбек уақытын анықтау, яғни жұмыс орнын дайындау уақыты, жұмысты бастау, аяқтау уақыты, үзіліс уақытын өлшеу.

Хронометраж бұл өндіріс процесіндегі операциялардың ұзақтығын айқындау және бақылау, өлшеу арқылы уақыт шығындарын есептеу әдісі.

Slide 14

Уақыт нормасы белгілі бір ұйымдық техникалық жағдайда шығарылатын өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалатын уақыт шығыны. Кәсіпорында еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады.

Slide 15

Еңбек өнімділігі деп өндіріс процесіндегі еңбектің тиімділігін айтамыз. Ол өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалатын уақыт мөлшері мен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.


Ұқсас жұмыстар
Өндірісті жұмыс күшімен қамтамасыз ету: жұмыссыздық теориялары мен түрлері, мемлекеттік еңбек саясаты және еңбек есебі
Еңбек ресурстарын талдау: қамтамасыз ету, жұмыс уақытын пайдалану, еңбек өнімділігі және еңбекақы қоры
Фармацевтикалық кадрларды таңдау және даярлау: аттестация, сертификаттау және еңбек қауіпсіздігі
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу жүйелері: еңбек ресурстары, еңбекті нормалау және тарифтік негіздер
Еңбек жүйесі: еңбек нарығы, еңбек тәртібі және еңбек демалысы
Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығы: еңбек шарттары, жұмыс уақыты және демалыс құқықтары
Еңбек және оның экономикалық мәні: еңбек нарығы, ұйымдастыру және еңбекақы
Еңбек ресурстары мен еңбек нарығы: құрылымы, пайдалану көрсеткіштері және жұмысбастылық
Еңбек ресурстарын басқару және жоспарлау: ҚазМұнайГаз тәжірибесі
Мейірбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен еңбек қорғау талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz